Группа: 206Б стоматология



Дата17.11.2023
өлшемі392,05 Kb.
#191751
Байланысты:
су
Документ Microsoft Word, соп неотложка, Тері және оның туындылары, Турлықожа Н.И.


Су мен минералдардын алмасуы




Группа: 206Б стоматология Орындаған: Мырзалиева М

Судың физикалық – химиялық қасиеттері оның алмасуына айтарлықтай әсер етеді. Тканьдер және клеткалар
судың экзо және эндогендік деген екі түрін пайдаланады.
Экзогендік су организмге сырттан азықпен, ішетін сумен түседі. Метаболизм реакциясының барысында организмнің ішінде түзілетін суды эндогендік су деп атайды.
Су, бүкіл ас қорыту жолы бойы, оның шырышты қабығымен сіңіріледі. Су алмасуы жалпы зат алмасуының құрамды бөлігі.Тканьдермен клеткаларға суды көбіне альбуминдер мен глоболиндер тасымалдайды.
Натрий тұздары, әсіресе хлоридтері, белоктардың суды қосып алуына мүмкіндік туғызса, ал кальций тұздары керісінше, бұл мүмкіндікті азайтып, судың организмнен шығуына жағдай жасайды.














Минералды заттардың белгілі мөлшері қарында, негізгі массасы – ащы ішектің шырышты қабығында, ал бірен
– сараны тоқ ішекте сіңіріледі.
Сіңірілген минералды заттар клеткааралық кеңістік арқылы қан жарым – жартылай лимфа жүйесінде,
ол одан шажырқай арқылы ең аяғында бауырға және алдыңғы қуыс көктамырға келеді. Содан кейін бүкіл организмге тарайды
да клеткалар мен тканьдер оларды пайдаланады.
Макро — және микроэлементтердің организмде маңызды органдар мен тканьдерде белгілі бір заңдылықпен
шоғырлануын байқаймыз.
Мәселен, кальций, магний, фтор, стронций, қорғасын және т.б. сүйекте ; темір – жілік, майында, көк бауырда, мырыш пен марганец –
ұйқы безінде; калий – клетка ішінде, натрий – клеткадан тыс сұйықта шоғырланады.
Минералды алмасудың ақырғы өнімдері организмнен несеппен, термен және нәжіспен шығарылады.


Судың алмасуы
Тірі организмге су ауыз арқылы енеді, ал сорылып сіңуі асқазанда басталады. Судың негізгі бөлігі ащы ішек, онна бір бөлігі ғана тоқ ішек арқылы сіңеді. Бұдан кейін су қан капиллярына, бір бөлігі лимфалық жүйеге енеді. Судың негізгі қоймасы депо тері. Ішкен судың 80 шамасындайы теріде жиналады.
Суды организм негізінен бүйрек арқылы шығырады. Бүйректің зәр болып бөліп шығару қызметін жүйке жүйесі және вазопрессин гормоны реттейді. Судың бір бөлігі тері, өкпе және нәжіс арқылы бөлінеді









Натрий алмасуы организмдегі калиймен тығыз байланысты. Натрий ас қорыту жолына ас тұзы құрамында
түседі. Натрий алмасуы өте қарқынды жүреді.
Мәселен, бір тәуліктің ішінде сүйек пен қанда 30-40 % алмасады.
Күкірт. Денедегі көлемі 0,12-0,20%. Ол организмде негізінен күрделі органикалық қосылыстар құрамында
және күкірт құрамды амин қышқылдарында кездеседі. Олар цистин, цистеин, метионин.
Темір организмдегі зат алмасу процестерінде маңызы зор бірқатар тотығу – тотықсыздану реакцияларына
қатысады.
Жануарлар тіршілігінде мыс ерекше орын алады. Ол да темір сияқты қанның дұрыс түзілуіне қажет элемент.



Шөлдеу сезімі
Организм үшін судың қажеттілігі шөлдеу сезімі арқылы реттеліп отырады.Қан плазмасындағы осмостық қысымның өзгерісі әсерінен білінеді және ми қабығын қоздырады. Шамамен су қажеттігінің 1/6 бөлігі ұлпалардағы органикалық заттардың тотығуы есебінен
қанағаттандыралады. 100г май тоттыққанда 107г су түзіледі.




Судың аламасуы
Миниралдық тұздардың белоктардың көмірсулардың және липидтердің
алмасуымен тығыз байланысты. Өйткені су осы аталған заттарлдың еріткіші. Суды көп ішкен кезде зат алмасу күшейеді, белоктардың ыдырауы және организмнен азаотты заттардың бөлініп шығуы артады, тіпті кері азотты баланс та болуы мүмкін. Кейбір минералды заттардың иондары Na+ Cl- ұлпада судың ұсталып тұруына себепкер болады. Ал K+, Ca2+ иондары организмнен судың бөлінуін күшейтеді.




Минералдық заттрадың алмасуы судың алмасуына тығыз байланысты. Өйткені минералдық заттардың көпшілігі организмде су ерітіндісі күйінде кездеседі. Азықпен, жем-шөппен бірге ас қорыту жолына баратын Na, K, Cl және HCO3 сияқты бір валентті иондар ащы ішекте сорылып сіңеді де, қанға
қосылып, вена арқылы бауырға барады.
Азық құрамындағы кальций әдетте нашар еритін фосфат тұздары,сол сияқты карбонат, оксалат тұздар түрінде кездеседі.Кальциферолдың дигидрокси туындылары ішекте кальций байланыстырғыш белоктың түзілуін қолдайды.


Пайдаланған әдебиеттер



  1. Ж.Қаленұлы Өсімдіктер физиологиясы: Оқулуқ. Ә.Е.Ережеповтың редакциялауымен ,өңдңлген 2-

басылым. Алматы. 2004

  1. Сейтмбетов Т.С ,Төлеуов Б.И. ,Сейтмбетова А.Ж. Биохимия .2004

  2. Қ.С.Рымжанов ,И.М.Төленбек Адам мен Жануарлар Физиологиясы . Алматы-2000

  3. Сәбаева Х.Қ. Өтелбергенов А.А. Адам Физиологиясы . Алматы-2005


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет