Ескі жазба тіл
элементтері қазіргі әдеби тіл нормасынан тысқары
тұрады.
Фаһим
– «пайым»,
уәһим
- «уайым»,
жазғыл
– «жаз»,
айла
– «ет»,
«қыл»,
тоғра
– «тура»
екісі
– «екеуі»;
өле жазып
– «өле жаздап»,
жібергін
–
«жібер»,
бірін-бірін
– «біртін-біртін»;
ашық, мағшұқ
– «ғашық»;
намы
–
«заты, «аты, нәрсесі»;
жүрің
– «жүр»;
дәру
– «дәрі»;
зіңжір
– «шынжыр».
Бұлардың ескі жазба тілге тән дүниеліктер екенін елеп-ескермей, парқын
ажыратпай, оңды-солды жұмсау, әдеби тілдің мүддесімен үйлеспейді.
Әрине, журналист қаламы сөзге көнелік реңк беруді діттеп, орнымен
қолданып жатса, әңгіме басқа. Ондай мақсатты қолданысты оқырман,
көрермендер де іштей сезіп отырады.
5. Варваризмдер деп аталатын топқа әдеби тіл нормасында жоқ шет
тілдік сөздер жатады. Қайсыбіреулер
звонда, звонить, конечно
тәрізділерге
«бауыр басып» алады да, сөз арасында тықпалай береді. Бастапқыда
бейресми жағдайда, екеуара сөзде пәлендей оғаш көрінгенімен, жұртшылық
алдына шыққанда да, микрофон ұстағанда да әлгіндей сөздер тыңдаушысын
мезі етіп, жағымсыз әсер қалдырады. Варваризмдерді уәжсіз, мақсатсыз
қолдану тілдік түйсіктің, тілдік сананың төмен екенін көрсетеді.
Алайда республика, президент, сенат, финанс, банк т.б. тәрізді тілге
сіңісті болып, лексика-фразеологиялық жүйеден орын алған терминдер мен
атаулардың, әрине, орны басқа. Бұлар номинативтік қажеттіліктен туған,
әлеуметтік жағынан қолдау тапқан сөздер. Номинациялық мұқтажды өтеу
мақсатында қолданатын шеттілдік атаулар мен терминдердің әлгідей,
варваризмдерден, алабөтен сөздерден айырмасы жер мен көктей.
Кейде варваризмдердің көркем мәтінде, әсіресе кейіпкер тілінде
ұшырасып отыратыны белгілі жайттардың бірі. Жазушы қайсыбір
кейіпкерлерінің тілдік портретін жасап, даралау үшін ара-тұра бөгде тілдік
элементтерді қолданып, варваризмдерді эстетикалық қызметке жегеді, яғни
көркем шығарманың құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Мұндайда
қалауын тауып қолданған қаламгерді ешкім жазғыра қоймасы белгілі.
Сонымен «дұрыс» пен «бұрыс»-тың аражігін ажыратуда алдымен
«әдеби» мен «әдеби емес»-тің ен-таңбасын айқындап алу керек. Жоғарыда
бес топқа бөліп көрсеткен халық тіліндегі элементтер әдеби тілдің
қойнауынан сыртқары жатқан, әдеби тілдің «мүлкіне» жатпайтын, құрамына
кірмейтін әртекті (гетерогенді) элементтер көркем әдебиеттің тіл кестесінде,
публицистикалық шығармаларда, микрофон алдына стильдік эффект тудыру
тәрізді мақсатты түрде, парқын ажыратып барып қолданғанда болмаса,
жаппай жұмсай беруге болмайтын, шектеулі элементтер болып табылады.
Сөз мәдениетінің қарастыратын мәселесі «әдеби» мен «әдеби емес»-тің
ен-таңбасын ажыратумен шектелмеді.
Сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде қарастыратын негізгі
мәселелерінің бірі әдеби тілдің өз қойнауындағы «дүниеліктерді» барды
бардай етіп келістіре білу деген талаппен ұштасып жатады. Яғни әдеби тілдің
өз ішіндегі біртектес (гомогенді) элементтерді дұрыс қолдану дегенге саяды.
Әдеби тіл деп аталғанымен, мысалы, жазба тілдің жүйесі мен нормасын
ауызша тілдің тезіне салу немесе, керісінше, ауызша тілдің нормаларын елеп-
ескермеу көп жағдайда дұрыс нәтиже бермейді.
Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрі мен нормалары әсіресе соңғы
жылдары ауызша сөздің нормалары мен жазба сөздің нормаларын
шатастыру, дыбысталған сөзбен, жазба сөздің парқын ажырата алмай, әдеби
тіл нормасын бұзу эфирден естілер сөзде жиілеп кетті. Тіпті бұл жерде
мектеп бағдарламасындағы ережені еске түсіре кетуге мәжбүр боламыз. Көп
ретте сөздің жазылуы нормасы мен айтылу нормасы сәйкес бола бермейді,
салыстырыңыз:
Жазылуда
ақ отау
, айтылу [ағотау];
Жазылуда
шекара
, айтылу [шегара];
Жазылуда
қонақасы
, айтылуда [қонағасы];
Жазылуда
дөңбек
, айтылуда [дөңбөк];
Жазылуда
көзсіз
, айтылуда [көссүз];
Жазылуда
жұмысшы
, айтылу [жұмұшшұ].
Бұл жөнінде толық дерек алғыңыз келсе, осы кітаптың «Сөздік» бөлігін
қараңыз.
Ауызша сөздің интонациялық ерекшеліктерін, кідіріс, сөз ырғағы мен
бунақтарын сақтап, оларды орын-орнына қойып айту орфоэпиялық
норманың негізгі шарты. Сөздің дыбыстық құрылымына, әуездік
(суперсегменттік) құрылымына қатысты мұндай шарттылық бұзылса,
айтылған сөзді дұрыс ұғыну мүмкін болмай қалады. Салыстырыңыз:
Ат қорада жүр - [атқорада] жүр.
Жыр тыңда - [жыртыңда].
Мұндай тіркестерді кідіріссіз айтсаңыз бір мағына, кідіріспен айтсаңыз
басқаша мағына, мәнге ие болады. Бұл жөнінде осы кітаптың тиісті
тарауында біршама толығырақ сөз болады. Сондай-ақ сөз екпінін дұрыс
қойып айтудың да мәні ерекше:
Тартп[а] – т[а]ртпа-
Бөлм[е] – б[ө]лме
Оралм[а]н – ор[а]лман
Оқушым[ы]з – оқушы[ы]мыз.
Достарыңызбен бөлісу: |