интонация бірлігі айқын байқалмайтын болса, сөз ағымындағы синтагмалар
белгілі бір интонациямен айтылады, яғни олар не тиянақты, не тиянақсыз,
оның ішінде сұраулы, хабарлы, санамалау, лепті, қыстырма сөз, қаратпа сөз
интонацияларының бірімен айтылады. Мысалдағы мәтіннің бірінші сөйлемі
– 2, екінші сөйлемі – 3 синтагмадан құралған.
Енді сөз ағымының үлкен бөлігі
сөйлемге
көшейік. Сөйлем жоғарыда
айтылған барлық сөз бөліктерінен құрала алады. Сөйлемнің басты белгісі
сөйлем екпіні (таңбасы – [::::]). Ғылыми әдебиеттерде оны фразалық екпін
деп те атайды. Қазақ тілінде сөйлемнің соңғы буынына түскен фразалық
екпін мен сөйлем соңындағы дауыстың тынуы – кідіріс бір сөйлемнің ара
жігін екіншісінен айырып тұрады. Фразалық екпін сөйлемнің соңғы
буындарына түседі. Бірақ оның сандық көрсеткіштері басқа екпіндерден
күштірек болады. Осылай ерекшелену арқылы фразалық екпін түскен буын
тыңдаушыға қандай да бір тиянақты ойдың аяқталғанынан белгі беріп
тұрады. Сөйлемдердің ара жігін /// – «үш таяқша» таңбасымен көрсетуіміздің
себебі, олардың арасындағы кідірістің синтагмааралық паузадан көлемдірек
болатынымен байланысты. Сөйлем тұтас ойды білдіргендіктен, оның өзіндік
интонациясы болады. Ол қарым-қатынастың мақсатын білдіреді, яғни
сөйлемнің хабарлы, сұраулы, бұйрықты әлде лепті мәнмен айтылғандығы
сөйлем бойынан тұтастай көрінетін интонациядан байқалады. Сондай-ақ
сөйлемнің өң бойынан ғана көрінетін мұндай интонацияда сөйлеушінің
көңіл-күйі, айтылған ойы және сыйластық, салқын сыпайылық, енжарлық,
мысқыл, ризашылық, құрмет, күдік, күмән, сенімсіздік, үгіт т.б. сияқты
тыңдаушыға қатысы байқала алады.
Достарыңызбен бөлісу: