34
Қазақ еліне «тыңгерлер» деген атпен эшалон-эшалон болып, өзге мәдениет өкілдері
қоныстанып жатты. Бұл мәдениетті шартты түрде эшалондық мәдениет деп алдық.
Түтіні будақтаған зауыт, гудогы өкірген фабриканы көріп өскен эшалондық
мәдениет өкілдері қазақтың ұшы-қиыры жоқ иен даласын иесіз даладай көріп, өздерін
«Америка ашқандай» сезінді. Эшалондық мәдениет пен жергілікті мәдениет бір-біріне
жақындаса алмады, өйткені Уақыт пен Кеңістікке тән шарттылық бұзылды. Мұндайда
тамырластық институтының қайта жаңғыруы мүмкін емес еді.
Бұрын 30-40 түтіннен тұратын қазақ ауылдары солтүстік, орталық, солтүстік
шығыс аймақтарда 600-800 үйден тұратын совхоздарға айналды. Қазақ балалары орыс
мектептерінде оқуға, сөйтіп, ана тілінен қол үзуге мәжбүр болды. Осының салда-
рынан жергілікті мәдениет қатты зардап шегіп, өзінің тіл, дәстүр, дін бірегейлігінен
айырыла бастады. Сөйтіп, ассимиляциялану үрдісі күшейе түсті. Мұның аяғы
дағдарыс қана емес, күйзеліске ұшырата жаздады: қазақ тілінің демографиялық ба-
засы тым нашарлап кетті. Эшалондық мәдениет демографиялық басымдылыққа ие
болды. Сонымен бірге эшалондық мәдениеттің әлеуметтік-психологиялық менің
жергілікті мәдениет пен репрессияланған мәдениетке қарағанда мүлде басқаша бол-
ды. Эшалондық мәдениеттің МЕН-і жергілікті мәдениетке шекесінен шікірейе қарады.
Олар өздерін күллі материалдық игілікті жасаушы, Балтық жағалауынан Охот теңізіне
дейінгі аумақты іргетасы мызғымас мемлекет құрушы этноспыз деп білді. Жергілікті
мәдениетті өздерінен кем санады, жергілікті мәдениеттің рухани байлығынан бейха-
бар болды. Охот теңізінен Балтық жағалауына дейінгі елдің бәрі сол этностың тілінде
сөйлеуге тиіс деп білді. Эшалондық мәдениет лингвистикалық комфорт жағдайында,
жергілікті мәдениет лингвистикалық дискомфорт жағдайында болды.
“МӘМБЕТ” және “МӘҢГҮРТ” концептісі Тоталитарлық кезеңде мемлекеттің
(СССР-дің) тіл, ұлт саясатында ұлттардың тең құқықтығы, сөз бостандығы тілдер-
дің дамуы мен гүлденуі т.б. сөз жүзінде немесе декларациялық сипатта болды. Ком-
муникативтік кеңістіктен ұлт тілдерін бірте-бірте ығыстыру арқылы орыс тілінің
қолданысын күшейту тоталитарлық кезеңдегі ұлт саясатының негізгі бағытына ай-
налды: түптеп келгенде күллі СССР орыс тілінде ғана сөйлеуге тиіс болды. Орыс
тілі қоғамдық-әлеуметтік беделі жоғары қызметте қарым-қатынас құралы ретінде
жұмсалды. Мәртебесі жоғары әлеуметтік маңызды орындарда қызмет істеу үшін
орыс тілін білу міндеттелді, сөйтіп ана тілінен қол үзе бастаған тілдік тұлғалардың
қатары көбейді. Тілді білмеумен бірге өз халқының мәдени-ұлттық құндылықтарын
жатсыну пайда болды. Тіл бірегейлігіне түскен сызат жарықшаққа айналды. Әсіресе
ана тілін керексінбеуге айналған тілдік тұлғаның когнитивтік санасында
Достарыңызбен бөлісу: