Бақылау жұмысы Қорапта түрлері бірдей, бірден онға дейін номерленген 10 шар бар. Кездейсоқ біртіндеп үш шарды шығарады. Шығарған шарларды қайта қорапқа салғанда және қайта салмағандағы шарлардың номерлерінің 1, 2, 3 болып шығу ықтималдықтарын тап.
Төрт рет нысанаға атқанда оқтың кемінде бір рет тию ықтималдығы 0,9875 тең. Бір рет атқанда оқтың нысанаға дәл тию ықтималдын тап.
Екі бақылаушы бұйымның сапалы болуын тексереді. Тексеру үшін бірінші бақылаушыға бұйымның түсу ықтималдығы 0,55 , ал екінші бақылаушыға бұйымның түсу ықтималдығы 0,45 -ке тең. Бірінші бақылаушы тексеріп оны сапалы деп айту ықтималдығы 0,9-ға тең, ал екінші бақылаушы тексеріп оны сапалы деп айту ықтималдығы 0,98-ге тең. Тексеру барысында бір бұйым сапалы болып қабылданды. Ол бұйымды екінші бақылаушы тексерген болу ықтималдығын тап.
Үлестірім заңдылығымен берілген дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орта квадраттық ауытқуын тап.