Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет17/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   165
“Қазақ тілі 
ауылдың тілі”, “Қолына домбыра ұстап, өз-өзімен айтысып жатқандардың тілі”, 
“Қазақ  архаикалық  тіл,  музейге  өткізетін  тіл”,  “Парламентте  қолдануға  жара-
майтын  тіл”,  “Орысша  білмейтін  әжелер  мен  аталардың  тілі”,  отбасы-ошақ 
қауқары бар”
 тіл тәрізді прототиптік  түсініктер бірте-бірте жинақтала түсті. Осылай-
ша кейбір орыстілді қазақтардың когнитивтік санасында қазақ тілінің қисық айнаға 
түскендей бұрмаланған бейнесі (картинасы) пайда болып, ауыл қазақтарына қатысты  
“МӘМБЕТ” концептісі орныға түсті.
Сөйтіп, қазақ қоғамында бөтен бір мәдени-тілдік ұжымның мүшелері қалыптаса 


35
бастады.  Әсіресе  ауылдан  келген  өз  қандастарын  олар  артта  қалған  мәдениет  өкілі 
ретінде қараса, ал кейбір қазақ тілділердің санасында қазақ тілін білмейтін қалалық 
қандастарын 
“орыс  болып  кеткен”,  “шалақазақ”,  “ата-баба  дәстүрін  сыйла-
майтын”,  “қара  орыс”
  т.б.  прототиптік  түсініктер  жинақтала  келіп,  “МӘҢГҮРТ” 
концептісі қалыптасты. “МӘМБЕТ” және “МӘҢГҮРТ” концептілері қалыптасқан екі 
әлеуметтік топ арасында диалог жоққа тән. Мұндай жағдаятты әсіресе ушықтырып, 
өз  пайдасына  қарай  шешіп  отырған  мүдделі  топтарда  аз  емес.  Оның  салдарынан 
кейбір  орыстілді  БАҚ-та,  Интернетте  осы  екі  жақтың  конфрантациялануына  әкеп 
соқтыратын,  бұрмаланған,  теріс  пиғылды  ақпараттар  жариялау  көбейіп  кетті.  Де-
мек  тоталитарлық  жүйенің  қазақ  жеріндегі  мәдени  бірегейлікке  салып  келген  әрі 
қарай сызашықты жарықшаққа айналдырып отырғандарға тосқауыл болмаса, қазіргі 
Қазақстанның бірегейлігіне үлкен қауіп.
Мәдениетаралық қатынастың тұрмыстық саласында да, ресми саласында да орыс 
тілі үстемдік құрып, қазақ тілі қыспақта қалды.  Тоталитарлық режімнің тіл саясатының 
салдарынан  қоныстанушы  мәдениеттің  5-6  буыны,  қуғындалған  мәдениеттің  2-3                  
буыны, эшалондық мәдениеттің алғашқы өкілдері мен қазіргі буыны, бұған ана тілінен 
қол үзген қазақ үйелмендердің екінші, үшінші буыны қосылып, қазақ тілінің позиция-
сы әлсіреді, осының салдарынан аса мәртебелі саналатын коммуникативтік кеңістікте 
қазақ тілінің қызмет етуіне мүмкіндік болмай, қыспақта қалды. 
Міне,  бір  кездегі  тіл  бірегейлігіне    түскен  сызашық  жарықшаққа  айналып,  аяғы 
тұтас бір ұлтты екіге бөліп тастап отыр. Тілдің бірегейлігінсіз ұлттың, мәдениеттің, 
мемлекеттің  бірегей  болуы  күмәнді.  Өйткені  тіл  –  ұлттық,  мемлекеттік,  мәдени 
бірегейліктің идентификаторы.
                                           
                   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет