Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсаттар және хабарламалар



бет22/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

21-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсаттар және хабарламалар

1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асырады:


1) алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);




2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;


3) тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;


4) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнім мен заттың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік;


5) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);




6) патогендіктің I-IV тобындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат;


7) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


2. Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді пайдалануға тыйым салынады.

3. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынбай жүзеге асырылады.


Жеке және заңды тұлғалар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметі (пайдаланылуы) басталғаны және тоқтатылғаны туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге міндетті.


Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) басталғанға дейін объектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.


4. Рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.


Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжаттары иеліктен шығарылмайды.


Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайларда, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен рұқсат беру құжатының қолданылуын тоқтата тұрады.


Рұқсат беру құжатының иесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжатын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін бұзушылықтардың жойылғандығы туралы өтінішті ұсынбаған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы лауазымды адамдар көрсетілген мерзім өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде сот тәртібімен рұқсат беру құжатынан айыруға (кері қайтаруға) бастамашылық жасайды.


Рұқсат беру құжаттарын қайта ресімдеуге мынадай:


1) құжатта қателер (қатемен жазулар) анықталған;


2) өтініш беруші дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;


3) өтініш беруші заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;


4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;


5) өнімге қойылатын талаптарды қамтитын, қабылдануы гигиеналық қауіпсіздік, өнім құрамының көрсеткіштеріне өзгерістер енгізуге алып келмейтін жаңа нормативтік құқықтық акт шығарылған жағдайларда қосымша немесе қайта зерттеулер (сынақтар) жүргізбестен жол беріледі.


Ескерту. 5-тарау 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет