Хабаршысы вестник



Pdf көрінісі
бет127/164
Дата06.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#79413
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   164
Байланысты:
№1 (56)-2020

Негізгі сөздер:
Жайық жағалау каналы, ихтиофауна, түрлер құрамы, 
жартылай өтпелі балық, ұзындығы, балықтың салмағы.
Жайық-Каспий бассейні бекіре және толық өрістемейтін балықтардың 
табиғи түрде уылдырық шашатын, қоңдануына және балық шабақтарының 
өзеннен теңізге құлдилауына жағдайлары бар балық шаруашылығы су 
айдыны болып саналады. Жайық өзенінің кешенді маңызы бар. Жайық 
өзенімен сағалық кеңістігі - кәсіптік балықтардың орын ауыстыратын, 
сағадан өзенге және кері қайтатын түбегелi ерекше айдын. Жылдың барлық 
маусымдарында барлық аймақтарында балық қорының қалыптасып және 
жайылып-семіруіне, шабақтар мен ересек балықтардың өсуі жүреді. Жайық 
өзенімен сағалық кеңістігінде балық қорының жасақталуы Жайық өзенінде 
толық өрістемейтін балықтарының шоғырландыруы (табан, каракөз, 
көксерке т.б) маусымдық миграциясының толқуынан, жазғытұры өзенге 
келуінен және кері өзеннен сағалық кеңістікке қайтуына байланысты. 
Атырау филиалы мемлекеттік тапсырыс бойынша Атырау облысында
ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда «Ак Жайык», аймағында орналасқан 
Жайық өзені - Приморский каналында зерттеулер жүргізді.
Зерттеулер мақсаты спорттық-әуесқойлық, мелиоративтік, ғылыми 
және өнеркәсіптік балық аулаулар жүргізу, балықтардың немесе басқа да су 
жануарларының түрлік құрамы мен олардың қорының кәзіргі жағдайын 
бағалау болды. Осы ерекше қорғалатын аймақтарда бұрын соңды спорттық-
әуесқойлық балық аулауға зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. 


171 
Жайық өзенінің төменгі ағысында спортық және әуесқойлық тұрғыдан 
балық аулау ісі жыл сайын кеңінен өріс алып келеді. Мектеп жасындағы 
баладан бастап ересектерге дейін балық аулаумен әуестенуде. Ауданымызда 
әуескойлық тұрғыдан балық ауланатын учаскелер мейлінше көп, әуеской 
балықшылар балық аулауға рұқсат берілген аудандарда балық аулайды.
2019 жылғы зерттеулер көктем, жаз мезгілдерінде жүргізілді. Зерттеу 
аудандары "Ақ-Жайық" ЕҚТА (одан-әрі, ерекше қорғалатын табиғи аймақ) 
аумағына жататын Приморский каналы болды. 
Ихтиофаунасы бойынша сынама жинау Приморский каналында құрма 
тор құралдарымен жүргізілді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде әрқайсының ұзындығы 25 метр 
болатын тор көздері 30, 40, 50, 60, 70, 80мм 6 желіден тұратын стандартты 
жиынтық пайдаланылды, тереңдігі 2-3 метр. Приморский каналы 
аулаумдарындағы түрлік ара қатынаста басым жетекші орында табан, сазан, 
балпан балықтары иеленді. Зерттеулер кезеңінде 152 дана кәсіпшілік 
балықтардан сынамалар алынды (кесте 1). 
Кесте1- 2019ж. Приморский каналында құрма тормен ауланған 
кәсіпшілік балықтардың сандық құрамы мен түрлері 
Балық 
түрлері 
Құрма тордың көздернің көлемі,мм 
Балық саны, 
дана 
30х30 
40х40 
50х50 
60х60 
70х70 
80х80 
Табан 

43 
25 
27 


106 
Сазан 






13 
Көксерке 







Жайын 







Беріш 







мөңке 







балпан 
балық 
22 





22 
Жиыны 
35 
48 
27 
31 

11 
152 
Ихтиологиялық материалды өңдеу жалпы қабылданған әдістеме 
бойынша (Н. И. Чугунова,1952, И. Ф. Правдин, 1966, А. В. Засосова, 1976) 
[7,8,9] жүзеге асырылды. 
Зерттеу барысында Приморский каналында құрма тормен ауланған 
балықтар биологиялық өңдеуден жүзеге асырылды. Құрма тормен аулануда 
сан көрсеткіші жоғары табан болды - 69,7%, сазан - 8,57%, көксерке және 
мөңке - 2,6-3,2%, басқа балықтар - 0,6% құрады. 
Приморский каналы Жайық өзенімен байланысты және өзенге кіретін 
балық жолдары болғандықтан балық түрлері де бір-біріне ұқсас 
қайталанатын популяциялар.
Приморский каналы Жайық өзенімен жалғасқан канал болып 
табылады. Осы су ағындары негізінен балықтардың барлық түрлері үшін 
көші-қон жолдары болып табылады, сынама алу станциялары су ағынының 
басында – Жайық өзенінің негізгі арнасынан тармақталған және су 


172 
ағынының соңында – теңізге құятың орындарда белгіленген.
Сурет 1 – Жайық өзені Приморский каналының схемалық картасы 
Приморский каналындағы балық ресурстарының жай-күйін бағалау 
кезінде табан, сазан, балпан балық, мөңке, көксерке, беріш балықтары 
ауланды. 
Толық 
өрістемейтін 
балықтардың 
өмірлік 
циклі, 
жоғарыда 
айтылғандай, олардың көбеюі өзеннің төменгі ағысымен және теңіздің 
тұщыланған учаскелерінде – шабақтар мен ересек балықтардың 
жайылымдарымен байланысты болады. Толық өрістемейтін балықтар 
жыныстық жетілуге жеткенде көктемгі кезеңде уылдырық шашатын 
жерлерге жаппай көші-қон жасайды. Өзенге кірер алдында балық өзеннің 
сағалық кеңістігіндегі едәуір мөлшерде шоғырланады, яғни ЕҚТА аумағында
қарқынды қоректенеді. 
Табан 
(Abramis brama orientalis Berg).Теңіз бен саға алдыңғы бөлігінде 
табан өмір циклінің көп бөлігін өткізеді, мұнда уылдырық шашудан кейін 
ересек балықтың және оның жас шабақтарының өсіп жетілуіне дейін 
болады. 
Сағалық кеңістікке кірер алдында табан саға алдыңғы аймағында 
шоғырланады, онда оның ең көп саны қыркүйек және қазан айларында 
болады. Өзендерде жол тамыз, қыркүйек және қазан айларында жалғасады. 
Өзендердің төменгі және саға алдыңғы бөлігінде қыстайтын табан, көктемде 
Солтүстік Каспийге қайтады. Жоғары көлемде құрма тор көздері 50-60мм-де 
аулануы анықталды. 2019 ж.бақылау кезеңінде табан денесінің ұзындығы 
19-дан 38 см-ге дейін, салмағы 130-дан 1138 г-деін, орташа көрсеткіш 27,8 
см және 542,3 г-ға дейін болды.
Сазан (Cyprinus carpio L
.) - фитофил, Каспий бассейніндегі уылдырық 
шашу порциялық, тек 18-20% балықта ғана, 17-18
0
С температураға 
жеткенде. Қолайлы жылдары уылдырықтың үш порциясына дейін шашуы 
мүмкін. Сазанның толық өрістемейтін түрінде миграциясы әлсіз көрінеді. 
Қыстақ көбею мен жайлым орындары бір-біріне жақын орналасқан. 
Негізінен, өтпелі сазан өзендердің төменгі ағысында, тереңдігі 0,5 м-ге 
дейін құйылған учаскелерде уылдырық шашады. Уылдырық шашу Жайық 
өзенінің бүкіл арнасынан өтеді. 


173 
2019 жылы көктемде ЕҚТА су айдындарындағы сазанның кәсіпшілік 
ұзындығы 29-дан 61см-ге дейін, ал салмағы 496-дан 3840г-ға дейін болды. 
Қоңдылық коэффициент орташа 2,05. Аталықтары басым болды. Зерттеу 
кезіндегі сазан аналықтарының үлесі 30,8% құрады. Жоғары көлемде 
аулануы 80х80мм тор көзден анықталды. 
Балпан балық -
(Blicca bjoerkna) өзен сағаларына жанасатын теңіздің 
тұздылығы аз өзен сағасымен жалғасатын учаскелерінен алыстамайды. 
Тұщы су балығы. Казіргі уақытта маусымдық көші-қон жасағанда да, өзен 
жүйесінің су айдындарына, әсіресе сағалық төменгі учаскелеріне, қолтық 
аймағына және саға басына бұрынғыдан көп дәрежеде байланған. Әдеби 
көздер бойынша шекті жасы 12 жыл, бірақ 8 жастан асқан балықтар өте 
сирек кездеседі. Жыныстық жетілу үшінші немесе төртінші жылы басталады. 
Уылдырық порциялық шашылады, екі немесе үш ретке дейін. Фитофильді 
түр. Уылдырық өсімдікке бекітілген. Қоректену негізін түптік организмдер 
(құрттар, ұлулар, кейде өсімдіктер) құрайды. Жартылай өтпелі түрлердің ең 
аз түрі. Көктемде бұл түрді аулау маңызды емес және көбінесе күзде 
олардың саны өседі. Саны төмен, неғұрлым құнды түрлерге арналған 
тамақтанудағы бәсекелес болып табылатын арзан бағалы түр. 2019 ж. 
ғылыми-зерттеу аулауларында балпан балық өндірушілер көлемі 16-дан 19 
см-ге дейін және салмағы 106-дан 193 г-ға дейін балықтармен ұсынылды. 
Аналықтары аулануда 81,8% құрады.
Мөңке (Carassius carassius
). Маңызды көші-қон жасамайтын тұщы су 
отырығы. Бұл түрдің Жайық өзенінің арнасында таралуы біркелкі емес. 
Мөңкенің негізгі саны жаппай уылдырық шашатын өзеннің жағалауына 
жақын орналасқан. Аналық мөңке 3-4 жаста, аталық – 2-3 жаста жетіледі. 
Аналықтары уылдырықты өсімдікке салады. Уылдырық шашу су 
температурасы 17 - 18
о
С жүреді. 
Көксерке (Stizostedion luciopercа, L. 
Көксерке - Жайық өзенінің сағасы 
мен төменгі ағысында 6-8
0
С температураға жеткенде уылдырық шашады. 
Көксеркенің теңізден өзенге жаппай күзгі және көктемгі қоныс аударуы 
байқалады. Балықтың негізгі бөлігі күзде өзенге көтеріледі. Орал көксерігі 
Солтүстік Каспийдің шығыс бөлігінде және сағалық кеңістікте кең тараған. 
Тек уылдырық шашу және қыстау кезінде Жайық өзеніне қоныс аударады. 
Әдетте, жаздың соңынан көксерке тұқым өндірушілер жоғары қоңдылыққа 
ие бола отырып, Жайық өзеніне қыстаққа кіреді. Олар төменгі ағыс пен 
сағаның терең жерлері мен шұңқырларында қыстайды. Көксеркенің күзгі 
көші-қоны қыркүйек, қазан және қараша айларында болады. Күзде көксерке 
популяциясының уылдырық шашу бөлігінің 75-80% өзеніне кіреді, ал қалған 
бөлігі келесі жылдың ерте көктемінде кіреді. 2019 жылы көктемде ҒЗЖ 
аулауда көксеркенің көлемі 38-ден 46 см-ге дейін, ал салмағы 712-ден 
1374г-ға дейін өзгерді. Көктемде аналықтардың үлесі 25% құрады.
Жайын (Silurus glanis).
Жайық-Каспий бассейнінде жайын барлық 
жерлерде, әсіресе, тұщыланған сағаға дейінгі кеңістіктерде, өзектерде және 
старицаларда мекендейді. Жайынның ең көп саны Жайық өзенінің сағасы 


174 
мен сағалық кеңістігінде өмір сүреді, бірақ ол үлкен көші-қон жасамайды, 
оның мекендейтін жерлері тұрақты болып қала береді.
2019 жылы ғылыми-зерттеу аулауларында жайын өндірушілер көлемі 
108 см және салмағы - 9866г. балықтармен ұсынылды. 
Беріш (Stizostedion volgensis). 
2019 жылы Жайық өзені Приморский 
каналында беріштің аулануы жоғары болмады. Беріш ұзындығы 23 см және 
салмағы 195г болатын бір-бір данасы 32х32 см құрма тор көздерінде 
ауланды.
Осылайша, Жайық өзені Приморский каналындағы ихтиологиялық 
зерттеулердің нәтижелері "Ақ Жайық" ЕҚТА Жайық өзенінің сағалық 
кеңістігінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ихтиофаунаның негізі 
балықтардың толық өрістемейтін түрлері болып анықталды. Приморский 
каналы уылдырық шашу және қыстау кезінде балықтарға арналған көші-қон 
жолдары болып табылады. 
Жайық өзені бойынша жалпы бөлінген квотададан 10 тонна көлемінде 
мемлекеттік табиғи резерваттың буферлік аймағында әуесқойлық балық 
аулауға келесі (қаракөз, көксерке, сазан, ақмарқа, жайын, шортан, табан, 
мөңке т.б) балық түрлерін аулау толық өрістемейтін балықтардың квотасына 
бөлінді. Жануарлар дүниесі объектілерін алып тастау квоталарын бөлу 
ережесіне сәйкес ҚР АШМ м. а. 27.02.2015 ж. № 18-04/149 бұйрығы. 
Соңғы жылдардағы ғылыми-зерттеулер қорытындысының ұсынысымен 
"Ақ-Жайық" ЕҚТА басшыларының шешімімен жазғы мезгілде әуесқойлық – 
спорттық балық аулау 2019 жылы 21 маусымда "Ақ-Жайық" ЕҚТА толық 
өрістемейтін балық түрлерін әуесқойлық – спорттық аулау Приморский 
каналында ұйымдастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет