«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
53
Спорттық кешендерді пайдалану түрлеріне, қызметі мен міндетінің ерекшеліктеріне қарай 3-ке
бөлінеді:
Өзінің архитектуралық жоспарлық және көлемдік құрылымдық ерекшеліктеріне қарай спорттық
кешендер көлемдік және жазықтық болып екі топқа бөлінеді. Көлемдікке спорттық кешендердегі барлық
жабдықтар, кешендер, спорттық залдар, спорт сарайлары, жабық жүзу бассейндері, манеждер жатады. Ал
жазықтыққа ашық спорт алаңдары мен алаңшалар, жеңіл атлетикалық және конькимен жүгіру жолдары,
шаңғымен жүгіру және тау шаңғы трассалары және т.б. жатады.
Қазақстан Республикасында жүзеге асып жатқан спорт кешендерінің классификациясы бойынша
спорт кешендері қуаттылығына қарай жеке және кешенді болып бөлінеді.
Жеке спорт кешендеріне бір спорттың түріне арналған арнайы залдар, бір су қоймасы бар бассейн,
алаңшалар мен алаңдар, жеңіл атлетикалық және конькимен жүгіру жолдары, велотрептер және т.б. спорт
түрлері бойынша жабдықтар мен қондырғылар жатады. Ал кешенді спорт-сауықтыру кешендеріне жалпы
бір жерге салынған немесе бір ғимараттың ішіне салынған жеке спорт кешендері, стадиондар, спорт
сарайлары, бірнеше су қоймасы бар бассейндер, бірнеше алаңшалар, көп залды спорттық ғимараттар және
басқа да осы типтес спорттық сауықтыру кешендері жатады.
5-сурет ‒ Спорттық кешендерінің классификациясы
Көлемі мен жоспарына қарай спорт-сауықтыру кешендері жабық және ашық болып бөлінеді. Жабық
спорт кешендері ‒ бұл оқу-жаттығу сабақтарының, сауықтыру жарыстардың жабық залдары, манеждер,
бассейндер, спорт сарайлар. Ал ашық спорт кешендері – бұл оқу-жаттығу сабақтарының, жарыстардың
ғимарат ішінде емес, керісінше, ашық аспан астында өткізілетін кешендер жиынтығы [4].
Қазіргі таңдағы спорт кешендерін пайдалану да қала немесе ауыл тұрғындарына сауықтыру қызметін
көрсететін жүйенің қажетті элементі болып табылады.
Спорттық
кешендер
Жеке
ашық
жабық
Кешенді
ашық
жабық
1. Оқу-спорттық, тек қана оқу-жаттығу үдерістеріне арналған кешендер жиынтығы.
2. Көрермендердің қатысуымен, демонстрациялық түрде
өткізілетін жарыстарға
арналған кешендер жиынтығы.
3. Тұрғындардың белсенді демалысына арналған кешендер жиынтығы.
«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
54
Спорт кешені спорттық іс-шараларды сауатты ұйымдастыруда тоқтап қалмайды. Ол спорт пен
салауатты өмір салтын насихаттайды, белсенді спорттық өмір қатарына тек жастарды ғана емес, қала
тұрғындарын, бала жастан бастап егде жасқа дейін тартады. Денсаулық адам өмірінің барлық салаларында
өзін-өзі жүзеге асырудың маңызды шарты болып табылады. Қазіргі қоғамда салауатты өмір салтын
қалыптастыру, денсаулықтың сапасы мен деңгейін жақсарту мәселесі жоғары деңгейде кешенді жүйелі
шешуді талап етеді.
Денсаулықты нығайту, спортты дамыту, жастарды дене шынықтырумен айналысуға тарту ‒ мемле-
кеттің жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жастар саясатының осы бағытының
даму деңгейі әрдайым өзекті бола бермек. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне
ерекше назар аудару өте маңызды. Осыған байланысты, мемлекеттің барлық деңгейлерінде спорттың, дене
шынықтырудың дамуы, жас ұрпақты сауықтыру бірінші кезектегі міндеті болып тұрады. Жастарға
арналған жаңа спорт нысандарының салынуы, жаңа жабдықтар алу, білікті мамандарды даярлау осы
мәселенің инновациялық әдіс арқылы шешімін табады.
Достарыңызбен бөлісу: