Гормондар. Гипоталамус-гипофиз жүйесі. Метаболизмнің нейрогуморальды реттелуі туралы түсінік. Гормондардың жіктелуі. Гормондардың әсер етуінің екіншілік механизмі. Гипоталамус-гипофиз жүйесінің гормондары және олардың нейроэндокринді реттелудегі


Адамның хорионды гонадотропині (хгч)



бет4/5
Дата06.12.2022
өлшемі309,95 Kb.
#161526
1   2   3   4   5
Байланысты:
каз РЗЧ гипофиз, гипоталям гормондары

Адамның хорионды гонадотропині (хгч)

  • Плацента жасушаларымен синтезделетін гликопротеин. Ұрықтанған жұмыртқаны жатырдың эндометриясына қосқаннан кейін көп ұзамай қан мен зәрдегі ХГЧ мөлшері артады. Сондықтан оның мөлшері жүктілікті диагностикалау әдістерінің негізінде жатыр

Тиреотропты гормон (ТТГ)

  • Химиялық табиғаты бойынша гликопротеин.
  • Нысана-жасушалар: қалқанша безі фолликула қабырғасының жасушалары және адипоциттер
  • ТТГ қалқанша безінің жасушаларының плазмалық мембранасындағы арнайы рецепторларымен байланысады және аденилат циклазасын белсендіреді. Ц-АМФ-тің жоғарылауы тиреоидты гормондардың биосинтезін ынталандырады (Т3, Т4). Бұл әсер бірнеше минуттан кейін байқалады. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді әсері де қалыптасады. Бұл тиреоидты жасушалардың мөлшері мен санының артуымен байланысты. ТТГ секрециясын реттелуі, өз кезегінде, гипоталамуста бөлінетін тиролиберинмен (трипептид) бақыланады

АКТГ

  • АКТГ – 39 аминқышқылынан туратын полипептид
  • Бүйрек үсті безінің өсуі мен қызметін реттейді. АКТГ бүйрек үсті безінің кортекс жасушаларының рецепторларына қосылып, аденилат циклазасының белсенділігін және ц-АМФ түзілуін арттырады, бұл холестерин эфирлерінің прегненолонға, содан кейін глюко - және минерокортикостероидтарға айналуын күшейтеді. АКТГ арқылы ц-АМФ синтезі, липолиз стимулденеді
  • АКТГ артық түзілуі кезінде (гипофиз ісігі) Кушинг синдромы байқалады. Ол сипатталады:
  • теріс азотты, калий және фосфор балансымен;
  • Nа шығарылуының бұзылуымен, қан қысымының жоғарылауымен, ісінумен бірге жүреді;
  • глюкозаға толерантық бұзылуы және қант диабетінің дамуы;
  • плазмада БМҚ жоғарылауы;
  • эозинофилдер мен лимфоциттер санының азаюы

Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары (вазопрессин және окситоцин)

  • Гормонның екеуі де нанопептид болып табылады
  • Вазопрессин: Цис – Тир – Фен – Гли – Асн – Цис – Про – Арг – Гли
  • Окситоцин: Цис – Тир – Иле – Гли – Асн – Цис – Про – Лей - Гли


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет