«күресуші» «күш жігер салушы»
) – жихадқа қатысушы.
«Муджахит» – тек сарбаз емес, ол сондай-ақ күресі джихадтың оң мағынасының ая-
сына сәйкес келетін кез келген мұсылман да [3].
Шариғат
сөзі де өте жиі қолданылатын сөздер қатарында. Шариғат – (араб тіл.
–
«түзу, дұрыс жол»
) – Алла тағаланың құлдарына намаз, ораза, қажылық секілді
т.б бұйырған міндетті амалдары. Сонымен қатар, мемлекеттік, мұралық, қылмыстық
және неке-отбасылық құқықтық нормалардан тұратын, Құран мен Сүннет негізінде
құрастырылған исламдық құқықтық және теологиялық нормалар мен заңдар жинағы [3].
ҚОС-та: Шариғат –
а рел
. шариат (свод законов о правилах поведения и обязанностях
149
мусульманина) [5, 907]. Ал ҚООҚТС-та Шариғат – шариат [4, 233] түрінде берілген.
Соғыста қаза тапқан адамды
дүние салды, қаза тапты, опат болды,
деумен қатар
шейіт болды
деп те айтамыз. Әлбетте, ұрыста адам белгілі бір мақсат жолында «шейіт»
болады. Шейіт (шәйіт) – (араб тіл. «шаһиид») – дін жолындағы соғыста немесе от-
басын, отанын Алла үшін қорғап, дұшпан қолынан қаза болған мұсылман. «Шахид
болу» деген сөзді арабшадан мағынасын бұзбай аударғанда «сыртқы күш тарапынан
өлтірілу» дегенді білдіреді. Ал өзін-өзі жарып, өлімге бару шахидтікке жатпайды [3].
ҚОС-та: Шейіт –
а рел
. погибший за [мусульманскую] веру [5, 912].
Алла жолынан тайған, оған күмән келтірген адамды қазақта
«Аллаға серік қосты»
дейді. Ширк – исламда Алладан өзгеге табыну және Алладан өзгеден сұрау. Аллаға
серік қосу [3].
Исламда салықтың түрлерін таңбалайтын
пітір
және
зекет
атаулары бар.
Зекет – (араб тіл. –
«өсу», «тазару»
) – исламдағы бес парыздың бірі. Мұсылмандар
арасындағы ауқатты адамдардың дүние-мүлкі зекет мөлшеріне жетіп, өзінің
қажеттілігінен артылған жағдайда мұқтаж кісілерге көмек ретінде беруге тиісті жыл
сайынғы міндетті садақа. ҚОС-та: Зекет –
а рел
.1) зекет (ежегодное налогообложение
мусульман налогом со скота) 2) зекет (подать, приписываемая шариатом в пользу бед-
ных, в размере 1/40 доли скота или имущества); ~ ің (болып) кетейін! я готов ради тебя
на все
(букв. стать бы мне податью за тебя!)
Зекеттік –
рел
. предназначенный для зе-
кета. [5, 367]. Пітір –
а рел
. фитр, подать, собираемая по случаю завершения поста рама-
зана. Осы сөзбен қатар, Пітір-садақа - собир. подати налоги, поданные
(по случаю исте-
чения срока мусульманского поста – рамазана)
сөзі де көрсетілген [5, 687]. ҚООҚТС-та
Зекет – закят [4, 102] нұсқасында жазылса, ал
пітір
сөзі берілмеген. Қазақта
зекет
салығы, пітір салығы
сөз тіркестері,
«Зекетсіздің малы – арам, тілсіздің тілі – арам»
деген мақал бұрыннан қолданылады.
Садақа – (араб тіл. –
«шынайы іс-әрекет»
) – ислам діні бойынша қайырымдылық
мақсатында мұқтаж адамдарға берілетін ақшалай немесе заттай көмек [3]. ҚОС-та:
Садақа –
а рел. 1) этн.
искупительная или благодарственная жертва по народному обы-
чаю
(для изгнания духа болезни от сглаза и т.п.)
2) милостыня, подаяние. ҚООҚТС-та:
Садақа, қайыр беру – садака [4, 182]. Халықта
«Садақаны сау кезіңде бер», «Бастан
құлақ садақа», «Өзбек – өз ағам, сарт – садағам»,
т.б.
мақалдар бар.
Сопы, сопылық, зікір, зікірші, зікір салу
сияқты сөздердің де мағынасын көп ретте
дәл түсінбей жатамыз.
Сопылық – (араб тіл.
«тасаууф» – «тазалық»
) – Исламның қайнарынан бас-
тау алатын рухани құндылық, ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық-этикалық,
эзотерикалық қырларынан көрініс беретін, адамның Аллаһ Тағаланы тануы мен ру-
хани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім, мистикалық ағымның бірі
[3]. ҚОС-та: Сопы –
а рел
. 1) суфий
(аскет, мистик)
; 2)
перен.
набожный; богомоль-
ный; смиренный; воздержанный человек; 3)
ирон
. святоша. Сопылық (-ғы) –
отвл. от
софы. суфизм.
(мистико-аскетическое направление в исламе)
[5, 730]. ҚООҚТС-та
сопы – суфий, сопылық – суфизм
[4, 194].
Зікір – (араб тіл.
«зикр» – «еске алу», «еске түсіру», «жадына сақтау»
). Сопылық
ілімде – Алла тағаланы еске алу, оны ұмытпай, үнемі ойлау. Алланы әрдайым еске ала
отырып, оның әмірлерін терең түсіну және ұжданның түкпірінен келген қалтқысыз
150
сезіммен оны құлай сүю. Тілмен айтылатын зікір, яғни «зикр лисан-и» – лә иллаһа
иллаллаһ, субханаллаһ, әлхамдулиллаһ, аллаһу әкбар сияқты т.б. сөздерді қайталап ай-
тудан тұрады [3]. ҚОС-та: Зікір –
а рел
. 1) зикр, радение дервишей
(доведение себя
до экстаза путем бесконечного повторения 99 эпитетов Аллаха)
2)
этн., уст.
за-
клинание, с помощью которого в старину баксы пытались лечить болезни. Зікірші –
1) радетель (дервиш) 2) заклинатель зикром [5, 371]. ҚООҚТС-та
зікір – зикр
[4, 102].
Радикалды исламды уағыздаушыны, соған сенетін адамды бүгінде
ваххабист,
салафит
деп атап жүрміз. Уаһһабилік – (араб тіл.) – XVIII ғасырда Арабияда пай-
да болған ислам дінінің ағымы. 1703-1787 жылдары өмір сүрген шейх Мұхамед ибн
Абдул Уәһһәб ат-Тамими атымен қойылған. Уаһһабилік салафизм (араб тіл. «салафа»
– «бастапқы болу») жолын таратады. Уаһһабиліктің басты догматы – бір Аллаһқа сену
болып табылады. Олардың ойынша, нағыз исламды Мұхаммед пайғамбарға ілесуші
алғашқы үш ұрпақ қана таратқан болатын. Одан кейінгі енгізілген жаңашылдықтарды
бидғат деп жоққа шығарады [3]. ҚООҚТС-та
бахаизм - бахаизм
[4, 51], с
алафиттер
– саляфиты
[4, 183].
«Салаф» сөзінің мағынасы «әуелгі бабалар» дегенді білдіреді. Алғашқы салафиттер
және оның сансыз ізбасарлары, өзара жауласқанына қарамастан, негізгі үш қағидаға
имандай сенді: таухид – бірқұдайлықты қатаң ұстану; бидға – діндегі жаңалықтардан
бас тарту; тахлидке (қандай да бір ислам мектебінің немесе беделді ғалымның ізін
қууға) қарсылық.
Салафилер дінді ислам әлеміндегі түрлі халықтың этномәдени, тарихи және өзге
де ерекшеліктеріне негізделген барлық «жат», «кірме» түсініктер мен тәжірибелерден
тазарту жолында жойқын күрес жүргізуді өздеріне мақсат етіп қойды. Салафизм
исламдағы барлық жаңалықтан бас тартуды, әуелгі догмаларға қайта оралып, оның
қатаң түрде, дәлме-дәл орындалуын талап етті. Дамудың кез келген түріне жол жоқ.
Бұл бізге қолдануға болмайтын нәрсе, өйткені мұндай жағдайда прогресстен бас
тартуымызға тура келеді.
Салафизм
жиһад
ұғымын бұрмалап, оны қарулы күрес ретінде, біржақты ғана
тәпсірлейді. Сондай-ақ, олар бұл күресті барлық мұсылмандардың өмір сүруінің
жалғыз, әрі шынайы формасы ретінде қоғамға таңып отыр. Ал жиһадтың дәстүрлі
мағынасы – өзіңнің нәпсәни кем-кетіктеріңмен күресу. Әу бастан-ақ догматизмі мен
радикализмі үшін сынға алынған салафилер, Алла мен адам арасындағы кез кел-
ген «дәнекерлікті» жоққа шығарады. Осылайша барлық сүнниттік мазхабтармен
қақтығысқа түседі.
Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері үшін исламның дәстүрлі формасы
қоршаған әлемді интеллектуалдық тұрғыда қабылдауды бағдар еткен ханафиттік
мазхаб пен далалықтардың ата-бабаларына деген киелі қатынасынан бастау алатын
әулиелер дәстүріне негізделген «түркілік» сопылық екені белгілі.
Мазхабты ұстанатын елдер мен мемлекеттер әлемдік мәдениет пен ғылымның
қазынасына қомақты үлес қосты. Мысалы, ханафизмде дәріптелген ой еркіндігінің
нәтижесінде әл-Фараби, Ибн Сина секілді әлемдік ой-пікірдің алып тұлғалары
дүниеге келді. Олардың әлем өркениетіне қосқан үлесі тек ислам топырағында
оқшауланып қалған жоқ. Бұл туралы француз философы Александр Койре:
151
«Мұсылмандар латындық Батыстың ұстаздары мен тәрбиешілері болды…» деген.
Бұл тұрғыдан келгенде, қазақтар үшін дәстүрлі ханафи мазхабы елдегі жаңа білімнің
культін қалыптастырудың, кемелденудің және дамыған мемлекеттер қауымдастығына
ұмтылудың тамаша идеологиялық платформасы болып табылады [6].
Дәстүрлі ислам дінінің негізгі екі бағыты –
сунизм
және
шиизм
бар екенін білеміз.
Ал олардың ерекшеліктерінен, дін ұстану қағидаларынан бейхабармыз. Суннизм
Достарыңызбен бөлісу: |