Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие



бет1/2
Дата02.05.2020
өлшемі17,79 Kb.
#65425
  1   2
Байланысты:
Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие


Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие
Халыққа экологиялық білім берудегі негізгі орындардың бірі-мектеп болып саналады.Мектепте жас ұрпақ өзін қоршаған табиғаттың сыр-сипатын оқып-біліп қана қоймай,табиғатты қорғау жолына үйрететін экологиялық тәлім-тәрбие де алу керек.Мектепте оқушыларға экологиялық білім берудің мәні зор.Өйткені орта мектепті бітіретін әр жеткіншек табиғат пен адам арасындағы алуан қарым-қатынастың мәнісін нақты пайымдай алатын сатыға көтерілуі тиіс.

Құстар мен аңдарға жасалған рақымшылығын мынадай ұғымдардан көреміз: «бетіне сепкіл түседі» деп құс жұмыртқасын жарғызбаған; «Құс төресі байғыз» деп санағандықтан,оны ұстай қалса, босатып жіберген; «аққу қүсы киелі» деп оны атуға тыйым салған; егер қарлығаш киіз үйдің босағасына ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпей отырған.

Ата-бабаларымыз малды тепкізбеген; « Құты қашады »деп,малды басқа ұрғызбаған.

Жәндіктерге де тигізбеген,« Бақаны өлтірсе жаңбыр жауады » деп өлтіртпеген.Абайсызда жылан үйге кіріп кетсе,оны өлтірмей басына ақ құйып ептеп шығарып жіберген.

Міне, осындай қазақтың тыйым сөздері арқылы біздің ата-бабаларымыздың ежелден-ақ жан-жануарлар мен жәндіктердің белгілі бір түрлерін қалай қастерлеп,қорғағандыңтарын білеміз.Ал осы айтылғандай ырым,тиым сөздер бала тәрбиесінде күнделікті қолданылып отырса,баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің арта түсетіндігі сөзсіз.

Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиған мол тәжірибесі бар.Баланы ерте бастан әдептілікке,имандылыққа,еңбек сүйгіштікке,мейірім, қайырымдылыққа табиғатты сүюге тербиеледі.

Бүгінгі танда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік мәселеге айналған шақта жасөспірімге өзі мекен ететін қоршаған ортаның ауыр халін тереңірек түсіндіруде халқымыздың тәрбиелік мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлуіміз қажет.Экологиялық тәрбиені халықтық педагогикамен ұштастыра жүргізер болсақ қазақтың ауыз әдебиетінің асылдары: мақал-метел, ырымдар мен тыйым сөздер өлең- жырлар және ауыз - ертегілеріне мән бере қарағанымыз жөн.

Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп- қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді.Ерте заманнан қазақта табиғатты сүюге, табиғат байлықтарын қорғауға тәрбиелейтін көптеген сөз айтылады.Мысалы: «көкті жұлма»,«тал кескенше қолынды кес», 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет