Халықаралық ғылымдар ұйымы жоспар


Көлік саласындағы ынтымақтастық



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі23,39 Kb.
#84309
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Алина

Көлік саласындағы ынтымақтастық мынадай халықаралық ұйымдар шеңберінде жүзеге асырылады: Еуропалық Одақ, БҰҰ екі өңірлік комиссиясы - БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) және Азия мен Тынық мұхитқа арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМЭӘК), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), сондай-ақ Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ Арнайы бағдарламасы шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастығы (СПЕКА).
ЕО шеңберіндегі ынтымақтастық жөнінде 
Еуропалық Одақпен ынтымақтастық ТАСИС бағдарламасы шеңберінде екі негізгі бағытта ұлттық және мемлекетаралық бағдарламалар шеңберінде жүргізіледі.
Еуропалық Одақпен мемлекетаралық бағдарлама шеңберінде Көлік және коммуникация министрлігі Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізін (ТРАСЕКА) үйлестіру мен дамыту жобасына қатысады. Осы дәлізді Қазақстан Еуропаға балама шығуды қамтамасыз ететін бағыт деп қарастырады.
Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге 1998 жылы 8 қыркүйекте Баку қаласында тарихи Жібек жолын қалпына келтіру жөніндегі х алықаралық конференция барысында қол қойылды. Ол Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы № 196-ІІ Заңымен бекітілген.
Ұлттық бағдарлама шеңберінде құны 2 млн. бағаланған «Қазақстан Республикасындағы транзиттік дәліздерді дамыту саясатын қолдау» жобасы аяқталды, ол Еуропа-Азия қатынасында Казақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерінің бәсекелестік қабілеттігін арттыру мәселесін шешуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет