Қырықоба 2 қорғандары. N 47º 42, 909'; E 48º 33, 713. Ерте темір
дәуірі.Құрманғазы ауданы, Асан ауылынан оңтүстік-шығысқа 22,5 км,
қашықта, Қырықоба қорғанының батыс жағында.Шығыстан-батысқа қарай
қатарласа 4 қорған шоғырланған. Көлемдері әртүрлі. Қорғандардың
диаметрі - 5 - 20 м, биіктіктері - 0,5 -1,5 м, аралығында. Құрылысы тас
араласқан құмды топырақтан үйлген. 3 сурет.
Нарын жерінде жүргізілген археологиялық барлауда ашылған
қорғандар ерте темір дәуіріне жатады. Табылған деректер, бұл обалар
сарматтардың обалары екенін айғақтайды. Келешекте жалғасатын
археологиялық зерттеу жұмыстары ескерткіштердің сырын толық ашады деп
ойлаймыз.