Грек meteora атмосфера мен аспан құбылыстары және логия атмосфера мен оның процестерін зерттейтін ғылым



Дата07.02.2022
өлшемі15,67 Kb.
#86518
түріҚұрамы
Байланысты:
Метеорологиялық станциялар. Ауа райын бақылау


Метеорология (грек. meteora – атмосфера мен аспан құбылыстары және ...логия) – атмосфера мен оның процестерін зерттейтін ғылым. 
Метеорология атмосфераның құрамы мен құрылысын; жылу айналымынжылу режимін, т.б. зерттейді. 
Басты салалары – атмосфера физикасы (атмосферадағы физикалық құбылыстармен айналысады; Атмосфералық акустика, Атмосфералық қысым,Атмосфералық оптика, Атмосфера электрлігі, Аэрология), атмосфера химиясы (ауа қабаттарындағы химиялық құбылыстарды зерттейді), динамикалық метеорология, синоптикалық метеорология, климатология. Метеорологиялық зерттеу жұмыстары көне заманда басталған (Аристотель). 17 ғ-дың 1-жартысында Италия ғалымдары Г.Галилей мен Э.Торричеллидің алғашқы метеоролгиялық аспаптарды – барометр мен термометрді құрастырулары метеорологияның дамуына әсерін тигізген елеулі жетістік болды. 17 – 18 ғ-ларда атмосфералық процестердің заңдылықтарын анықтауға алғашқы қадамдар жасалды (М.Ломоносов, Б.Франклин). Желдің жылдамдығын, жауын-шашынның мөлшерін, ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспаптар шыға бастады, алғашқы метеоролгиялық станция ұйымдастырылды. Метеоролог-ғалымдар атмосфераның жоғарғы қабаттарымен танысу үшін 18 ғасырдың аяғында аэростат, 19 ғасырдың соңғы ширегінде шар-зонд, 20 ғасырдың 20-жылдарында радиозонд аппараттарын ұшырды. 20 ғасырдың ортасында дүниежүзілік актинометрия жүйесі құрылды; атмосферадағы озонның, электрлік элементтердің мөлшерлерін, ауаның химиялық құрамын анықтау тәсілдері белгіленді; климатология қалыптаса бастады, бұған атмосфераның жалпы таралуы, жер шарындағы су айналымы, қардың түсуі, т.б. құбылыстарды зерттеген орыс ғалымы А.И. Воейков көп еңбек сіңірді. Метеорология океанологиямен және гидрологиямен тығыз байланысты. Өзара салалас бұл ғылымдар негізінен жердің географиялық қабығындағы жылу мен ылғал алмасу процесін зерттейді. Сонымен қатар Метеорология геологиямен, геохимиямен, физикамен де салалас болып келеді. Метеорологияның басты міндеттерінің бірі – ауа райын алдын ала анықтау. Қысқа мезгілдік (жарты тәуліктік, тәуліктік, т.б.) ауа райы авиацияға, ғылыми-тәжірибелік мекемелерге; апталық, айлық ауа райын болжау ауа шарына (агрометеорология), төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке өте қажет. Алматы, Ақтөбе, Астана, Өскемен, Балқаш қ-ларында ірі гидрометеорологиялық обсерваториялар бар. Ауа райын бақылау және болжау орындары жетілдірілген аспаптармен, компьютерлік техникамен және байланыс жүйелерімен, автоматтық және электрондық қондырғылармен, радиолокаторлармен, т.б. құралдармен толық жабдықталған. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы – гидрологиялық, метеоролгиялық ғылыми-зертханалық жұмыстарының басты ортлығы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет