Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы



бет4/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.


2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУ
4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат:


1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;


2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;


3) ана мен баланы қорғау;


4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;


5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;


6) медициналық көмектің қолжетімділігі;


7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;


8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету;


9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы;


10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;


11) отандық медицина мен фармацевтика ғылымын мемлекеттік қолдау, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту, жаңа дәрілік заттар мен технологиялардың инновациялық әзірлемелері саласындағы ғылым мен техниканың озық жетістіктерін және технологияларды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы әлемдік тәжірибені енгізу;


12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;


13) отандық әзірленімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;


14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;


15) денсаулық сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;


16) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;


17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу;


18) қауіпсіз, сапалы және тиімді дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қолжетімділігін және олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүргізіледі.


Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет