Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу негіздері



бет5/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс
жастар саясаты бағдарламасы
5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу негіздері

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:


1) Қазақстан Республикасының Президенті;


2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;


3) уәкілетті орган;


4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.


2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:


1) медициналық, фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиялогиялық қадағалау;


2) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;


2-1) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау;


3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;


4) денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;


4-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау;


5) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу;


6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда және шарттардың талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;


7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, медициналық бұйымдар мен медициналық көрсетілетін қызметтерге бағаларды мемлекеттік реттеу;


8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер өткізетін дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу;


9) фармацевтикалық инспекция жүргізу жолымен жүзеге асырылады.


Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет