Грамотность чтения



бет2/7
Дата21.04.2023
өлшемі0,53 Mb.
#175093
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ãðàìîòíîñòü ÷òåíèÿ

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

Робототехнология қалай пайда болды?
«Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жумысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жумыс істейтіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920 жылы жарық көрді. Тілдік жүйесіне байланысты орыстың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес сөздер. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жумыс», «каторга» деген мағынаға ие.
1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Д.Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы роботты көрсетті. Инженер Уэкслидің роботының жумыс істеу мүмкіндіктері аз болды, ол тек қарапайым ғана қимылдарды орындайтын.
«Sеіко Ерsоn» деп аталатын жапондық компания дүниедегі ең кішкентай роботты қурастырды. Роботтың салмағы небәрі бір жарым килограмм, ал ұзындығы 1 сантиметр.
1950 жылы өнері өрге жүзген Леонардо до Винчидің жазбалары табылған болатын. Ол жазбаларда адам тектес роботтың сызбалары болған.
Ұлы суретші, ғалым, сәулетші, жазушы, өнертапқыш Леонардо до Винчидің XV ғасырда өмір сүргенін ескерсек, роботтың алғашқы сызбасының парақ беттеріне сол ғасырда түскендігін білуге болады. Оның сызба Нұсқаларына байланысты зерттеуші Марио Таддеи толықтай түсіндірме беріп, «Leonardo da Vinics» деген кітап басып шығарды.
Америкалық ғалым және жазушы Айзек Азимов, робот әлемінің негізгі үш заңнамасын жасады. Айзектің кітабына негізделген «Мен -роботпын» атты фильм де түсірілген. Картина үстіміздегі 2014 жылы Уилл Смиттің басты рөлді сомдауымен түсіріліп шықты.

  1. заң: роботтың адамға зақым келтірмеуі керек,

  2. заң: робот адамның бұйрықтарын тек бірінші заңға қарсы келмеген кезде ғана орындауға міндетті,

  3. заң: робот өзінің амандығын Бірінші және Екінші заңдарға қарама-қарсы келмеген кезде ғана ойлауы керек.

Қазіргі жаһандану дәуірінде Жапония халқы робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тур. Тіпті Жапонияның кез келген компаниясында кемінде 4-5 роботтан болады екен. Осыдан он шақты жылдар бурын роботтардың іс-әрекеті шектелген десеңіз, қазіргі
4. Сөйлемді толықтырыңыз. Торобо-кунды 70 пайыз оқу орны қабылдай алады, бірақ...

  1. Ғалымдар өзге мемлекеттің ғалымдарымен байланыс орнату керек

  2. Ғалымдар тек үздік ЖОО-ның сынағын ғана бағындырмақ.

  3. Қабылдау емтихандарының нәтижесі төмен

  4. Торобо-кун жапон мен ағылшын тілінен жоғары көрсеткіш көрсетті.

5. Робот әлемінің негізгі үш заңнамасын жасаған ғалымды белгілеңіз.



  1. Д.Уэксли

  2. Карел Чепака

  3. Леонардо до Винчи

  4. Айзек Азимов

6. Қазіргі жаһандану дәуірінде робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тұрған мемлекетті көрсетіңіз.



  1. Жапония

  2. Италия

  3. АҚШ

  4. Чехия

7. Қате мәліметі бар қатарды табыңыз.



  1. Жазбаларында адам тектес роботтың сызбалары болған.

  2. Торобо-кун роботы ЖОО-ның қабылдау емтихандарынан өтті.

  3. «Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесті.

  4. Робот адамға зақым келтіруіне болады

8. Мамандардың айтуынша, болашақтың роботтары қандай қызмет атқара алатындығын көрсетіңіз.



  1. Әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды

  2. Үй шаруасына көмектесіп, адамдарға кеңес бере алады

  3. Өзінің амандығын сақтайды, заңға бағынады

  4. Адам бұйрықтарын орындайды

9. Салмағы бір жарым килограмм, ұзындығы бір сантиметр роботты құрастырғанын табыңыз.



  1. Леонардо до Винчи

  2. Марио Таддеи

  3. «Leonardo da Vinicis robots» компаниясы

  4. «Seiko Epson» компаниясы




күндегі робот сабақ оқытады, ас даярлайды және де әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнай алады. Ал енді болашақтың роботтары, мамандардың айтуынша, үй шаруаларына көмектесіп, адамдарға әртүрлі тақырыптар бойынша кеңестер бере алады-мыс. Жыл сайын Жапонияда инновациялық технологиялардың дамуына байланысты дәстүрлі көрмелер ұйымдастырылады. Соңғы үлгідегі Торобо-кун роботы, көрме қонақтарын интелектуалдық қабілеттерімен таңқалдырды. Мысалға ол, ЖОО-ның қабылдау емтихандарынан өтті. Емтихан қорытындысы бойынша, оны елдегі 70 пайыз оқу орны қабылдай алады екен. Торобо-кун роботы үш пәнді сәтті тапсырып шыққан: дүниежүзі тарихы, математика және Жапония тарихы. Лингвистика тақырыбына келгенде, жапон мен ағылшын тілінен төмен көрсеткіш көрсетті. Жапон ғалымдары роботтарды Жапонияның ең үздік саналатын «Токио Университетінің » қабылдау емтихандарын беске тапсырғанша жасай бермек.

1. Жұмыс iстey мүмкіндігі аз роботты aлғаш құрастырған



  1. Марио Таддеи

  2. «Seiko Epson» компаниясы

  3. Инженер Уэксли

  4. Леанардо до Винчи

2. Mәтін не туралы екенін анықтаңыз.



  1. Ең алғаш пайда болған робот адам

  2. Робототехниканың қазіргі таңдағы жетістіктері

  3. Жапондықтардың IТ саласындаты көшбасшылығы

  4. ЖОО-та тапсыртан Торобо-кун жайында

3. Fалымдардын, енбектеріне сәйкес келмейтін нақыл сөзді көрсетіңіз.




  1. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан баска нәрселермен оздым демекттің бәрі де – ақымақшылдық...

  2. Білім - жаратылыс жұмбағын шешетін илаһи кілт. Онсыз көзіміз көр, құлағымыз саңырау, санамыз қараңғы

  3. Білімді болу - жаңалық ашуға қабілетті болу.

  4. Ақылды болуға жетелейттін үш жол бар: тәжірибе жолы-ең ащы жол, екіншісі, ұқсау жолы-ең, жеңіл жол, үшіншісі, ойлау жолы-ең таза жол.

10. Роботтың алғашқы сызбасының XV ғасырда парақ бетіне шыққандығының дәлелін көрсетіңіз.



  1. Жазушы Айзек Азимов негізгі үш заңнамасы

  2. «Токио Университеті» ғалымдарының дәлелдемесі

  3. Марио Таддеидің ұйымдастырған көрмесі

  4. Ұлы суретші Леонардоның өмір сүрген кезеңіне сәйкес келуі






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет