Идеалистік сенсуализм - түйсіктермен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).
Қарапайым реализм - адамнан тыс тұрған заттарды, Құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді.
Гностицизм - дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;
Агностицизм - дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер;(Иммануил Кант)
Индукция (лат., нысанаға алу) – ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі;
Дедукция (лат.,шығару) – ой қозғалысы процесінің жалпылықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі;
Аксиоматика – логикалық дәлелдеу жолымен аксиома немесе постулаттан берілген теоряның басқа тұжырымдарын шығару;
Формализация - мазмұнды білімді таңбалық формализмде немесе формализацияланған тілде бейнелеу (Гильберт);
Моделдеу (лат.,modulus- өлшем, норма, үлгі) - оригиналдың аналогын жасау. Оригиналды тану үшін моделді жасау немесе таңдау процесі;
Идеализация (грек.,idea- түр, көлеңке) - шындығында бейнесі бар, бірақ күнделікті тіршілікте кездеспейтін объекттерді ойда құрастыру, конструкциялау;
Достарыңызбен бөлісу: |