Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау



бет88/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қарамастан динамикалық байқау белгіленуі мүмкін және ол психиатр-дәрігердің тұрақты қарап-тексеруі арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.


2. Динамикалық байқау психикасының бұзылуы тұрақты немесе созылмалы болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған, асқынған ауру белгілері жиі болатын адамға белгіленуі мүмкін.


3. Динамикалық байқауды белгілеу қажеттігі және оны тоқтату туралы мәселені шешуді амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін психиатриялық ұйымның әкімшілігі тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемінде үш дәрігер болады.


4. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының дәлелді шешімі медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді. Динамикалық байқауды белгілеу немесе оны тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.


5. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған кезде бұрын белгіленген динамикалық байқау тоқтатылады. Динамикалық байқау тоқтатылғаннан кейін сол адамның өтініші бойынша немесе келісімімен не оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе келісімімен психиатриялық көмек консультация және емдеу түрінде көрсетіледі. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Кодекстің 123-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша психикасы бұзылған (ауырған) науқастарға динамикалық байқау қайта жалғастырылуы мүмкін.


6. Динамикалық байқауды тоқтату туралы мәселені қарау психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның өзінің бастамасы бойынша, сондай-ақ оның заңды өкілінің бастамасы бойынша осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.


Ескерту. 124-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет