Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет83/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Г
мен 
к
әріптерінің 
жіңішке түрде берілуі олардың үнемі жіңішке буындарда кездесуіне 
байланысты, сондықтан олардың дыбыстық аталуы 
кі, гі
түрінде берілген. 
Бұл жерде тағы да сұраудан-сұрау туындай береді. Неге 
и
 
әрпінің 
дыбысталуы 
ій, 
ал
 
у
әрпінің дыбысталуы 
ұу
? Бұлай болуы тілдік санада 
дыбыстық бейнесінің жіңішке 
ій 
түрінде ұғынылуы. Оған себеп 
ій
-мен 
келетін жіңішке буынды сөздердің саны басым. Ал 
у
әрпінің 
ұу
болуы жуан 
буынды сөздер басым болғандықтан. Сонымен тіл дыбыстарының қоғамдық 
санадағы бейнесі – олардың моделі іспетті. Бұл - автоматизм түрінде жұмыс 
істейтін модель. Бұларды Орфографиялық ереженің негіздемесінде, ереженің 
өзінде нақтылау міндетті емес. Осындай ерекшеліктер болашақта 
орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерде немесе анықтағыштарда егжей-
тегжейлі түсіндірілетін болады. 
Жаңа емле ережесі фонематикалық принципке негізделді. Бірақ осыған 
келіспеушілердің айтуынша негізгі принцип морфологиялық, енді бір 
әріптестеріңіз фонетикалық принцип деп атауды жөн көреді. Әдетте 
морфологиялық принцип дегеніміз – мектеп сөзімен айтқанда, түбір сақтау. 
Біздер, орфографиямен шұғылданушылар, фактологиялық материалдарға 
сүйенеміз. Мысалы, 
қазақ, қазағы
дейсіз, солай жазасыз, бірақ 
қазағ 
деген 
түбір жоқ қой, ал
қазақы
десеңіз, басқа мағына. 
Тірлік 
деп жазасыз, түбір 
сақтап 
тірілік
деп жазбайсыз. Сол сияқты 
тасқын 
деп жазасыз, бірақ түбірі 
тасы 
болса да 
тасықын
деп жазбайсыз. 
Егіннің
түбірі 
ек
болса да 
егін
деп 
жазасыз. Себебі сіз бұл жерде мағына ажыратуға дәнекер дыбыстарды 
(бұларды ғылыми сөзде фонема дейді) жазып отырсыз. Фонематикалық 
принцип дегеніміз осы. Ережеде фонематикалық принциптің негізге алыну 
себебі осы айтылғандарға саяды. Ал фонетикалық принцип қалай айтылса, 
солай жазу; қалай естілсе, солай жазу дегенге саяды. Рас, кейде 
дала, қала, 
ана, бала, ел-жұрт
т.б. жазылуы даусыз сөздердің айтылуына, соған сай 
жазылуына қарап, фонетикалық жазу екен деуге болмайды. Айталық, 
қашша


деп айтсаңыз не естісеңіз, оның айтылымы да, естілімі де бірдей. Бірақ 
мағыналары әр басқа. Фонематикалық жазу сол әр басқа мағынаны береді: 
қазша 
(қаз сияқты),
қашса
(қашатын болса), тағы бір мағынасы 
қасша
(дұшпанша). Осы типтес сөздерді мағына ажырататын дыбыстар бойынша 
жазу фонематикалық ұстанымға жатады. Түбір сақтап жазу дегеніміз де осы 
принциптің аясына кіреді. Жазу мәдениетіндегі негізгі принципті айқындауда 
біз осындай уәжге сүйендік. 
Сонымен қатар жаңа емле жазба дәстүрге айналған А.Байтұрсынұлының 
сингармонизміне, Халел Досмұхамбетұлы айтқан сингармонизміне сүйенді. 
Бұл - сөздердің жуан, жіңішке болып жазылуын негізге алатын
езубейімді
дәстүрлі сингармонизм. Ғылымда бұны лингвалды сингармонизм дейді. 
Мысалы, 
қойымыздың, қойшымызға, үйлерімізге, түйелеріміздің
т.б. Ал 
еріндік сингармонизмді жақтаушылар әсіресе 90 жылдары қызуқанды 
айтыстың алаңына айналдырған болатын. Кезінде тәжірибе ретінде 
ерінбейімді
(лабиалды) үндестікті жазып көргенімізде оның жазу-
сызуымыздың жартысына жуығын қамтитынын байқадық. Ол айтыстың беті 
қайтқандай болды. Бірақ қазіргі кезде де ара-тұра айтылып жүр. Егер біз 
ерінбейімді сингармонизмді ұстансақ, 
қойұмұздұң, қойшұмұз, үйлөрүмүзгө, 
түйөлөрүмүздүң 
т.б. деп жазған болар едік.
Алайда жазармандарымыздың 
қоғамдық санасы бұндай «жаңашылдықты» қабылдай қоймасы белгілі. 
Сондықтан А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамбетұлы заманынан келе жатқан 
езубейімді сингармонизм базалық норма деп танылды. 
Жаңа емле жасалу барысында у мен й дыбыстарының қасиетіне 
қатысты талқылаулар болды. У құрамында ұу, үу мен й құрамындағы ый, ій 
заңдылығы жазу жүйесіне де енуі қажет деген ұстанымдар да болды. Бұндай 
жағдайда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет