Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы филос.ғ. к., С. Абжалов


Оқу тәжірибесі бойынша есеп келесі құрылымнан тұру керек



бет5/6
Дата12.06.2020
өлшемі100,5 Kb.
#73235
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жоспар
16 желтоқсан, Кәсіпорындар жұмысының алгоритмі.pdf , Белгібай Аружан Бизнес инновация, Белгібай Аружан Бизнес Соөж-2
Оқу тәжірибесі бойынша есеп келесі құрылымнан тұру керек:
1. Негізгі бет (Қосымша А) зерттеу практика өту бойынша есептің бірінші беті болып табылады.

2. Басты бөлім құрауға тиісті:

2.1 Оқу тәжірибесін өтетін білім алушының алдында тұрған міндеттер;
2.2 Оқу тәжірибесінің өту реттілігі, тәжірибе базасы ұсынған мекеме бөлімшелерінің сипаттамасы;

2.3 Жасалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның орындалу мерзімдері;

2.4 Жүргізілген ғылыми-практикалық зерттеулердің түрлері, жүзеге асыру амалдары мен тәсілдері, бағыттары көрсетілген сипаттамасы;

2.5 Сұлба, кесте, график, мәтін және т.б. түрінде баяндалған зерттеу нәтижелерінің мінездемесі;

3. Қорытынды жасау керек:

3.1 Қойылған міндеттер толықтылығын бағалау;

3.2 Жүргізілген ғылыми-практикалық зерттеулердің деңгейін бағалау;

3.3 Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу және практика өту кезінде туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар;

3.4 Білім алушының (магистрант, докторанттың) ғылыми-зерттеу жұмысында және шығарушы квалификациялық жұмыста ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану мүмкіндігін бағалау;

4. Библиографиялық тізім.


5. Есептің қосымшалары: білім алушы тәжірибе кезінде өз бетімен құрастырған және рәсімделуіне қатысқан құжаттардың үлгілері, сонымен қатар үйренушінің ғылыми-зерттеу практика өту кезеңіндегі жұмыс нәтижелерін қамтитын құжаттары (мысалы, магистранттың тәжірибе кезінде жинаған мәліметтері бойынша дайындалған баяндамалар мен мақалалар мәтіндері).
6. Оқу тәжірибесін өту бойынша дайындалған есеп көлемі 15-20 беттік мәтінді құрайды.

7. Оқу тәжірибесі бойынша бағалау.

Барлық тіркелген мәліметтер жинақы болуы керек.
Қойылған сұрақтардың санына байланысты есептің басты бөлігі жоғарыдағыдай бөлімдерге бөлінеді. Әр бір бөлімді жаңа беттен бастау керек. Қажеттілік кезінде бөлімдер бөлімшелер мен тармақшаларға бөлінеді.
Кәсіпорында қолданыстағы есеп құжаттар бланкісі, тіркелім, ережелер, нұсқаулар, есептілік түрлері және қосалқы мәліметтерді мәтін бойынша сілтеменің пайда болу тәртібіне сәйкес қосымшаларға орналастыру қажет.
Есеп А4 үлгісіндегі ақ қағаз бетінде беттің бір жағында баспалық тәсілмен – қаріп айқын болу керек, жолдар арасындағы арақашықтық 1-1,5 интервалынан кем емес (Times New Roman – 14 пт.).
Қағазда мәтінді орналастыру кезінде шеттерді сақтау: сол 3 см, оң – 1,5 см кем емес, жоғарғы және төмен – 2 см тең.

Абзац тақырыбын мәтіннің бас әрпіне симметриялы басады. Бөлімшелер тақырыбын бірінші бас әріптен басқа абзацтың кіші әріптерінен бастап басады. Тақырыпта сөз тасымалы қолданылмайды. Тақырып соңында нүкте қоймайды. Егер тақырып екі сөйлемнен құралса, оларды нүктемен ажыратады.

Тақырып пен мәтін арасындағы арақашықтық 1-2 интервалында болу керек. Тақырыптың астын сызбайды.

Егер есептегі сұрақтар толық ашылмаса, есеп жетекші тексеруінен кейін білім алушыға толықтыруға беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет