Графика. Орфография. Орфоэпия


тиянақты , 2)  оған қарама-қарсы мағынадағы  тиянақсыз



Pdf көрінісі
бет184/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
тиянақты
, 2) 
оған қарама-қарсы мағынадағы 
тиянақсыз
, 3) 
лепті
, 4) 
арнаулы сұрақ
5) 
жалпы сұрақ
, 6) 
қыстырма сөз
, 7) 
қатал бұйрық
және 8) 
сыпайы бұйрық
интонациялары. 
1-тапсырма.
Мына өлең жолдарын тиісті әуезбен, нақышына келтіріп 
оқып шығыңыз. Мұнда қанша түрлі интонация көрініс тапқанын байқаңыз. 
Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! 
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, 
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер. 
Бас иіп, иіскеп топырағын, 
Тағзым жасамай өтпеңдер! (М.Мақатаев) 
2-тапсырма.
Мына сұхбат мәтінін эфирден жеткізу керек болса
қанша түрлі интонация бірлігін пайдаланар едіңіз? 

Қазақсың ба? 

Ия, қазақпын! 

Қай жердің қазағысың? 

Жетісудың. 

Тегің кім? 

Тұрысбеков. 

Қай Тұрысбектің? «Қарағаштағы» Тұрысбек қажының емес пе? 
(«Мамания» кітабынан). 
Интонацияның әрбір құрамдас компоненті сөйлеу барысында жеке-
жеке емес, тұтасып, бір-бірімен бірігіп, кейде біреуі басым түсіп, кейде 
барлығы бірдей деңгейден көрініп сөйлемді ұйымдастырып, безендіріп 
тұрады. Бейнелі сөзбен айтсақ, құрғақ сөзге жан бітіріп, сән береді.
Осы тұста эфирдегі сөз шеберлеріне сөз шеберлеріне әр түрлі стильдегі 
түрлі жанрларда қалыптасқан интонациялық айтылым типтерінің болатынын 
ескерткіміз келеді. Мысалы, күнделікті тұрмыстық қатынастағы сөздің 
интонациясын ресми мәтіндерді оқуда қолдануға келмейді. Сол сияқты, 
керісінше, ресми қатынастағы сөз сарынымен көшедегі, отбасындағы 
серіктеріңізге тұрмыстық тақырыпта сөйлесеңіз, сөзіңіз түсінікті болмауы, 


тіпті күлкі тудыруы әбден мүмкін. Сондықтан да бұл мәселені оқырман 
қауымның бағдарлап байқауы үшін келесі тарауда қазақ тілі функционалды 
стильдерінде дыбысталған мәтіндердің жалпы интонациялық безендірілу 
типтерін ұсынып отырмыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет