Қалқанша безі гермондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
Қалқанша безінің гипофункциясында кретинизм (балаларда ой-қимылының жеткіліксіздігі) және микседема (үлкен жастағы адамдарда семіздік, ісінулер, психикалық дамымаушылық) байқалады. Қалқанша безінің гормондары негізгі зат алмасуды реттеп, энергетикалық процесін күшейтеді, ұлпалардың жетілуін және өсуін күшейтіп, ұлпалардың оттегіге сұранысын жоғарылатады. Тиреоидты препараттар гипотиреозда, микседема, эндемиялық зобта, семіруде, кретинизмде, қалқанша безінің ісігінде қолданылады.
Thyreoidinum- тиреоидин (Б): 0,05; 0,1 және 0,2 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігінде 1-2 рет тәуліктің бірінші жартысында тамақтан соң ішуге белгіленеді.
L – Thyroxin – L – тироксин (Б): 0,0001 таб. шығарылып, 1-2 таб. белгіленеді.
Қиыстырылған препараттары: <<Тиреотом>>, <<Тиреокомб>>, <<Йодтирокс>>.
Жанама әсері: тахикардия, дене қызуының көтерілуі және терлеу байқалады. Тиреотоксикозда, қант диабетінде, Адиссон ауруында, едәуір азғындықта және коронарлы артерияның жеткіліксіздігінің ауыр түрінде қолдануға болмайды.
Эндемиялық (ауыз су мен тамақ өнімдерінің құрамында йодтың жеткіліксіздігінен туған) зобта (жемсау) йод препараттарын қолданады. Олар: калий йодиді – 0,0001 таблетка; йодбаланс, йодомарин, <<Антиструмин>> және т.б.
Қалқанша безінің гиперфункциясында (гипертиреоз, Базедов ауруы) қалқанша безі гермонының синтезін төмендететін антитиреоидты дәрілер қолданады. Антитиреоидтар – гормондардың синтезін азайтып, тироксиннің, трийодтирониннің негіздік алмасуын төмендетеді. Қалқанша безінің препараттары фосфор мен кальцийдің қаннан сүйек ұлпаларына өтуін қамтамасыз етеді. Антитиреоидты дәрілер уақытты шашыраңқы жемсауда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |