142
болғанда және Конрадсон бойынша кокстеу 97% - ға төмендеген кезде 99%
- дан жоғары болуы мүмкін [10].
Axens компаниясы катализатордың қайнаған қабаты бар реакторды
пайдаланатын H-Oil деп аталатын ауыр көмірсутекті қалдықтарды өңдеу
процесін кеңінен дамытуда. Процесс шикізатты түрлендіру дәрежесінің кең
ауқымымен сипатталады және әсіресе құрамында металдардың жоғары
мөлшері мен жоғары кокстелуге бейім ауыр вакуумдық айдау қалдықтармен
жұмыс істеуге ыңғайлы. Бұл технология көбінесе өзінің жүйесі бойынша LC-
Fining процесімен ұқсас, бірақ реактордың жұмыс тәртібімен, құрылымдық
ерекшеліктерімен (өнімдерді бөлу мен тазартудың арнайы жүйелері,
катализатор тасымалдау, жылуды кәдеге жарату және т.б.) ерекшеленеді.
Осы процестерде бірнеше реакторларды пайдалана отырып, көп сатылы
сызба іске асырылуы мүмкін. Әдетте, технологиялық тізбек үш реактордан
тұрады, олардың біріншісі сутегімен деметаллдау үшін, ал екіншісі және
үшіншісі – гидрокүкіртсіздендіру немесе гидрокрекинг үшін жұмыс істейді.
Реакторларда араластыру жақсы жүргізіледі және изотермиялық тәртіп
қамтамасыз етіледі; процесс барысында катализаторды оның белсенділігін
сақтай отырып қосуға және шығаруға болады және жөндеу аралық мерзімі
3-4 жыл. Қалдық шикізатты түрлендіру процесінің жұмыс тәртібіне,
мақсатына және сызбасына байланысты конверсия 30-90 %, ал
деметаллизация дәрежесі - 98% жетуі мүмкін. Мысалы, мақсаты аз күкіртті
қазандық отын алу болып табылатын процесте >350 °C фракцияның
шығымы шамамен 70% көлем құрайды, құрамында күкірт мөлшері 0,7% -
дан аспайды [11].
Сонымен, процестерді талдау нәтижелері вакуум газойлдарын, ауыр
мұнай қалдықтарын өңдеу және жақсарту бойынша әлемдегі бар өндірістік
қондырғылар елімізде шығарылатын ауыр мұнай фракцияларынан
каталитикалық гидрогенизациялық процестердің болашағы бар шикізаты
ретінде және экологиялық талаптарға сәйкес сапалы тауарлық өнімдер
алуға болатындығын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: