Грек, synergtikos біріккен әрекет



бет1/2
Дата26.08.2024
өлшемі21,22 Kb.
#203748
  1   2
Байланысты:
әдіснамалық тұғыр


Синергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.
Синергетиканың негізгі функцияларының бірі – оның синтетикалық (жинақтаушылық) мәні. Оның бастысы – ғылымның гуманитарлық және жаратылыстанушылық бағыттарын қосуға бастайтындығы. Бірақ ол табиғат және адами мәдениет арасын байланыстырумен шектелмейді, оның жаңа жинақтаушылық (синтездеуші) қырлары мынадай:
· дүниетанымның батыстық (талдаушылық) және шығыстық (синтездік) түрлерін біріктіру
· Ғылымның қатаң негіздері мен оның қолданбалы бағыттарын кіріктіру.
· Ғылымның нормативтік және дискриптивтік қырларын, яғни ақпараттың бүтіндігі мен оның адам белсенділігі үшін құндылығын біріктіру.
· Күрделілік пен хаос туралы ғылым мен мәдениет пен өнер туралы көзқарастарды қосу.
Синергетиканың негізгі функцияларының тағы бірі – оның әдіснамалық және эвристикалық қызметі, яғни зерттеу стратегиясы ретінде қарастырылуы. Синергетика жаңа ғылыми проблемаларды шешуге бағытталғандықтан, зерттеу-ізденіс қызметінің негізгі әдісіне айналады. Егер күрделі жүйелердің жалпы заңдылықтары айқындалса, оның құрылымдалуы мен дамуы туралы болжамдар жасауға болады. Демек математикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігі жоқ жерде синергетиканы сапалық негіз ретінде қолдануға болады.Білім беру мен біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика үш жақты қарастырылады: 1)синергетика білім беру саласы үшін; 2)білім берудегі синергетика; 3)білім беру синергетикасы.Білім берудегі синергетика әр түрлі білім салаларында жаңаның пайда болуы, қалыптасуы және дамуы зерттелгенде ғылым мен мәдениеттің ұштасуы түрінде көрінеді. Білім беру синергетикасы тұлға мен оның білімінің қалыптасуы мен дамуы барысында білім беру үрдісінде анық байқалады.Синергетикалық басқарудың негізгі ұстанымдары ащықтық, толықтырымдылық және субъектілік болып табылады.Ал біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика ең алдымен әр түрлі шектеулі ақпараттардан бүтін жүйе құрастыруға тырысудан ақпараттарды контекстік қабылдау арқылы дүниеге біртұтас көзқарас қалыптастыруға көшу керектігін түсінуден басталады.


Тұлғаға бағдарлы тұғыр – бүкіл педагогикалық үдеріспен құбылысқа жеке тұлғалық позициямен қарау, оның құрылымын, даму заңдылығын ескеру. Білім берудің мақсат, міндеттері мен мазмұны мемлекетіміздің білім берудегі ізгілік пен демократиялық идеяларға негізделген стратегиялық бағытын айқындайды. Аталған идеяларды жүзеге асыру білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа үлгісін оқыту үдерісіне енгізу арқылы мүмкін болатыны белгілі. Осындай жаңа білім беру үлгілерінің бірі – тұлғаға бағдарлы педагогика. Бұл педагогика мектепке дейінгі балалардың тұлға ретінде өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатындағы тәжірибеге бағыттау және оны есепке алуды қажет етеді. Осыған орай зерттеудің әдіснамалық бағытының бір түрі – тұлғаға бағдарлану тұғыры болып табылады. Педагогикалық сөздіктерде: «Тұлғаға бағдарлану тұғыры– қазіргі педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, баланың дара, шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу» деп анықтама берілген. Тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданылып, бірнеше жолдары белгілі болып, тұлғаның рухани және зияткерлік сапаларының қалыптасуына бағытталады. Тұлғаға бағдарлану тұғыры– баланың субъектілі тәжірибесіне, өмірлік жеке тәжірибесіне сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға жағдай жасау. Бүгінгі таңда педагогикада оқытудың түрлі үлгілері мен технологиялары жасалуда, олардың әрқайсысы «тұлғаның дамуы», «оқыту тұғыры», «тұлғаға бағдарлы білім беру» ұғымдарын өздігінше түсіндіреді.
Іс-әрекет тұғыры – педагогикалық құбылысқа әрекеттің бүкіл компоненттерінің тұтастығы позициясымен, яғни мақсаты, мотиві, әрекеті, операциясы, ретке келтіру жолы, жөндеу, жеткен нәтижені бақылау және талдауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында негізге алатын келесі әдіснамалық тұғыр іс-әрекет тұғыры ұғымы психология ғылымына 20 – 30 жылдары енген. Бұл ұғым туралы бірнеше бағыттағы түсіндірулер берілген. С.А.Смирновтың айтуынша, іс-әрекет тұғыры дегеніміз – объектінің біртұтастығын және оның тетіктерін ашу философия, әлеуметтану теориялары бойынша, іс-әрекет тұғыры дегеніміз тұлғаның әрекет арқылы қоршаған ортаны тануы және қайта өзгертуі, іс-әрекетінің құрылымын, қызметін қарастырады деп тұжырымдалады.
Әдіснаманың философиялық деңгейінде, материалистік диалектика тұрғысынан жеке тұлға дамуының негізі, құралы және шешу шарты – іс- әрекет. Бұл факті педагогикалық зерттеулерде және тәжірибеде іс-әрекет тұғырының жүзеге асырылуын қажет етеді. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамуын іс-әрекетпен байланыстырып қарастыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет