Есеп 1. Тиреотоксикоздың клиникалық көріністері бар екі науқаста радиоиммундық анализ көмегімен анықталған гормондар концентрациясының өзгерісі төмендегідей:
Т3 және Т4
Тиреотропты гормон
Тиреолиберин
Науқас А
Нормадан жоғары
Нормадан жоғары
Нормадан төмен
Науқас Б
Нормадан жоғары
Нормадан төмен
Нормадан төмен
Патологиялық процестің шоғырлануы туралы қандай қорытынды жасауға болады?
Тиреотоксикоз деген не?
Бұл аурудың даму себептері?
Келтірілген гормондардың синтезделу орны?
Есеп 2. Пациентте ұйқы безінің ісігі. Сондықтан инсулин синтезі жоғарлаған және онда келесі симптомдар байқалған: әлсіздік, шаршау, тершеңдік және өзін үнемі аш адамдай сезінеді. Неліктен жоғарыда келтірілген симптомдар дамиды?
Инсулиннің артық мөлшерінің зат алмасуына әсері
Осының салдары неге ми жұмысының бұзылысына әкелуі мүмкін?