Графика. Орфография. Орфоэпия


Қазақ тілі функционалды стильдеріндегі мәтіндердің айтылым



Pdf көрінісі
бет185/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

4.9
Қазақ тілі функционалды стильдеріндегі мәтіндердің айтылым 
үлгілері 
Қазақ тілінде бес түрлі функционалды стильдің ажыратылатыны 
белгілі. Олар: ғылыми стиль, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, 
ісқағаз стилі, сөйлеу стилі. Бұлардың алғашқы төртеуі ресми қарым-
қатынаста қолданылады да, соңғысы – сөйлеу стилі – бейресми қатынастағы 
тілдің қолданысы болып табылады. Шынайы қолданыста таза күйінде бір 
стильде дайындалған мәтін кездеспейді, себебі басқа стильдің элементтерін 
араластырмай қандай да бір нақты коммуникациялық мақсатқа жетуге 
болатын жағдайлар сирек кездеседі, тіпті бұл мүмкін емес. Алайда бір 
стильдегі мәтінді қолданатын ситуацияда екінші стильдің элементтерін 
уәжсіз жұмсау коммуникацияның мақсатына жетуді қиындатып, сөз сапасын 
төмендетеді. Мұның барлығы ауызша мәтіндердің интонациялық 
безендірілуіне де қатысты. Әрбір стильдегі мәтіндердің өзіндік айтылу 
сарыны болады. Сол арқылы комуниканттар бір-біріне қатынасын 
(ресми/бейресми), ақпараттың сипатын (эмоциялық, үгіттеуіш, бағалауыш, 
тұрмыстық және т.б.) ажырата алады. 
Сонымен, тілдің бірліктері белгілі бір стильге негізделіп құрылған 
мәтіннің дыбысталғандағы интонациялық ұйымдасуында да өзіндік 
ерекшелік болады екен. Мысалы, сөйлеу стилінде сөз соңына дейін 
қарқынның тұрақты, ал дауыс қаттылығы мен әуеннің бірқалыпты сақталуы 
сирек кездеседі, сөйлеу барысында сөз ағымының бір бөліктері жылдам, бір 
бөліктері баяу, әуен мен дауыс қаттылығы құбылып айтылып, олардың бір 
қалпынан екінші қалыпқа бірден ауысып отыруы сөйлеушінің еркін қарым-
қатынас жағдаятында дайындықсыз, стихиялы түрде сөйлеп жатқанын 
аңғартады. Ал публицистикалық стильде дайындалған мәтіндердің 
интонациясы жанрлық ерекшелігіне қарай белгілі бір заңдылықтармен 
ұйымдасатынынан аңғару қиын емес. Мыселен, радио, -теледидар арқылы 
берілетін «Ақпараттардың» мәтіні арнайы дайындықпен келген диктордың 
айтылымында баяу қарқынмен, әуеннің бір регистрінде бірқалыпты дауыс 
сарынымен беріледі. Осы сияқты ортақ белгілеріне қарап тыңдаушы мәтіннің 
стильдік сипатын ажырата алады. 
Мәтіндердің интонациялық безендірілуінің стильдік белгілері қазақ тіл 
білімінде толық зерттеліп болған жоқ. Дегенмен де әр стильге тән жалпы 
интонациялық сипат – айқын.
Сондықтан әр стильде дайындалған әр стильде дайындалған 
мәтіндердің дыбысталу интонациясы үлгілерін арнайы тарауымызда ұсынып 
отырмыз. Бұл жерде ескерте кететін жайт, тілдік ортақ сипаттың болғанымен, 
қатып қалған тұрақты айтылу үлгісінің болмайтынымен байланысты. 
Сондықтан да дәл біз көрсеткендей айтылмағанмен әр стильдегі мәтіндер 


өздеріне тән белгілерін сақтай отырып, құбылып дыбысталуы да мүмкін. 
Мәтіннің интонациясын қағаз бетіне түсіру үшін оның компоненттерінің 
өзгерістері мынадай шартты белгілермен таңбаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет