Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі. Қарастырылатын мәселелер


Тақырыбы: Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі



бет2/2
Дата27.04.2022
өлшемі26,21 Kb.
#141048
1   2
Байланысты:
этнопедагогика

Тақырыбы: Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.

Қарастырылатын мәселелер.

  1. 1.Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы.

  2. 2.Еңбек-өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі.

  3. 3.Ұл бала мен қыз баланы еңбекке тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері.

  4. 4.Еңбек тәрбиесі туралы халық мақалдары, олардың тәрбиелік мәні.

Қазақтың халық педагогикасында еңбек тәрбиесі ерекше орын алады. Тәй-тәй басып, әрекет жолына түсе бастаған бөбектен бастап еңбек тәрбиесі еңбексүйгіштікке (қарекет қылуға), еңбкекті құрметтеуге (ата-ананыњ еңбегін құрметтеп, оны мақтан тұтып, оларға көмек көрсетуді борышым деп санауға), еңбекке дағдылануға (үйрету, жаттықтыру, дағдыға айналдыру) үйретеді.


Еңбек тәрбиесі алғаш, негізінен, баланың еркін әрекет жасап, тал-пыну, талаптану, ойнау, ойын үстінде үйрену кезінде іске асырылады.
Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы- баланы кєсіпке үйрету болып табы-лады: мал бағу, егін салу, сәулет өнеріне үйрету, зергерлік, тоқыма-шылық, құсбегі болу алуан түрлі ұсталық кәсіпке үйрету негіздері.
Мал бағу- қазақ халқының негізгі бір ұлттық кәсібі болғандықтан, балаға ес біле еңбек етіп, мал бағуды үйретуді халық әрбір ересек адамның борышы деп есептейді.
“Қой бақсаң, өрісін тап”, “Доп ойнаған –тозар, асық ойнаған –азар, бєріненде қой бағып, көтен, мойын жеген-озар” деп халық қой бағу өнерін жоғары бағалайды. Қой-ешкі бағу оњай емес, оны ерте өргізіп, кеш қоралау, жазда ешкі-қойды желдетіп, қыста ықтатып бағу отар малды кезінде суғарып, жусату. Қой қосақтап, оны сауа білу, қозы бөлу, қой идіру, қой қырқу, қой емдеу, қой санау, қой түстеу, қой сою жұмыстарының әр саласы-бір ғылым. “Егін ексең, жүгері ек, жүгері-сүт, жүгері ет”, “Нан құраннан да қасиетті” , “Алтын-күміс тас екен, арпа бидай ас екен” деп халық егін егуді қастерлеп, жоғары бағалайды. “Көктемніњ бір күні, қыстыњ бір айына азық” деп егін салудың оны орып-жинаудың өз мезгілі болатынын қатаң ескертеді, егін жиналған соң сабан той (алтын дән) жасайды.
Дүние жүзіндегі жеті өнердің ең сәулеттісі “Тахла – Маклан ” ғимаратын салған Мұса шебер- қазақ. Сәулет өнері қазақ жерінде ертеде дамыған. Оған монғол шапқыншылығында қазақ жерінде қираған (Отырар, Сауран, Сайран, Созақ, Иассы, Сығанақ, Испиджаб,т.б) жүзден астам қалалар мен қымбатты тарихи ескерт-кіштер дєлел бола алады. Сәулет өнерінің керемет үлгілерін тамсанасөз ету ертегілер мен аңыз әңгімелерде батырлар жырларында кездеседі. Сәулет өнерінің үлгілерін Қожа Ахмет Иассауи, Арыстан бап кесенелерін көреміз.
Киіз үй – қазақтың сєулет өнерінің тарихи табысы. Киіз үйдіњ жолым үй, төрт қанатты, алты қанатты, он екі қанатты (керегелі) түрлері бар. Оныњ жабдықтарын ( кереге, уық, шањырақ, туырлық, түндік, жабық, үзік, уық бау, кереге бау, басқұр, ортаңқұр, есік, ергенек, т.б) жасау үшін қыруар еңбек, асқан шеберлік керек. Бұл еңбек тәрбиесінің бір негізі.
Зергерлік өнерін қазақ халқы жоғары бағалап, зергерлерді ардақтап, олардың өнерлерін
(ою-өрнек, алқа, сырға, білезік жасау, т.б) уағыздап, жастарға үйретіп отырған. Зергерлердің ғасырлар бойы еңбек етуінің нәтижесінде халықтың өзіне тән ұлттық ою-өрнектері ( мысалы: “Алтын адам” өрнектері) бар.
Кілем, алаша, шекпен тоқу өнерін жастарға үйрету ісі өз жалғасын тауып келеді. “Үшқш кілем” өрнектерін қиялдаған халық өз шеберліктерімен қалы кілем, түкті кілем, алаша кілем, жібек кілем, т.б. кілем түрлерін тоқуды жастарға үйретіп келеді.
Алуан түрлі ұсталық кәсіптер (үй ағашын, киізін даярлау, кесте тігу) көбінесе, әулеттік кәсіп ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеді. Әулеттік кәсіп ұлғайып ұлттық кәсіпке айналып отырған. Әулеттік кәсіпті жастарға үйретіп, оны жалғастырып отыру ұлттық салтқа айналған (мал бағ, егіншілік, бағбандық т.б).
Аңшылық – халықтың ең көне кәсібі. Тұзақ салу, садақ ату, ит қосу, құс салу (құсбегілік) кәсібі, көбінесе, сәулеттік кәсіп болған. Әрбір кәсіптің өз тәсілдері мен тәжірибелері бар.
Балық аулау кәсібіне үйрету үшін халық ең алдымен балықтыњ түрлерімен (бекіре, сабан, шабақ, алабұқа, шортан,қызыл балық, жайын т.б ) таныстырады, балық аулау құралдарын (қармақ, ау, тор,т.б) қолдануды үйретеді, балық тағамдарын (балық сорпа, сұр балық, т.б) даярлау тәсілдерін білуді насихаттайды.
Әулеттілік тағылымдар мен дәстүрлер – бір атадан тараған әрбір әулеттің өзіне тән қалыптасқан мұралық дәстүрлері. Мысалы, емшілік, ұсталық, өнерпаздық, саяткерлік, диқандық, сәулетшілдік, т.б. әулеттік дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа үлгі- өнеге , тәрбие үйрету арқылы жалғасып отырады.
Әулеттік дәстүрлерді жалғастыру үшін ата баланың әулеттік намысын қоздырып, өз өнегесін үйретеді. Сол арқылы жалпы халыққа үлгі көрсетіп, халықтық педагогиканы дамыта түседі. Халық әулеттік тағылымдар мен дәстүрлерді жоғары бағалап, оны ұрпақтарына үлгі етіпотырады. Халық арасынан шыққан әулеттік ансамбльдер, айтыстық ақын дәстүрлері, т.б. әулеттік дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор болып табылады.
Қазақ халқының халықтық педагогикасы жањаша дәстүрлермен, тамаша салт- саналармен дами береді.
Әулеттік тағылымдар мен дәстүрлердің тәрбиелік мәні, оның жалғастық, мұралық өзектерінің үздіксіздігіне байланысты.
Отбасында халық педагогикасының еңбек тәрбиесіне лайықты нұсқалары үздіксіз пайдаланылады: үлкенді сыйлау, ас алдын үлкенге ұсыну- еңбек нәтижесінің ізгілік көрінісі болса, еңбек туралы мақал- мәтелдерді үзбей мысалға келтіріп, игілікті іске басшы болып отыру үлкендердің борышы.
Қыз баланыњ үй ішіндегі еңбегі ұшан- теңіз. Әсіресе үй ішін жинай білу, төсек жию, жүк жинау, кілем ұстау, үй жићаздарымен үйді безендіре білудіњ ұлттық белгілері өте мол. Қыз баланыњ кесте тігу, ою өрнектеу, киім пішіп, тіге білуіне, кілем тоқуына, т.б. кәсіптік іс-әрекеттеріне ана басшылық жасап отырады.
Отбасындағы еңбекке тәрбиелеу ісіндегі еңбек бөлісін, көбінесе, әке басқарады. Ер баланыњ малшы, егінші, сәулетші болуы мен әулеттік кәсіпті үйренуі, негізінен, әкенің іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты.
Отбасындағы еңбек тәрбиесіне аңыз әңгімелердіњ (“Аяз би”), ертегілерінің (“Ер Төстік”), ұлттық ойындардың (“Жанұя” қуыршақ ойыны), мақал – мәтелдердің (“Еңбек бәрін жеңбек”, “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”) әсері мол. Халық педагогикасыныњ бұл салаларын от басында тиімді пайдалану ізденуге, ізгі іске жауапкершілікпен қарауға байланысты. Мысалы, жас бөбекті күтуге жанұядағы барлық жан қатысады, олар бесік жырын, сол үшін де жақсы білуге ынталанады. Ал “ғажайып бақ” сияқты ертегіні балаға айтып беру, “Аяз би” аңыз-ертегісін баланыњ өзіне айтқызу оның еңбек сүюіне, әдептілік әрекетіне әсер етпей қоймайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет