Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет124/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

сөз бедері
деп аталады.
Публицистикалық мәтінде радио, телепублицист коммуникантқа ықпал 
ету үшін сөз иесі (субъект) тілдегі эмоционалдық, бағалауыш мәнді сөздерге, 
бейнелі сөз орамдарына, тұрақты тіркестер мен теңеулерге, қарапайым 
сөздерге, фразеологизмдер мен паремологизмдерге (мақал-мәтелдерге) т.б. 
стильдік нышаны бар (маркерлі) бірліктерге иек артады. Бұлар перлокутивтік 
(ықпал ету) қызметі бар тілдік таңбалар. Тілдегі өзінен-өзі дайын тұрған 
мұндай бірліктердің түр-түрін әдетте ұзына бойы, екі сөздің бірінде 
талғаусыз жұмсау сөздің бедеріне нұқсан келтіреді. Ал тыңнан табылған 
теңеу, қиыннан қиыстырылған сөз орамдарының ықпалы, әсер ету қуаты 
әлдеқайда күшті. 
Сөз бедеріне байланысты бұл айтылғандар негізінен БАҚ-қа, 
публицистика тіліне көбірек қатысты. Ғылыми мәтін, көркем мәтін, ресми 
ісқағаз мәтінінің арнайы тілдік құралдармен, тілдік тәсілдермен берілетін 
өзді-өзіне тән бедері болады. Мысалы: 
ғ ы л ы м и м ә т і н д е атаулар, терминдер, жекелеген сөздер 
• логикалық айқындылыққа, 
• заттың, құбылыстың, уақиғаның мәнін ашуға, 
• белгілі бір қисынды дәлелдеуге қызмет етеді; 
• логикалық айқындылықты көрсетеді, сөз құбылыстың, заттың, 
уақиғаның мәнін ашуға, дәлелдеуге қызмет етеді; 


• сөз ғылыми мәтінде белгілі бір ұғымның «уәкілі» түрінде қызмет
етеді. 
к ө р к е м м ә т і н д е сөз: 
• ақиқаттағы заттың, нәрсенің, оқиғаның «образы» түрінде қызмет 
етеді; 
• метафора, теңеу, бейнелі сөз орамдарын жасауға қатысады
• ауыспалы мағынада көркем мәтіннің бедерін жасауда белсенді 
жұмсалады. 
р е с м и м ә т і н н і ң өзіндік бедерін жасайтын тілдік құралдар
болады. Оларға, мысалы: 
• стандарттар, 
• штамптар жатады; 
• сөз екі ұшты мағынада қолданылмайды, логикалық айқындылыққа 
қызмет етеді.
Қазіргі БАҚ тілінің сөз бедері қандай? Сөзге бедер салатын тілдік 
құралдар дұрыс жұмсалып жүр ме? Дайын, үйреншікті бедерлеуіш амал-
тәсілдермен бірге тыңнан табылған үлгілер бар ма? 
Осындай сұраулардың төңірегінде азды-көпті сөз сабақтауға болады.
БАҚ-тың сөз бедері, тіл нақышы, ең алдымен, ой-сезімге әсер ететіндей 
эмоционалды, экспрессивті, бағалауыш сөздерден өрнектеледі. Стильдік 
нышаны бар мұндай сөздер, ең алдымен, автордың, шығармашылық 
ұжымның (редакцияның), әлеуметтік жіктің, саяси партияның нәрсеге, 
құбылысқа, уақиғаға бағасын, көзқарасын (қоштау, терістеу, ұнату, ұнатпау 
т.б.) білдіре отырып, олар жайында қоғамдық пікір қалыптастыру үшін аса 
қажет. Осындай стильдік нышаны бар тілдік құралдар арқылы коммуникант 
адресаттың эмоциясына әсер, ықпал етіп, қоғамдық пікір туғызады. 
Алайда, әсіресе, 60-80 жылдары адресатқа әсер етудің құралы ретінде 
БАҚ тілінде 
дала аруы
(жүгері), 
тәтті тамыр
(қызылша), 
ақ халатты
абзал 
жан
(дәрігер), 
көгілдір отын
(газ), 
қара алтын
(көмір, мұнай), 
болат жол
(теміржол), 
болат жолдың батырлары
(теміржолшы), 
екінші тың
(қой 
шаруашылығы), 
екінші нан
(картоп), 
көгілдір экран
(теледидар) т.б. тәрізді 
жасанды сөз әшекейлері шектен тыс жиі қолданылатын. Олардың көптігінен 
құлақ сарсылып, көз сүрінетін. Ол кезде өмірді боямалап көрсету дағдыға 
айналып, эфирдегі, газет бағаналарындағы сөзге жұртшылық құлай 
сенбейтін. Тіпті қазақтың 
майталман
тәрізді мазмұнды, эмоционалды-
бағалауыш сөзінің «бағасы» кетіп, шошқа бағушы да 
майталман,
аула 
сыпырушы да 
майталман
болып кетті. Мұндай жағымсыз құбылысты 
бағалауыш сөздің құнсыздануы, яғни девальвацияға ұшырауы дейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет