ТҮРКІЛІК ДӘУІРДІҢ ПРОЗАДА КӨРІНІС ТАБУЫ
Г. Б. Аяпова
Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, ф.ғ.к.
Адамзат әулетінің, бізге дейін ғұмыр кешкен бабалардың бастан өткізген оқиғалары,
тарихы жайлы романдар өткенді білу арқылы бүгініміз бен ертеңімізге баға беру,
тағылым жасау үшін қажет. Ал халқының, ел-жұртының өткенінен алар тәлімі мен
сабағы неғұрлым мағыналы да құнарлы болса, соғұрлым мирасқор ұрпақтың көсегесі
көгеріп, еңсесі биіктей бермек, тарих көшінің өрнекті де өркенді бигіне қол артпақ.
Қаламгерлерді қызықтырып өзіне тартатын тек тарихи тұлғалардың ғана жеке ба-
132
стары емес, сондай-ақ, заман өзгерістері, белгілі, нақтылы тарихи кезең. Екіншіден,
тарихи шындыққа осы тұрғыдан келген соң, жеке адамдар өмірін қуалап кетпейді.
Тарихи адамдар керемет бейнеге ие болып, қисынсыз өсіріліп, тарихты бір өздері ғана
ілгері сүйреуші, бір өздері ғана кейін тартушы болып көрсетілмейді. Тарихи романдар-
да екінші сапта тұрғандардың жеке-жеке өзіндік мән-мағыналары бар. Бәрі де әлеумет
өмірінің белгілі бір заңды құбылыстарынан туып тұрған тарихи қоғам тілегінің
бейнелері. Қысқасы, тарихи жеке адамдар мен қоғам арасының қарым-қатынасы оң
шешіледі. Үшіншіден, кез келген автор өткен тарихи шындықтан халық өмірі мен
оның өкілдерінің алатын орны дұрыс суреттеуге баса мән береді. Төртіншіден, тарихи
роман авторлары тарихи шындық пен көркем шындық араларын лайықты қабыстыра
білген. Көркем шығарма тарихи еңбек емес, ол ұдайы тарихи фактілерді қуалап
кетпейді және дәлме-дәл қалпында беруге де бой ұра бермейді.
Өткен ғасырдың 60-80 жылдардағы тарихи прозаның күрт өсуі авторлардың
халықты қоғамдық және жеке сананы өзгертуге тырысқан «тоқырау кезеңінде» шы-
нымен кең қанат жайған тарихи мәңгүрттіктен сақтау үшін өткеннің құбылыстарын
өшіріп алмай, тасқа басып қалдыруға тырысқандығымен түсіндіріледі» [1,24].
Жазушыға материал есебінде фольклор, мұрағаттағы мәлімет көздері қызмет етуі
мүмкін. Бірақ, олардың бәрі, шындығында, жазушының шығармашылық сүзгісінен
өтеді. Қырғыз жаушыларына халықтың сөз байлығын сақтаудың жалғыз көзі ретінде
талай ғасырлар бойы қызмет еткен фольклорға көп жүгіну тән. Айталық, мұрағат жаз-
балары, жеке хаттар, мемуарлар мен тағы басқа аз емес орыс әдебиетіне қарағанда,
сірә, қырғыз тарихи романының ерекшелігі де осында шығар.
Т.Сыдықбековтің «Көк асаба» романы – байырғы Енисей қырғыздарының
тұрмысы, сол кездегі әлеуметтік-саяси ахуал, салт-дәстүр, олардың ерлік күрестері,
болашаққа ұмтылысы тарихи мәліметтерге, құжатты деректерге сүйене отырып
жазылған көркем туынды. Шығармада VI-X ғасыр аралығындағы «Турк доору» (түрік
дәуірі) деп аталған кезеңдегі Енисей қырғыздарының тұрмысы тек жылнамалық де-
ректермен ғана емес, жанды көркем образдар арқылы суреттеледі. Шығыс, түркі
тілдес халықтардың әдебиетінде ортақ болып есептелген VII-VIIІ ғасырдағы тарихи
оқиғалар шығарманың негізгі арқауы болған. Бұл дәуірді суреттеуде жазушы тари-
хи деректерге, археологиялық қазбалардан табылған жәдігерлерге, көне жазбаларға,
ғылыми сипаттамаларға сүйенген. Сол арқылы суреткер елдің сол дәуірдегі салт-
дәстүрін, әдет-ғұрпын, діні мен ділін романда көркем бейнелеген. Ең маңыздысы сол
романның оқиғалық жүйесі мен таңдалған кейіпкерлер қатары өткен заманның тыны-
сын оқырман көз алдына елестетіп,терең ойға шомдырады, жақсылық не, жамандық
не деген мәңгілік сауалдарға жауап іздетеді. Романды жазу барысында автор ежелгі та-
рихи дәуір туралы жазылған еңбектерге сүйеніп, тарих, этнография ғылымдарындағы
тың зерттеулерді біраз ақтарғаны көрінеді. Атап айтсақ, Н.Я.Бичуриннің, Л.Н.Гумилев,
С.В.Киселев, Ю.Худяков және тағы басқа тарихшылар еңбегі жазушыға көп көмегін
тигізгені анық. Сонымен бірге, әйгілі «Манас» эпосындағы кейбір деректер де романның
оқиғаларында кездеседі. Жазушы «Көк асаба» романының 18 жыл бойы жарыққа
шықпағанына қатты қынжылып, партиялық биліктің саясатына өз наразылығын
білдіріп, былай деп жазады: «Тарихи тақырып - әдебиеттік жанр. Оны естен шығару
133
- әдебиетіміздің бір өзегін ұмыт қалдыру деген сөз. Демек, бір өзегі ұмыт қалған
ел ешқашанда биік әдебиет деңгейіне көтеріле алмайды» [2,55] Т.Сыдықбеков ро-
манды жазуға дейін қырғыздың фольклоры, этнографиясы, тарихы жайында бірқатар
мақалалар, зерттеулер жазған. Олардың барлығы «Мезгіл сабақтары» (1982), «Табыл-
га» (1997) деген екі көлемді жинақта топтастырылған. Сонымен бірге жазушының
«Байырки кыргыз-бүгүнкү тарих илими», «Күулөр да тарыхка күбө», «Өткөн келечек
менен байланыштуү», «Күл-Тегиндин эстелигиндеги ташка чечилген жазуу», «Улуу
сөз жөнүндө өй», «Ата мұра жөнүнде сөз», «Улуу сөз» тағы басқа мақалалары қырғыз
тарихына жаңаша көзқарас тұрғысынан жазылған мақалалар деп айтуға болады.
Жылдан жылға, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа берілген ауызекі қырғыз
жылнамасының нағыз жанашыры ретінде жазушы оған нағыз мәлімет көзі ретінде
асқан жауапкершілікпен қарайды. Өз білімін осылайша жетілдірген Т. Сыдықбеков
оны шығарманың көркемдік тініне айналдыра білді. Нәтижесінде романның құжаттың
негізінің анағұрлым тарихи анық бөлігіне халықтың ауызекі жылнамалық салты
қыртысы білінбей кірігіп кетті. Негізінде Т. Сыдықбековтың романының өн бойы фоль-
клормен байытылған. Аңыз, реалистік баян әңгімелеудің ең бір қиын әдістерінің бірі.
Ол материалды мұқият таңдауды, бар зейінді тек басты, эпикалық маңызды нәрсеге
салуды талап етеді.
«Бір қарағанда «Көк асаба» романы «Манас» эпосының прозаға ыңғайластырылған
өзіндік бір түрі сияқты көрінеді, бірақ, әрине, олай емес, өйткені жазушының алға
қойған мақсаты бәріне белгілі шығарманы атүсті қайталап шыққаннан анағұрлым
тереңірек. Жазушы үшін фольклор – шығармасының тұғыры іспеттес. «Манас» ол
үшін жай ғана фольклор емес, бірінші кезекте, қырғыз халқының тілінің, тарихы
мен рухани әлемінің қазына сарайы. Бұл эпосқа ата-бабаларымыз ойдан шығарған
қызықты ертегі деп қарауға болмайды, «Манас» – бір кездердегі тарихи шындықтың
дәлелі және ол сол шындықты толықтыра түседі».
Романда жазушы мәлімет көздеріне, фольклорға сүйене отырып және өз фантазия-
сымен ежелгі қырғыздар өмірінің кең көрінісін көз алдымызға әкеледі. Басты кейіпкер
Эр-Кишинің бейнесі өзінің жаттандылығына қарамастан, есте оңай қалады. Эр-Киши
– сол заман батырларының типтік өкілі. Ол ең үздік адами қасиеттердің өзіндік бір
жиынтығы болып табылады. Батырдың бейнесін автор басынан аяғына дейін өзі ойлап
тапқан, бірақ бұл қиял өмірді нақты, анық білуге және ежелгі қырғыз алыптарының
істеріне негізделген. Жазушының қиялы еркін емес, ол автордың ойына алған
мақсатқа бағынады және соған жұмыс істейді. Қиял іске қосылған сәттен жазушының
шығармашылығы да өз күшіне мінеді. Ал жазушының қиялы мәлімет көздері сарқылған
жерден басталады, өйткені ұлы адам ұлы істер басында не ойлағанын, қалай ойлағанын,
не сезінгенін бірде-бір тарихи куәлік айтып бере алмайды.
«Біздіңше, тарихи баянның заманауи түрлерінің көптүрлілігіне қарамастан, роман-
аңыз, роман-баян, роман-тәмсілдің де өмір сүруге толық құқы бар. Т.Сыдықбековтың
«Көк асаба» романын біз тарихи шығарма деп есептейміз, жазушы болмашы ғана
«жарықшақ» мәлімет – Күл-Тегін батырдың өмірде болғаны туралы фактіні тілге тиек
етіп, шығарманы бастап кеткен. Автордың қиялы да осы фактіге негізделген, яғни бұл
мәлімет ойға алған мақсатқа күш берген. Мәлімет бар. Ал одан арғысы – жазушының
134
ісі, шығарма тудыру, жеткізе ойлау, ойды жеткізіп беру, кейіпкерлерді, оқиғаларды
елестету т.б. Бұл жағдайда «жеткізіп көрсете алмады» дейтін асығыс айыптау мен су-
реттеуге қатысты қарсылықтар болмауға тиіс. Көркем шығармаға деректі туындыға
қарағандай етіп қарауға болмайды» [3,55].
Роман туралы автор былай дейді: «Екінші кітапта ІХ ғасырдағы Енисей қырғыз-
дарының Орта Азиядағы билікті ұйғырлардан тартып алуы және аймағы кең, күшті
мемлекет құрғандығы жөніндегі тарих деректерге негізделмекші екен» [2,12]. Жа-
зушы «Көк асаба» романы жазылып, он сегіз жыл бойы жарыққа шықпағанына
қатты қынжылады. Партиялық биліктің тәртібіне өз наразылығын білдіреді. «Тари-
хи тақырып әдебиеттік жанр. Оны естен шығару- әдебиетіміздің бір өзегін ұмыт
қалдыру деген сөз. Демек, бір өзегі ұмыт қалған ел ешқашанда шоң әдебиет деңгейіне
көтеріле алмайды» [4,13]. Т.Сыдықбеков романды жазуға дейін қырғыздың фоль-
клорын, тарихи деректерді молынан пайдаланып бірқатар мақалалар жазған. Өзінің
«Манас және тарих» деп аталатын мақаласында эпостағы адам аттарының Орхон-
Енисей жазуларындағы адам аттарымен ұқсастықтарына зер салады. Сонымен бірге
қырғыздардың тарихи тағдырына қатысты үш үлкен кезеңді былайша бөледі:
«Біздің дәуірге дейінгі ІІІ ғасырдың соңы мен І ғасырдың 50-жылдар аралығы хан
қағанаты, хан дәуірі».
«Біздің дәуірдің VI ғасырынан VIII ғасырдың ортасына дейінгі байырғы Түрік
қағанаты, түркі дәуірі.
VIII ғасырдың басынан XIV ғасырдың ортасына дейінгі кезең. Монғол, татар,
қыпшақ, қырғыз, түркімен және басқада көшпенді халықтардың күшті қол құрып, батыс-
шығысқа жасаған жорықтарынан бастап, хандық билік жүргізген Шыңғыс және оның
тұқымдары» [5,21] Т.Сыдықбековтың қырғыз елінің тарихы туралы жазылған жиырмаға
жуық мақала, зерттеулері жарық көрген. Олардың барлығы «Мезгіл сабақтары» (1982),
«Табылга» (1997) деген екі көлемді жинақтарына топтастырылған. Сонымен бірге
жазушының «Байырки кыргыз-бүгүнкү тарих илими», «Күулөр да тарыхка күбө»,
«Өткөн келечек менен байланыштуү», «Күл-Тегиндин эстелигиндеги ташка чечилген
жазуу», «Улуу сөз жөнүндө өй», «Ата мұра жөнүнде сөз», «Улуу сөз» т.б. мақалалары
тарихқа жаңаша көзқарас тұрғысынан жазылған мақалалар деп айтуға болады. «Көк аса-
ба» романында Орхон-Енесей жазуларындағы Күлтегін, Төныкөк, Білге қаған романның
негізгі оқиғаларына арқау болған. Роман композициялық құрылысы, стильдік жағынан
өзіндік ерешеліктері бар. Роман жарыққа өзіндік ерекшеліктері бар. Роман жарыққа
шыққан соң, әртүрлі ой-пікірлер айтылды. Кейбіреулер романды қырғыз елінің этногра-
фиясына негізделген «тарихи дастан» десе, кейбірі тарихи жанрға жатқызады. Ал «Көк
асаба» романының көркем наркы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған
Б.Темірова роман туралы ойын былайша пайымдайды: «Біздің ойымызша, «Көк аса-
ба» тарихи кең ауқымды роман. Біріншіден тақырыптық мазмұн бойынша бұрынғы
дәуірдегі қырғыз елінің әлеуметтік-қоғамдық тұрмысы, тағдыры, еркіндік жолындағы
күресі, келешекке ұмтылысы, әдет-ғұрпы, діни түсініктері молынан қамтылған. Сурет-
кер «тарихи деректер арқылы елдің басынан өткен оқиғалардың, тұрмысының шынайы
бейнесін жасаған» [6, 35]. Екіншіден, «Көк асабада» әрбір кейіпкер белгілі бір көркем
идеялық рөл атқарып, тарихи тұлға қатарында көрінеді. Алайда тарихи тұлғалар бейнесі
135
шынайы және ойдан шығарылу да мүмкін»[7, 36].
Т.Сыдықбеков «Көк асаба» романын негізінен VI-VII ғасырлардағы Орхон-Енисей
жазбалары, аңыздар, «Манас» эпосындағы оқиғаларды молынан қамтып, сонымен
бірге көптеген тарихи деректерге сүйене отырып жазған. Романның негізгі сюжетін
VI-VIII ғасырлардағы оқиғалар, яғни қырғыздардың ұлт ретінде қалыптасу, жаңа
мемлекет құру жолындағы ерлік істері құрайды. «Көк асаба» – үш тараудан, отыз бір
шағын бөлімнен құралған, ірі көлемді туынды. Романда басынан аяғына дейін жаңа
кейіпкерлер мен толықтырылып отырады. Бір бөлімде романдағы жалпы оқиғалардың
мазмұны баяндалып, эпиграф ретінде берілген. Романның идеялық-тақырыптық
мазмұны негізгі басты үш кейіпкердің өмірі арқылы беріледі. Олар: ру ақсақалы Адыл-
тай ажо, оның ұлы Эр-күлчур, Жаш-Тегин және немересі. Олардың басын біріктіруші
жалпы идея батырлықты дәріптеу, бірлік, әділеттілік жолындағы күрестері.
Эр-Киши мен Жаш-Тегиндерге қарағанда Адылтай ажо романда басты кейіпкер
бейнесінде көрінбейді. Кейбір детальдардың әсерімен өзіндік мінезі кей тұста ашыла-
ды. Романдағы басты кейіпкер Жаш-Тегиннің тұлға ретінде қалыптасуына Адылтай
ажо көп көмегін тигізеді. Жасы тоқсаннан асса да, ол өзіндік пікірі, ел басқарудағы
тәжірбиесі бар дана ақсақал бейнесінде көрінеді.
Қорыта айтқанда, Орхон-Енисей жазбаларының қазақ, қырғыз, татар, өзбек,
башқұрт, қарақалпақ және басқа да түркі тектес халықтарға ортақ тарихи, әдеби мұра
екені баршаға мәлім. Бұл аталған жәдігер-жауһарлар түркі жұртының тарихын бірнеше
ғасырға созған құнды шежірелер. Жазушы суреттеп отырған кезеңде қырғыздардың
Алтайда ұйғырлармен, қидандармен, Тянь-Шань жағындағы көрші хандықтармен жиі
қақтығысып тұрғандығы тарихтағы ақиқат. Қырғыздың белгілі жазушысы Түгелбай
Сыдықбеков өзінің тарихи туындысында алға қойған мақсатына орай көне әдеби
мұраның бай қазынасы арқылы шежіре тарихтың ғибратын, тәжірибесін оқырман
талқысына ұсынады.
Тарихи роман – әдеби-мәдени мұрасының сүбелі бір арнасы. Уақыт өтеді, ескі
көнереді. Бірақ сол көненің де келешекке беретін өз тағылымы, өз тәлімі бар. Қолға
алсаң шешіле сыр шертер тарихи романдардың өткенді тапжылтпай тануға, өмірді өз
кейпінде ұғып-білуге қосар үлесі, тигізер септігі мол.
Адамзат әулетінің, бізге дейін ғұмыр кешкен бабалардың бастан өткізген оқиғалары,
тарихы жайлы романдар өткенді білу арқылы бүгініміз бен ертеңімізге баға беру,
тағылым жасау үшін қажет. Ал халқының, ел-жұртының өткенінен алар тәлімі мен
сабағы неғұрлым мағыналы да құнарлы болса, соғұрлым мирасқор ұрпақтың көсегесі
көгеріп, еңсесі биіктей бермек, тарих көшінің өрнекті де өркенді бигіне қол артпақ.
Әдебиеттер:
1. Цейтлин А. Труд писателя. М: «Советский писатель» , 1968. С 564.
2. Сыдыкбеков Т. Көк асаба. – Фрунзе, 1989.
3. Мурзахмедова Г. Кыргыз тарыхый жана тарыхый биографиялык романдарын-
дагы тарыхый окуялар жана көркөм чындык. Филол. ғыл. канд. дисс. – Бішкек, 1993.
– 188 б.
4. Жолдошева Ч. Жанр исторического романа в современной киргизской литературе. /
136
Книге: Социалистический реализм в киргизской советской литературе. – Фрунзе, 1979.
5. Сыдықбеков В.Т. Мезгіл сабақтары. – Ф.,1982. – 401 б.
6. Темірова Б. Т. Сыдыкбековдун Көк асаба романының көркөм наркы. Филол. ғыл.
канд. дисс. – Бішкек, 1997. –137б.
7. Күлтаева Ү. Кыргыз тарыхый романистикасы. – Бішкек: Айат, 2006. – 228 б.
Достарыңызбен бөлісу: |