ғ, г, б дыбыстарына айналғандығы мәлім.
К дыбысына бітетін орыс
тілі сөздері де қазақ тілі қосымшаларын қабылдағанда осы заңдылыққа
бағынады:
гудок – гудогы, кубок – кубогы, механик – механигі, блок – блогы, полковник – полковнигі. Ал соңында
п, х дыбыстары бар сөздер де осы өзгеріске ұшырауға тиісті
болғанымен, бұл заңдылыққа бағынбайды. Мысалы,
укроп – укропы, принцип – принципі, окоп – окопы, тип – типі, шуруп – шурупы, сироп – сиропы, штрих – штрихі, цех – цехы, альманах – альманахы, шах – шахы. Мұндай
ерекшелік басқа да бірлі-жарым сөздерде кездеседі. Мысалы,
айтуға хақы бар дегендегі
хақ сөзінің соңындағы