Х. ДосмҰхамедов


Жұмыспен қамту саясатын іске асыру



бет66/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

2 Жұмыспен қамту саясатын іске асыру
Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзірлеуге, еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға міндетті. Ал жергілікті атқарушы органдар аймақтық бағдарламалар әзірлеп тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аума-ғында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтап отырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мына арнайы іс-шараларды іске асыруға міндетті:
1) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға — жұмыс табу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлап отыруға;
2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс тандауда жәрдем-десуге, жұмысқа орналасу және оқу үшін жолдама беруге;
3) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзуге;
4) азаматтар өтініш жасаған күннен бастап 10 күн кешік-тірмей тіркеуге, оларды есепке қоюға;
5) кәсіби бағдарлау ісінде азаматтар мен жүмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;
6) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуге;
7) еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберуге;
8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беруге;
9) халыктың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігіне (жұмыс күшіне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық, атқарушы органдарға енбек рыногының жай-күйі туралы хабарлауға;
10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемді қамтамасыз етуге.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота дегеніміз — Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбек ресурстарының теңгеріміне сәйкес жыл сайын белгілейтін экономикалык белсенді халыкқа қарағанда шетелдік жұмыс күшінің пайызға шаққандағы үлесі. Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жұмыс берушілерді шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттігі туралы алдағы жылға арналған негіздемені орталық атқарушы органға ұсынады. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - белгіленген квота шегінде Қазақстанға әкелу үшін шетелдік жұмыс күшінің санын анықтайтын орталық атқарушы орган жұмыс берушіге беретін құжат..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет