орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш» жарық көрді; оқу
программасына арналған көмекші құралдар жарияланды [61]. Ал «Қазақ
орфографиясының негізгі ережелері» 1957 жылғы 5 июньде Қазақ ССР
Жоғарғы Советі Президиумының Указымен бекітілді.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» қазақ тілінің ішкі
заңдылықтары мен табиғи ерекшеліктеріне сәйкестеліп жасалған, ғылыми
негіздері мен басты принциптері дұрыс айқындалған емлелік қағидалар
екендігін оның ширек ғасыр бойы жазу практикасында қолданылып
келгендігі дәлелденіп отыр. Осы ережелер жинағы негізінде бірнеше
орфографиялық, түсіндірме және әр түрлі салалық терминологиялық
сөздіктер жасалды, оқу-педагогика жұмыстары жүзеге асырылды.
Дегенмен, бір кезеңнің идеалды, мүлтіксіз деп танылған емлелік
қағидалары қоғам дамуының келесі бір кезеңдерінде жекелеген принциптері
мен тұжырымдары жағынан тар ауқымдылық танытуы да мүмкін. Қазақ
әдеби тілінің қазіргі даму дәрежесі, оның қоғамдық-әлеуметтік қызметінің
кеңеюі, стильдік тармақтары мен терминологиялық жүйесінің күрделене
түсуі, сөз, жазу мәдениеті проблемаларына теориялық-практикалық тұрғыдан
үлкен мән беріле бастауы тәрізді факторлар қазақ орфографиясын одан әрі
жетілдіре, жақсарта түсуді талап етті; сондықтан да «Қазақ тілі
орфографиясын негізгі ережелерінің» өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген жаңа редакциясы жасалып, оны Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумы бекітті
[62]. Мұның 1957 жылы қабылданған орфографиялық
қағидалардан принципті айырмашылықтары жоқ. Жаңа нұсқада орыс тілінен
енген сөздердің емлесі, бұрынғы ережедегідей, түбір сөздердің жазылуы
(§18), оларға қазақ тілі қосымшаларының жалғануы (§ § 35, 40, 41, 42, 43, 44)
және дәстүрлі принцип бойынша жазылатын сөздер туралы қағидалар болып
бөлініп, жеке-жеке, айқын көрсетілген. Ал жаңа нұсқада толық өзгертіліп
берілген қағидалардың бірі – соңы
Достарыңызбен бөлісу: