Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Донорға берілетін кепілдіктер



бет112/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

167-бап. Донорға берілетін кепілдіктер

1. Донорлық функция жұмыс күндері орындалған кезде донор орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.


Егер өтеусіз донациялау болса, онда донорға орташа жалақысы сақтала отырып, қосымша бір демалыс күн беріледі, бұл жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. Осы кепілдіктер донациялау кезінен бастап бір жыл бойы жарамды.


2. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша қан мен оның компоненттерін донациялау күндері жұмысқа шықса, оның орташа айлық жалақысы сақтала отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.


3. Донор болып табылатын қызметкерді қан мен оның компоненттерін донациялау күндері түнгі уақыттағы жұмыстарға, үстеме жұмыстарға, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға тартуға жол берілмейді.


4. Донор болып табылатын әскери қызметші қан мен оның компоненттерін донациялау күндері нарядтарда, вахталарда тұрудан және қызметтің басқа да түрлерін атқарудан босатылады.


5. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерін донациялау күндері оқу-тәрбие процесінен босатылады.


6. Донорларды көтермелеу жүйесін уәкілетті орган бекітеді.


Донорға қан мен оның компоненттерін донациялаудың жиынтық санын ескере отырып, берілетін қосымша көтермелеу шаралары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.


7. Қан немесе оның компоненттерінің аяқталған немесе аяқталмаған донациясын жүзеге асырған донор донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған кезде қан мен оның компоненттерін донациялағаннан кейін өз қанының көлемі мен организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не уәкілетті орган белгілейтін мөлшерде оның ақшалай баламасын алады.


8. Донорлық функцияны ақылы негізде атқарған донорға қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен және мөлшерде ақы төлейді.


Ескерту. 167-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет