Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру



бет31/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

33-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру

1. Медициналық көмекті ұйымдастыруды уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді денсаулық сақтау субъектілері осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.


2. Денсаулық сақтау субъектілері:


1) сапалы медициналық көмектің көрсетілуін;


2) уәкілетті орган рұқсат берген диагностиканың, профилактика мен емдеу әдістерінің, сондай-ақ дәрілік заттардың қолданылуын;


3) төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен терроризм актілері жағдайларындағы жұмысқа дайындықты;


4) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың профилактикасы, алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін;


5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және дәйекті ақпарат берілуін;


6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын;


7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және өз қызметіндегі сабақтастықты;


8) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың қалыптастырылуын;


9) уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер бойынша алғашқы медициналық құжаттардың жүргізілуін, есептердің табыс етілуін;


10) инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы - уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу қатері және (немесе) пайда болуы туралы - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.


3. Денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады.


Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2010.04.08 № 266-IV; 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет