1.3 Әліпбидегі әріптің аттары
Қазіргі жазуымызда қайта қарай отырып, негіздей түсетін нәрсе –
әліпбидегі әріптердің аты.
Жазудағы әріптердің атын алдымен екі топқа
бөліп қарау қажет тәрізді. Бірінші топқа жататындар – дауыстыларды
таңбалайтын әріптердің аты. Бұл топтағы әріптердің атауы негізінен ашық
буындағы дауыстылардың дыбысталуына сәйкес келеді.
А-на, ө-сір, ә-ке, е-
рік, ұ-сын, ү-кі
т.б. Дауыстылардың дыбыстық ортаға неғұрлым тәуелсіз
реңкі алдымен осындай ашық буында көрінеді. Осы реңктің әліпбидегі
әріптің атауы болып жұмсалуы дау тудыра қоймайды. Шешімі қиынырақ
көрінетін нәрсе – екінші топтағы әріптердің атауы. Қазіргі әліпбидегі
б
әріп
[бе],
г
– [ге],
ғ
– [ға],
д
– [де],
ж
– [же],
з
– [зе],
к
– [ка],
қ
– [қа],
л
– [эл],
м
–
[эм],
н
– [эн],
ң
– [эң],
п
– [пе],
р
– [эр],
с
– [эс],
т
– [те],
х
– [ха],
һ
– [һа],
ш
–
[ша] түрінде айтылады деп көрсетілген (Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі.
Алматы, 1963). Аталған сөздің кейінгі басылымдарында (1978, 1988)
әріптердің осы атауы беріліп жүр. Кезінде «затын алған соң атын да бірге
алайық», әріптердің орысша аталуы мен қазақшасы ұқсас болсын деген
ыңғайда осылай болып кеткен тәрізді. Бұл аталған әріптердің атын орысша
нұсқасымен салыстырсақ, сөздікте аталуын [бе], [ве], [ге], [пе], [че]; ал
қалғандарын [дэ], [ка], [эл], [эм], [эн], [пэ], [эр], [тэ], [эф], [ха], [цэ], [ша], [ща]
түрінде берген (Ожегов С.И. Словарь русского языка. М., 1960, 14-б.).
Ал соңғы жылдары, шыққан сөздіктерде [бе], [ве], [ге], [пе] дегендер,
[че] –ден басқасы [бэ], [вэ], [гэ], [пэ] түрінде беріліп, дауыссыздарды
білдіретін
барлық
әріптердің
атауы
бір
нұсқада
көрсетілген
(Орфографический словарь русского языка. М., 1986, 12-б.). Бұдан
байқайтынымыз орыс әліпбиіндегі дауыссыздарды таңбалайтын әріптердің
аты жуан фонемалардың дыбысталуына сәйкес алынған. Орыс әліпбиіндегі
әріптердің аттарында бірізділік бар, сонымен қатар олардың неге бұлай
аталатыны өзінен-өзі байқалып тұр.
Ал қазіргі әліпбиіміздегі әріптердің аты бір кездегі орысша нұсқамен
берілген күйде жүр: [бе], [ве], [ге], [пе] т.б. Сондай-ақ
ң
әрпінің атын [эң]; к
әрпінің атын [ка] деп беру ешбір қисынға сыймайды. Немесе әліпбидегі
д, б,
ж,
әріптерінің аты үшін [де], [же] делініп жіңішке дыбысталуы берілген, ал
л, р, қ, ғ, т.б.
әріптер үшін [эл], [эр], [қа], [ға] делініп жуан түрі берілген.
Әріптердің бұлай аталуында негіз бар екенін түсіну қиын.
Міне, мұндайлар әліпбидегі әріптердің аттарын, әйтеуір, келісе салу
жолымен емес, қалайда бір негізге сүйене отырып, олардың айтылуын бір
ізге түсіру қажет екенін көрсетеді.
Қазақ дауыссыздары әдетте жалаң түрде дыбысталмайды. Олар
дауыстылардың не өзінен бұрын, не соң айтылуына иек сүйей отырып, тоғыз
реңкте түрлене алады: [б] – [аб], [әб], [ыб], [іб], [ұб], [үб], [еб], [об] немесе
[ба], [бә], [бы], [бі], [бұ], [бү], [бе], [бо], [бө]. Өзге дауыссыздар да осы
тәрізді, тек [у] ғана езулік [ы], [і] дыбыстарымен айтылмайды да, өзге
дауыстылармен түрлене береді. Бұл жерде әріптің аты үшін ашық буын
түрін алудың мәні бар. Өйткені мұндай фонетикалық жағдайда дауыссыздар
неғұрлым тәуелсіз реңкте жұмсалады. Сонымен бірге жоғарыда айтылған
тоғыз түрленудің ішінен біреуін дауыссызды белгілейтін әріптің аты етіп алу
қажет. Мысалы, біздің аңғаруымызша, сол тоғыз түрленудің ішінен
фонетикалық жағдайға неғұрлым тәуелсізі – /бы/. Мұны анықтаудың ең
қиындығы жоқ: кез келген қазақ аудиториясына
бұл, бүл, бел, бөл, бор, бар,
бүр
сөздеріндегі мына бірінші әріпті жеке-жеке дауыстаңыз десе, бәрі дерлік
ол әріпті [бы] түрінде айтып береді. Мұндайды мектеп тәжірибесінен де жиі
байқауға болады: «Мұғалім кез келген бір оқушыға алфавитті оқытып
шығып, ол оқушының алфавиттегі әріптерді дұрыс айтты ма, әлде қате айтты
ма, соны бақылай, сол бақылаудың негізінде жаңа сабақты бастап жіберу
керек. Өйткені кейбір оқушылар б/бе, г/ге, с/эс, т/те, ф/эф деудің орнына
б/бы, г/гі, с/сы, т/ты, ф/фы деп қате айтады» (Қазақ тілін оқыту методикасы,
Алматы, «Мектеп», 1988, 62-б.). Шындығында, баланың әріптерді бұлайша
дыбыстауы дұрыс. Әріптердің атын бұлай айта отырып, оқушы сол дауыссыз
дыбыстың тоғыз түрленімінің ішінен неғұрлым тәуелсіз түрін тауып отыр,
сондықтан әріптің атауы да дәл солай болуға тиіс. Ал әріптердің [эс], [ка],
[эл], [эм], [эн], [эң] деген атаулары қысқарған сөзді былай қоғанда, қазақтың
кәдімгі жай сөздерін оқуға үйлеспейді.
Сонымен, белгілі бір дауыссыздың тоғыз түрлі нұсқасының ішінде
қалайда біреуі әліпбидегі сол дауыссызды білдіретін әріптің аты болуы
шарт.Ал дауыссыздың тоғыз нұсқасының ішінде неғұрлым дыбыстық ортаға
тәуелсізі осы дауыссызды белгілейтін әріптің атау ретінде алынуға тиіс.
Міне, осыны негізге ала отырып, әліпбидегі әріптердің аттарын былайша
атауға болады:
1.
б
– [бы],
ғ
– [ғы],
д
– [ды],
ж
– [жы],
з
– [зы],
қ
– [қы],
п
– [пы],
с
–
[сы],
ш
– [шы]:
2.
к, г
әріптері тек жіңішке дауыссызды таңбалайтын болғандықтан,
олар [кі], [гі] түрінде айтылады;
3.
Үнділерді білдіретін әріптер былайша бірыңғай аталуға тиіс:
а)
м
– [ым],
н
– [ын], ң – [ың], л – [ыл],
р
– [ыр]. Бұлай болатыны кейбір
үнділердің алдында селбеспе дауысты болады;
ә) тәжірибеге қарағанда
и
әрпі /ій/ түрінде жіңішке дыбысталады.
Кейбір оқушылардың
ми
деген сөзді (мій) деп оқитыны да сондықтан. Міне,
осындай негіздерге сүйене отырып, қазақ сөздерінің жазылуында
қолданылатын 26 (28) әріптің әліпбидегі атын былай деп алуға болады:
А – [а], Ә – [ә], Б – [бы], Г – [гі], Ғ – [ғы], Д – [ды], Е – [е], Ж – [жы], З –
[зы], И – [ій], К – [кі], Қ – [қы], Л – [ыл], М – [ым], Н – [ын], О – [о], Ө – [ө],
П – [пы], Р – [ры], С – [сы], Т – [ты], У – [ұу], Ұ – [ұ], Ү– [Ү], Ш – [шы], Ы –
[ы], І – [і].
Сонымен, бұл тарауда айтылғандарды түйіндей келгенде, қазақ
фонологиясын зерттеуде үш бағыт бар екенін байқауға болады. Біріншісі –
тоғыз дауысты мен он жеті дауыссызды жеке-жеке фонемалар деп акцентті
тілдердің дыбыс жүйесі ыңғайында қарастыратын фонология. Соңғы кездегі
зерттеулерде бұл акцентті фонология деп аталып жүр (Жүнісбеков Ә.
Жүсіпов М.); екіншісі – сингармофонология (осы аталған авторларда).
Сингармофонологияның, біздің байқауымызша, екі нұсқасы бар: а)
А.Байтұрсыновтың бес дауысты, екі әуезге (тембрге) құрылған фонологиясы;
Ә.Жүнісбековтің үш дауысты, төрт әуезге негізделген фонологиясы.
Жазу қалайда белгілі бір фонологиялық негізге табан тірейді. Қазіргі
жазу – акценттік фонологияға негізделген жазу. Бұл жазудың құрылысы
сөздің
жуан-жіңішке,
еріндік-езулік
әуезде
айтылуын
жеке-жеке
дауыстыларды әріппен белгілеу арқылы жүзеге асады. Латын әліпбиі жазуы
да осы акцент – фонологиялық жазуға жатады. Ал сингармофонологияға
табан тіреген жазуды сингарможазу деп атауға болады. Бұл жазудың басты
өзгешелігі сөздің жуан және жіңішке әуезі жеке-жеке әріптермен емес, бір
ғана дәйекші арқылы белгіленеді. Ал Жүнісбековтің үш дауысты төрт әуезге
құрылған фонологиясына негізделген жазудың өзгешелігі төрт әуез арнайы
әріптермен белгілебей, дәйекшінің әр түрлі қойылуы арқылы беріледі.
Сөйтіп, бұл жазулардың қай-қайсын болмасын жазудың фонологиялық
типіне,
фонемографиялық
подтипіне
жатқызуға
болады.
Ал
фонемографиялық жазудың өзін, а) акцентно-фонологиялық жазу, ә)
сингарможазу деп бөлуге болады. Ал сингарможазудың екі нұсқасы бар: екі
әуезге құрылған жазу (А.Байтұрсынов), төрт әуезге құрылған жазу жобасы
(Ә.Жүнісбеков). Енді осы тараудың басында айтылған Л.Р.Зиндердің
жазуларды топтастырған схемасына қайта назар аударып, оны әрі қарай
жалғастырсақ былай болып шығады:
Достарыңызбен бөлісу: |