кейбір берілген жиынның әрбір элементіне берілген басқа жиынның белгілі бір элементі қойылатын ереже.
Әсірелеу -
Әсірелеу , гипербола (грек, hyperbole - күшейту) - әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің бірі, әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі.
Әсірелеу - әдеби тілдің көркемдігін ғана емес, бейнелілігін, әсерлілігін арттырын, құбылтудың бір түрі. Көне эпостык жырларда, фольклорлық туындыларда жиі кездеседі. Мысалы:
"Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар"
(мақал),
"Астындағы бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп..."
("Қобыланды батыр"). Әсірелеу ақын-жыршылар шығармаларында да жиі қолданылған.
Эпитет
Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:
түсті (алтын күз);
әдемілікті (алтын қасықтай); Бұл эпитет-теңеу
құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);
атақ-дәрежені (алтын жаға);
қазына-байлықты (алтын сандық);
жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.
Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады. Көркем әдебиетте тұрақты эпитет жиі қолданылады.