Галактикалардың жарқырауы сан алуан.
Алып галактикалардың абсолют жұлдыздық шамасы – 21-ге жуық.
Осылардан бір жарым мың есе бәсеңдеу ергежейлі-галактикалар бар.
Олардың абсолют жұлдыздық шамасы – 13-ке шейін.
Академик В. А. Амбарцумян көптеген спиральды және эллипстік
галактикалардың орталық аймақтарында –олардың ядроларында қопарылыс
түріндегі құбылыстар өтіп, зор мөлшерде энергия шығарылады деп тұңғыш
рет көрсетті.
Кейбір галактикалық ядролардың қуатты рентген сәулелері – олардың
қимыл-әрекетінің жоғары екенінің куәсі В. А. Амбарцумян сондай-ақ
галактикалар бір ерекше тығыз «жұлдызға шейінгі заттан» түзілген деген
болжам айтты. Оның ойынша, ол затта өздігінен уатылып, жұлдызға шейінгі
денелердің ассоциациясын туғызады, ал бұлар уатылып, жұлдыздарды да,
диффузиялық материяны да туғызады. Ядроларында күшті әрекет
байқалатын, қуатты радиосәуле шығаратын және газдарды мол мөлшерде
лақтырып шығаратын, галактикаларды ол жас галактикалар деп есептейді.
Дегенмен, ғалымдардың дені толығырақ тексерілген жұлдыздар мен
галактикалар Метагалактикадағы сутегі-гелий ортаның жеке бұлттарға
ыдырау нәтижесінде пайда болды деген гипотезаны жақтайды. Осыдан кейін
бұл бұлттар тартылыс есесінен сығылады. Шар тәрізді және эллипстік
галактикалардағы жұлдыздардың түзілу процесі әрқашан аяқталды. Олардың
жұлдыздыры – ең кәрі жұлдыздыр. Спиральдық және бұрыс кейіпті
галактикаларда жұлдыздардың түзілуі әлі де өтуде.