Грамотность чтения


БИОЛОГИЯ Транспирация



бет6/7
Дата21.04.2023
өлшемі0,53 Mb.
#175093
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ãðàìîòíîñòü ÷òåíèÿ

БИОЛОГИЯ

Транспирация
Транспирация (транс... және лат. spiro - дем аламын, дем шығарамын) - өсімдіктің суды буландыруы; күрделі физиологиялық процесс. Ягни судың өсімдік бойымен жылжып, жапырақтары, сабағы және гүлдері арқылы булануын транспирация деп атаймыз. Су өсімдіктің барлық тіршілік әрекеті үшін маңызды, бірақ тамыр арқылы сіңірілген судың біраз бөлігі ғана метаболизм және өсіп-даму үшін қолданылады. Қалған 99-99,5%-ы транспирация барысында буланып шығарылады.
Су негізінен жапырақтың бетін қаптап түратын кутикуладағы лептесіктерінде буланады. Транспирация қарқыны сыртқы ортаның температурасы мен ауаның қозғалысына және оның ылғалдылығына тәуелді болады. Температура жоғары, атмосферадағы ауа құрғақ және желді болса, транспирация қарқынды жүреді. Керісінше, атмосфера ылғалдылығы жоғары, температура темен жағдайда .транспирация қарқыны азаяды. Бірақ тамыр қысымы мен судың бөлінуі нәтижесінде жапырақ үшында тамшылар пайда болады. Оны гуттация деп атайды. Бұл құбылысты таңертең және кешке
ауаның ылгалдылыгы жоғары болғанда байқауға болады. Судың ең көп буланатын кезіне өсімдіктердің вегетация кезеңі жатады. Мысалы, 1 га бидай алқабы 2 млн. кг суды, жүгері 3,2 млн. кг, капуста 8 млн. кг суды буландырады.



1. Өсімдіктің суды буландыру әрекеті:



  1. терминация

  2. транспирация

  3. репликация

  4. транслокация

2. Жапырақ суды буландырады:



  1. жүйкелер

  2. астыңғы өңі

  3. үстіңгі өңі

  4. лептесік

7. Өсімдік жасушасына ғана тән органоид:



  1. рибосома

  2. ядро

  3. пластид

  4. лизосома

8. Жасушаның «энергетикалық станциясы »деп аталатын органоид,:



  1. ядро

  2. митохондрия

  3. цитоплазма

  4. лизосома



3. Жапырақ үшында су тамшыларының пайда болуы:

  1. жапырақтың жылауы

  2. судың бөлінуі

  3. гуттация

  4. булануы

4. Өсімдіктің суды буландыруына эсер ететін ішкі фактор:



  1. ауа ылғалдылығы

  2. температура

  3. су буының қысымы

  4. жапырақ ауданы



Жасуша
Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі.
Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі болып келеді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді.Оның бір тобына қүрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көкжасыл балдырлар жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды.бүларды прокариоттар деп атайды. Ағзалардың екінші тобына ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады. Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды.
Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.

Сурет 1 Сурет 2 Сурет 3
5. Тірі организм қүрылымының қарапайым бірлігі:

  1. Ағза

  2. Ұлпа

  3. Жасуша

  4. Мүше

6. 3- суретте көрсетілген жасуша қандай ағзаға тән:



  1. Вирус

  2. Бактерия

  3. Жануар

  4. Саңырауқұлақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет