Бағырлай 1 қорғаны. N 48º 24, 011'; E 51º 26, 766'. Ерте темір
дәуірі. Мекен-жайы: Индер ауданы, Есбол ауылынан солтүстік-батыста 8 км.,
қашықта. Бағырлай 1 қорғаны ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіш
саналады. Қорғанның диаметрі - 61 м, биіктігі - 1,6 м. Айналасында оңтүстік
және солтүстігінде, сонымен қатар үстінде ордың орны бар. Үстіңгі бөлігінде
геодезиялық үшбұрыш белгісінің орны байқалады. Құрылысы құмды
топырақтан үйілген.
Бағырлай 2 қорғандары (2). N48º 22, 233';E51º 23, 769'. Ерте темір
дәуірі
. Қорғандар Индер ауданы Есбол ауылынан батысқа 11 км., жерде
орналасқан. Бірінші қорғанның диаметрі - 20 м, биіктігі - 0,6 м, екінші
қорғанның диаметрі - 7 м, биіктігі - 0,5 м. Айналасында және үстіңгі бөлігінде
ордың орны бар. Құрылысы құмды топырақтан үйілген.
Бағырлай 3 қорғаны. N 48º 21, 866';E 51º 23, 144'. Ерте темір дәурі.
Қорғандар Индер ауданы Есбол ауылынан батысқа 10,5 км, қашықта.
Қорғанның диаметрі - 50 м, биіктігі - 1,5 м. Айналасында және үстінде ордың
орны бар. Үстіңгі бөлігінде геодезиялық үшбұрыш белгісінің орны
байқалады. Құрылысы құмды топырақтан үйілген.