Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет239/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
 
1-кесте  
‒ Ғалымдардың еңбектеріндегі «мәртебе» ұғымының мазмұны 
 
№  Автор  
«Мәртебе» ұғымының анықтамасы 
Əдебиеттер 

Құл-Мұхаммед М.А.
 
қоғамның  индивидтің  сіңірген  еңбегін  тану  шамасы;  субъектінің 
әлеуметтік мәнді сипаттамаларының сол қауымдастықта қалыптасқан 
құндылықтар  шкаласымен  салғастыру  нәтижесі.  Мәртебеге  ие  болу 
үшін басқаша негіздер қалыптасып, биік адамгершілік қасиеттер, қо-
ғамдық пайдалы қызметке белсене қатынасу, осы саладағы жетістіктер 
мәртебе көрсеткіштері болып есептеледі. 
«Педагогика және 
психология» (сөздік), 
Алматы: «Мектеп», 
2002  
 

 
қоғамда  немесе  қоғамның  жеке  ішкі  жүйесінде  жеке  тұлға  немесе 
әлеуметтік топ атқаратын ереже.
 
«Энциклопедический 
словарь», 2003. 

Түймебаев Ж.Қ. 
субъектінің  тұлғаралық  қарым-қатынастар  жүйесіндегі  оның  құқық-
тарын, міндеттерін анықтайтын жағдай. Сол бір ғана индивидтің өзінің 
әр түрлі топтарда әрқилы статусы болуы мүмкін.  
«Энциклопедический 
словарь», Астана, 
2008. 

Заң 
Мемлекет  қоғамдағы  педагог  қызметкерлердің  ерекше  мәртебесін 
таниды  және  кәсіптік  қызметін  жүзеге  асыруы  үшін  жағдайлар 
жасалады. 
ҚР  «Білім  туралы» 
заңында (2007) 

Гл. ред Аяган Б.
 
Азаматтың құқықтық жағдайы (құқықтар мен міндеттер жиынтығы). 
«Казахстан» 
Национальная 
энциклопедия.  Т. 2. ‒ 
Алматы, 2005. – 560 с. 

Сухарев А.Я.,  
Крутских В.Е. 
Объект  немесе  субъект  параметрлерінің  тұрақты  мәндерінің  жиын-
тығын білдіретін абстрактілі көп мәнді термин. 
Большой 
юридический 
словарь. М., 2015. 
  
Кестедегені  түйіндесек,  педагогтың  мәртебесі  тікелей  оның  өз  іс-әрекеттеріне  байланысты,  қанша-
лықты педагог кәсіби жоғары деңгейде өз қызметін атқарса, соншалықты оның мәртебесі биіктей түседі. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
126 
Келесі міндетімізге сай біз әлемдік деңгейдегі педагог мәртебесін зерттеуге тырыстық. Əлемнің 35 
елінде  ауқымды  зерттеуді  The  Varkey  Foundation  қоры  жүргізді.  Ғалымдар  "Мұғалімнің  жаһандық 
мәртебесі индексі 2018" есебінде жариялады [3]. 
Зерттеу нәтижесінде әлем бойынша педагогқа құрметпен қарау орташа есеппен алғанда 14 кәсіптің 
ішінде 7-ші орында тұрғаны анықталды, ол келесі суретте көрсетілген (1-сурет).  
The Varkey Foundation, GTSI-2018-ге сүйенсек мұғалімдердің ең көп оқитын елдері мына елдер екен: 
1. Қытай 
2. Малайзия 
3. Тайвань 
4. Ресей 
5. Индонезия 
Зерттелетін елдер: Бразилия, Қытай, Чехия, Египет, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Израиль, 
Италия,  Жапония,  Оңтүстік  Корея,  Нидерланды,  Жаңа  Зеландия,  Португалия,  Сингапур,  Испания, 
Швейцария, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, 
 
 
1-сурет  ‒ Əлем бойынша педагог кәсібінің 7-ші орны 
 
Көптеген  елдерде  адамдар  мұғалімдердің  мәртебесі  бойынша  әлеуметтік  қызметкерлер  мен  кітап-
ханашыларға теңестіреді. 
Малайзияда,  Қытайда  және  Ресейде  мұғалім  мамандығының  дәрежесін  жоғары  бағалайды:  онда 
мұғалімдер  дәрігерлерге  теңестіріледі  (салыстыру  үшін  таңдалған  мамандықтар  арасында  ең  жоғары 
мәртебе берілген).  
Бірақ  жалпы  әлемде  мұғалімдер  көбінесе  әлеуметтік  қызметкерлермен  салыстырылады  (сұралған 
елдердің  50%-ы).  Еуропалық  елдердің  көпшілігі  оқушылар  әдетте  мұғалімдерді  құрметтемейді  деп 
санайды.  Керісінше  Қытайда  респонденттердің  80%-ы  оқытушыларды  құрметтеуге  сенімді.  Көптеген 
елдерде оқушылардың педагогтарға деген құрметінің орташа көрсеткіші – 36%. Төмен деңгей – Еуропада, 
жоғары ‒ Азияда, Африкада және Таяу Шығыста. 
Зерттеуге  сүйенсек,  Азияда  мұғалімдерді  еуропалық  елдерге  қарағанда  көп  құрметтейді.  Қытайда 
мұғалімдердің беделі өте жоғары. Бразилия мен Израильде мәртебесі жағынан ең төмен педагогтар. Бұл 
көрсеткіштер 6 жыл бойы өзгеріссіз. 2013 жылмен  салыстырғанда Жапония  мен Швейцарияда мұғалім 
мәртебесі өскен. Сонымен қатар, ол Грецияда төмендеді. 
Көптеген  елдерде  респонденттер  мұғалімдердің  нақты  жалақысы  әділдіктен  төмен  деп  санайды. 
Оңтүстік  Америка  мен  Африка  елдерінде  мұғалімдердің  әділ  жалақысы  қазіргі  жалақыдан  40-60%-ға 
жоғары болуы тиіс деп санайды. АҚШ-та жалақы 16%-ға, Ұлыбританияда – 23%-ға дейін әділетті емес деп 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
127 
санайды. Негізінен, мұғалімдер жалақысы іс жүзінде көп емес. Барлық 35 елде сұралғандардың жартысына 
жуығы мұғалімдердің жалақысы олардың оқушыларының табыстылығына сәйкес болуы тиіс деп санайды. 
Мысырда бұл пікір 78%-ды ұстанады, бұл барлық елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Алайда, 2013 
жылы 90%-дан астам болды. Барлық елдерде өнімділікке байланысты еңбек ақы төлеуді қолдайды. Бірақ 
бұрынғыдан аз. 2013 жылы осындай позицияны қолдайтын пікір айтарлықтай өзгерді: бұл Финляндия, 
Чехия, Жапония, Ұлыбритания және Жаңа Зеландия.  
Сонымен қатар өзге де деректерден бөлек педагог мәртебесіне қатысты әлемдік деңгейде сауалнама 
жүргізілген екен. Сауалнама төмендегідей нәтижелер беріпті. 
Көптеген елдерде сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі мұғалімдердің қамқор, еңбекқор, ықпалды, 
ақылды, сенімді және шабыттандыратынын сезінеді. Алайда елдер арасында елеулі айырмашылықтар бар. 
Кездейсоқ  қабылдау  көбінесе  осы  зерттеумен  өлшенген  нақты  мәртебеге  сәйкес  келеді.  Алайда, 
рефлексивті қабылдау айқын (Гана және Уганда) қарағанда оң және теріс (Ресей, Корея және Греция) елдер 
бар.  Мұғалім  мәртебесін  қабылдау  мұғалім  құзыреттілігі  туралы  түсінікке  байланысты.  Алайда,  кейбір 
елдерде мұғалімдерді жоғары білікті деп санайды, бірақ олардың жалпы мәртебесі төмен. Бұл африкалық 
елдерде  де,  прогрессивті  Нидерландыда  да  байқалады.  Көптеген  елдерде  мұғалімнің  өз  мәртебесінің 
деңгейі туралы пікірі қоғамның көзқарасынан жоғары. Бірақ оқытушылар өз мәртебесін қоғамнан теріс 
қарайды: бұл Португалия, АҚШ, Венгрия, Испания және Франция. 
 
 
 
2-сурет  ‒ Педагог мәртебесіне қатысты әлемдік деңгейде сауалнама нәтижесі 
 
Мұғалім  мәртебесі  мен  оқушылардың  халықаралық  үлгерімі  арасында  нақты  оң  байланыс  бар. 
Мұғалім мәртебесі жоғары елдерде (мысалы, Қытай, Тайвань және Сингапур) оқу нәтижелері оқытушы 
мәртебесі төмен елдерге қарағанда жоғары (мысалы, Бразилия, Израиль). 
Бұндай айрықшалықтар – Түркия және Индонезия – оқытушы мәртебесі салыстырмалы түрде жоғары, 
бірақ оқу нәтижелері өте төмен елдер. 
Біздің еліміздегі педагог мәртебесіне оралсақ, жағымды өзгерістерді атауға болады: 
‒ Жас педагогтарға Тәлімгер тағайындалады. 
‒  Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарында  кәсіптік  қызметін  жүзеге  асыратын  педагогтердің  айлық 
жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі: 1) 16 сағат – орта білім беру ұйымдары 
үшін; 2) 18 сағат: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын  білім  беру  ұйымдары  үшін;  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілерге  қосымша  білім  беру 
ұйымдары үшін; мамандандырылған және арнаулы білім беру ұйымдары үшін және т.б.  


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
128 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет