Гуманитарлық пәндерді кіріктіріп оқыту. «CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі»
Бүгінде ұстаз қасиетті міндетін атқара отырып, білім беруді одан әрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, жаңғыртылған әдістемелік жүйені меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру сияқты жаңа талаптарға сәйкес істерді жүзеге асыруға бет бұрды. Сапаға жетелейтін, оны қадағалайтын түрлі тетіктер жеткілікті. «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін оқу - тәрбие үрдісіне енгізе отырып, тарату қазіргі таңдағы білім беру саласындағы тырнақ алды маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанның барлық білім беру мектептерінде НЗМ инновациялық білім беру тәжірибесінің тиімділігін ғылыми тәсілдер арқылы және оқытушы - әдіскерлердің ғылыми – әдістемелік ұстанымдарындағы ерекшеліктеріне тоқталып өтсек.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
Оқушыларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау;
Тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру;
Пәндерді кіріктіру;
Жаңа пәндерді енгізу;
Тереңдетіп және стандартты оқуға арналған пәндерді жоғары мектепте таңдау құқығы;
Жоғары оқу орындарына түсуге мақсатты түрде дайындалу
Бағалаудың критерийлік жүйесі;
Осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдыларын дамыту:
Сын тұрғысынан ойлау;
Білімдерді шығармашылықпен пайдалана білу;
Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру;
АКТ дағдылары:
Топта және жеке жұмыс істей білу;
Коммуникациялық дағдылар тілдік дағдыларды қосқанда міндеттер мен мәселелерді шеше білу;
Кіріктірілген білім беру ісін ұйымдастыру ерекшеліктері:
Үш тілді білім беру ортасы;
Тәрбие мен оқытуды кіріктіру;
Заманауи педагогикалық әдістер мен тәсілдер қолдана білу;
Үш тілде білім берудің тиімділігі Халықаралық зерттеулер үш тілде жүргізілетін оқу бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тіл білудің артықшылықтарын түсінеді. Зияткерлік мектептерде үш тілде оқытудың әдіс тәсілдері:
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі;
Командалық оқыту;
Тілдік ортаға ену;
Командалық оқыту әдістеменің үштілдік білім беру саясатына әсері.
Реформаны жүзеге асыру әрбір ұстаздың басты міндеті. Сондай міндеттердің бірі ретінде командалық оқыту әдістемесі негізінде кіріктірілген білім беру бағдарламасының үштілдік саясатының мақсатын жүзеге асыру болатын. НЗ мектептерінде жасалынып, іске асып жатқан игі істерімізді оқырман және ұстаздар қауымымен ортаға салып, бөліскіміз келеді. Мұндай игілікті істер ел болашағын қолына алатын болашақ жастарымыздың жан - жақты өсіп - өркендеуіне ықпал етері сөзсіз. Біздің алдымызда Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін нақты, айқын қойылған стратегиямызда мақсат пен міндет көрсетілген, оны орындау үшін ат салысу әр қайсысымыздың міндетіміз.
«CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі»
«CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» тақырыбында ағылшын тілі мұғалімі Г. Шапенованың педагогикалық тәжірибесін тарату іс-шарасы ұйымдастырылды.
Педагогикалық тәжірибеге қалалық білім бөлімінің әдіскері Р.К. Абилхамитова, қалалық әдістемелік бірлестік жетекшілері, 24 мектептің ағылшын тілі және жаратылыстану пән мұғалімдері қатысты. Іс-шарада ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагогикалық тәжірибесін таратушы Г.К. Шапенованың жұмыс жетістіктері және мектеп-гимназиясындағы үштілді сыныптарда жұмыс атқарып жүрген ұстардың іс-тәжірибелерінен көрме ұйымдастырылды.
Педагогикалық тәжірибенің мақсаты: ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын арттыру, олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білім алып, дамуға бейімдеу.
Бастауыш сыныпта КЛИЛ (кіріктіріп оқыту) әдісін қолданушы ағылшын тілі пәнінің жас мұғалімі С. Рашатова 3 «А» сынып оқушыларымен CLIL for kids – «Bounced bubbles» тақырыбында өткізілген микро сабағы өте тартымды өтті. Сабақтың мақсаты оқушылардың ағылшын тілінде функционалдық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды ғылымға баулыды.
CLIL Chemistry «Prarao’s snake» КЛИЛ химия сабағы 9 «А» сыныпта ағылшын тілі мұғалімі Г. Сайдалина және химия пәні мұғалімі Р. Габбасова бірлесіп, командалық микро сабақ үлгісін көрсетті. Бұл сабақта оқушылар химиялық элемент терминдерін ана тілінде ғана емес, ағылшын тілінде қолдана отырып, химиялық – лабораториялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Ағылшын тілі мұғалімі К. О. Зулкишева 9 «А» сынып оқушыларымен CLIL lesson – «A colour symphony» сабағында сабын тамшыларының сүт құрамындағы майды ыдыратуы арқылы түстердің қозғалысын зерттеп, түсініктеме берді. Бұл сабақта оқушылар биологиялық термин сөздерді ағылшын тілінде қолданып үйренді. Сүттің құрамымен танысты.
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі негізінде сабақта берілетін тапсырмалар мен жұмыстар тілді дамыту бағытында жүреді. Яғни тілдік емес пән оқытушылары тек пәннің мазмұнына ғана емес, сонымен қатар сол пән арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытады. Бұл әдіс арқылы бірден екі мақсатқа жетуге болады: ағылшын тілі арқылы сабақ мазмұнын түсіндіру және пәндерді меңгеру арқылы ғылыми тіл дағдыларын дамыту.
Семинарды қорытындылау мақсатында жазбаша түрде сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде университет оқытушылары мен магистранттарына әдістемелік семинардың тақырыбы мен мазмұны жақсы әсер қалдырса, оқыту технологияларының ішінде CLIL әдісі туралы жақсы мағлұмат алғандарын және оқып-түйгендерін өз тәжірибелерінде қолданатындарын айтып, білім мен ғылым саласы үшін үштілді білім берудің маңыздылығын, пәндік және тілдік оқытуды бағалау процесінде CLIL әдісі бойынша сабақты жоспарлауда өз білімдерін жетілдіргенін атап өтті. Болашақта өзге де оқыту әдіс-тәсілдерге мақсатталған біліктілікті арттыру курстары мен семинар-тренингтер өткізілсе деген ұсыныстарын білдірді. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Әдістемелік семинарды кәсіби деңгейде жоғары жүргізгені үшін профессор Нетти Войвинге университет ректорының «Алғыс хаты» табысталды.
Сонымен қатар, Қыздар университеті басшылығы Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жоғары білім беру мектебінің тәжірибесін тарату шеңберінде әдістемелік семинарларды жоғары деңгейде өткізудегі белсенділігі үшін алғыс айтып, болашақта оқытушылардың біліктілікті арттыру мақсатында білім беру саласындағы ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Командалық оқыту әдісі «TEAM TEACHING»
Бүгінгі таңда мектебімізде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Ямайка, Кениядан келген жоғары біліктілігі бар, өз ісіне білікті, ұзақ жыл еңбек өтілі бар жас мамандар мен шетел пәнінің мұғалімдері қызмет атқарады.
Командалық оқыту «Team teaching» – бұл екі мұғалімнің өзара қызметтестігі, олар ортақ мақсатқа жету үшін, яғни оқушылардың білімдерін жетілдіруге ұмтылады. Оқушылар үшін мұғалімдер білім беретін ортаны жасайды және өзінің білім беру тәжірибесін жетілдіріп отырады.
Мұғалімдер бірлесе отырып сабақты жоспарлайды және сабақты немесе сабақ серияларын өткізеді, оқу ресурстармен өзара бөлісіп, оқушылардың жетістіктерін бірлесе бағалайды, сонымен қатар, бағалаудың қорытындысын негізге ала отырып, білім беру әдістерін үнемі дамытып отырады.
8-12 сыныптарда және бастауыш мектепте жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер, ағылшын тілі, экономика, жаһандық перспективалар сияқты сабақтарды командалық оқыту арқылы халықаралық мұғалімдермен өзара тәжірибе алмасады.
Мемлекеттік тілге ену, іске асыру мүмкіндіктері
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту – білім саласындағы және педагогика ғылымындағы келелі мәселелердің бірі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамып әлеуметтік міндеттердің толық мағынада іске асуы оның қолдану аясының кеңеюдің кепілі. Қазақ тіліне толық ену арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру сондай басатмалардың бірі боп табылады. Орыс тілді оқушыны мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап қазақ тіліне толық ену ортасын жасаған жағдайда оның екінші тілді меңгеруі табиғи жолмен іске асады. Тілге толық енудің оқу ортасы қазақ тілінің екінші тіл ретінде міндеттерінің іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Демек, тіл қарым-қатынас құралы ретіндегі міндеттерін іске асырудың жаңа мүмкіндіктерімен қоса ойлау мен таным құралы ретінде адам, қоғам және табиғат туралы білім мен білікті меңгеру құралы болады.
Қазақ тіліне толық ену жағдайында 1 – сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне сай берілген танымдық мүмкіндіктері негізінде қоршаған ортаны тануды, оқу пәндеренің мазмұнын меңгеруді қазақ тілі арқылы іске асырады. Оқушының қоршаған ортадағы заттар мен айналадағы құбылыстар, әлеуметтік жағдаяттарды танып білуі, оладың себеп-салдарын ұғынуы қазақ тілі арқылы меңгерлетіндіктен оқу үрдісі алғашқы 1,5 жылда тек қана қазақша жүргізіледі. Орыс тілі жеке пән ретінде 2-сыныптың екінші жартыжылдығынан бастап оқытылады.
Көптілділік біздің қоғам үшін Елбасының «үш тұғырлы тіл» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Тәуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле отырып, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа халықтардың тілдері де назардан тыс қалған жоқ. Өйткені, мәдениет мен тілдердің сан алуандығы – бұл Қазақстанның ұлттық байлығы. Яғни, еліміздегі кез-келген этностың өкілі қай тілде білім алатынын ерікті түрде таңдай алады. Қоғамымызда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр оны Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан көруге болады.
Білім беру жүйесінің түпкілікті модернизациялану үрдісінде шетел тілдері де алдыңғы қатарлы рөл атқарады. Үштілді білім беруге ұмтылу Еуропалық кеңес елдер тенденцияларына то- лыққанды сәйкес келеді.
Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Ия, расында да, ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Үштілділікті халық үрейлі кейіпте елестетеды және де мұны ең соңғы өлу деп те қорқатындығын жасырмайды. Жоқ! Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес. Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек. Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. Қиындық туғызатыны - аталған үш тілді меңгерген мамандардың кездесе бермейтіні. Ендеше, аталған компоненттерден тұратын, яғни қазақ, ағылшын, орыс тілі қатысқан үштілділік сөйлермендерін дайындау кезек күттірмейтін мәселе. Мәселені түбегейлі шешу үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында ағылшын, қазақ тілінен маман болып шыққан қазақ тілді қазақ және басқа ұлт өкілдерін үштілділікке ыңғайлап қайта дайындаудан өткізіп, оларға үштілділік маманы деген құжат табыс еткен жөн.
Әбу Насыр әл-Фараби атамыз өз заманында жетпіс тілді жетік меңгерген дейді. Біз сол үшін өзіміздің ұлы тұлғаларымыздан үлгі алуымыз керек. Тарихқа үңілетін болсақ біз заманында қауһарлы елдердің әлсіз елдерді басып алып өзінің саясатын жүргізіп сол елге білімі мен тілін үйреткенін байқадық, кейбір елдер өз тілін ұмытып жоғалтып алса, кейбіреуі көзінің қарашығындай сақтап қалды. Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ демекші, біз өзімізге қазіргі уақытта маңызды құндылықтарымызды бағалай алуымыз және оны ары қарай дамытуымыз ертеңгі ел болашағына зор үлес қосу деп санаймын. Болашақ жастар көп тіл білгеннен ұтылмайды керісінше көп нәрсені талдау, саралау кезінде ұтымды көзқарас жасай алады. Қазақстанды шет елге танытуға да көп көмегін береді.
Қара сөзбен әлемге таңдай қақтырған, әлем әдебиетімен тереземізді теңестірген Абайдың, қазақ қанына ғана тән суырып салма өнерімен талай жырды жырлаған ақын-жыраулардың ұрпағы, біздер, Қазақ жастарына үш тілді жетік меңгеру қиын емес деп ойлаймыз. «Оян қазақ» - деп ұрандаған Алаш азаматтары қаншама түркі тілдерін жетік меңгергені бізге мәлім. 1924 жылы маусымының 12-18 күндері аралығында Қазақ АКСР-нің сол кездегі астанасы Орынбор қаласында өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» термин туралы (пән сөздері) баяндама жасаған Елдес Омарұлы былай деген: «Пән сөзді өз тілімізден таба алмаған күнде, не күнделікті қолданған латынша пән сөздерді алуға болады. Бірақ ондай жат сөздерді алғанда - оны тіліміздің заңына келтіріп өзгертіп алу керек». Бұл жерде айтайын дегенім кез келген шет елдегі кіріспе сөздер аударылмай сол күйінде қалуы керек. Оларды өз тілімізге аударған жағдайда бастапқыда аталатын мәні өзгереді.
Ғылыми әдебиетте «көптілді білім беру - бұл білім беру мекемелерінде оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде аудармасыз оқыту» деген ұғым қалыптасқан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына жүгінсек, бүгінгі түлек – көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі дамыған, көпмәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ елінің және жалпықазақстандық құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға.
Сол Алаштың жаққан тіл арқылы білімді игеру отын сөндірмейік деп, тіл үйренген, білім қуған жастар біз боламыз!
«Көптілділік» кез келген тұлғаның қалыптасуына және болашақта Қазақстан Республикасының жан – жақты дамуына әсер етуі үшін қажетті құралдардың бірі, сонымен қатар, «модернизациялану», «жаһандану» үрдістерін қабылдаудың бірден-бір құралы болып табылады. Қорыта келе, көптілділікті жеке тұлға қылаптастырудың негізі ретінде қарастырып, зияткер тұлға қалыптастыруды заманауи халықаралық деңгейде білім беру кеңістігіне шығатын дара жолдың зерттеу нысаны есебінде санау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |