13 Plusquamperfectum indicativi activi
Қазақ тілінде біреуден естіп барып, содан кейін хабарлап тұрған немесе бұрын көргенін бөгеліп барып хабарлап тұрған етістіктің өткен шағын бұрынғы өткен шақ дейміз. Ал Plusquamperfectum қимыл, іс-әрекеттің өткен шақта аяқталғанын, және қимыл, іс-әрекетттің өткен шақта басқа қимыл, іс-әрекеттен бұрын орындалғанын көрсетеді.
Plusquamperfectum indicativi activi перфект түбіріне – ěrā жұрнағын және imperfectum activi –дің жақтық жалғаулары арқылы жасалады. Жалғаулар барлық төрт жіктіктегі етістіктерге бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |