Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет406/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
1-кесте 

 
Дене бұлшықетінің динамикалық және статикалық жұмысы кезіндегі энергетикалық қамтамасыз етудің түрлері
 
 
Бұлшықет 
жұмысының формасы 
Сыртқы ауырлық мөлшері – максимальді көтеретін салмақтың пайызы, % 
Статикалық 
15% 
15-30% 
30-50% 
70% 
Динамикалық 
25-30% 
30-50% 
50-70% 
>80% 
 
Аэробты 
Аэробтық мөлшері 
басым 
Анаэробтық мөлшері 
басым 
Анаэробты 
 
Oсыны  ескере  отырып,  1-кестеде  бұлшықетке  түскен  ауырлық  мөлшері  әртүрлілігі  бұлшықеттің 
статикалық және динамикалық іскерлігі кезінде энергетикалық процестердің бірдей жұмылдырылатынын 
көрсетеді.  
Дене бұлшықетінің күш төзімділігі механизмі – көптеген компоненттерден тұратын, мейлінше күрделі 
процесс. Егер бір жақындау бұлшықеттегі қан тасымалдауды талап етсе, келесісі – гипоксияны, яғни сол 
бұлшықет талшықтарының төзімділігін қамтамасыз етеді. Ақыр соңында, қан құрамындағы лактатты және 
басқа да анаэробты метаболизм шикізаттары концентрат деңгейінің жоғарылауы бұлшықеттің қысқаруы 
қасиетін төмендетеді. Субмаксимальді жұмыс кезіндегі ең ұзақ бұлшықет төзімділігі жоғары максимальді 
оттегін қажет (МОҚ) ету және жұмыс үстіндегі бұлшықетті қан және оттегімен жеткілікті тасымалдаудың 
нәтижелілігімен  түсіндіріледі.  Сондықтан,  автор  спорттағы  теория  мен  практикада  біржақты  және 
төзімділіктің  барынша  қолайлылығы,  яғни  негізінен  жұмыс  үстіндегі  бұлшықетке  қан  және  оттегімен 
жеткілікті  тасымалдауды  қамтамасыз  ететін  демалу  және  жүрек-қантамыр  жүйесінің  функцияларына 
тікелей байланыстылығын атап көрсетті. 
Баяу және тез типтердегі талшықтардың пайыздық қатынасы бұлшықет талшықтарының өлшемде-
рінің динамикалық өзгеруіне әсер етуі мүмкін. Бұлшықеттегі II типті талшықтардың мөлшері кем болған 
сайын, сол талшықтардың өлшемі де көп болады. Əдетте, көлемі 80-85% құрайтын миофибриллдердің өсуі 
есебінен  бұлшықет  талшықтарының  гипертрофиясы  артады.  Миофибриллдердің  көлемінің  артуы 
интенсификация  процесіндегі  белоктың  ыдырауымен  қатар  және  оның  ыдырауының  ингибирленуімен 
болады. I типтегі бұлшықет талшықтарының гипертрофиясы протеолитикалық процестердің ингибирлену 
жолымен болса, II типтегі қысқарту белоктарының ыдырауы процесінің күшеюі есебінен болады.
 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
210 
Кез келген дене қалыптасуының типі ұлпалардың даму ерекшелігінің дәрежесіне қарай үшке бөлініп 
сипатталады.  Эмбриондағы  жапырақшалардың  үш  туындысына  сәйкес  және  олардың  өзара  ерекше 
дамуына байланысты, автор, адамның тұлға қалыптасуын үш негізгі типке бөлді: 
Дене  формасының  домалақ,  ішінің  шығыңқы,  қол  және  аяқтарының  жұмсақ,  иықтары  мен  санда-
рындағы  майлы  қабаттарының  айқындығы,  қол  және  аяқ  дистальді  бөліктерінің  жіңішкелігі;  дененің 
көлденең өлшемінен дененің алғы-артқы өлшемдері, соның ішінде кеуде қуысы мен жамбас өлшемдері 
асып түседі – бұл эндоморф. 
Бірақ, бұл конституциялық типтер таза айқындалған түрде сирек кездеседі, әрбір индивидте аталған 
үш  типтің  азғана  конституция  компоненттері  кездеседі.  Сондықтан  әрбір  компонент  бөлек  жеті  балды 
жүйемен бағаланады: 1 балл ‒ өте әлсіз типі, 2 – әлжуаз, 3 – ортадан төмен, 4 – орта, 5 – ортадан жоғары, 6 
– мықты, 7 ‒ өте мықты. Бағалаудың жиынтығы (тоғыздан төмен емес және он екіден жоғары емес) үш 
қатарлы санмен белгіленеді. Бірінші саны эндоморфты типтің элементтерін сипаттайды. 
Сонымен айта кету керек, аталған әдістер күшті жаттықтыру  теориясы мен практикасында кеңінен 
тараған. Бірақ, ғылыми тұрғыдан қарасақ, аталған әдістер күш және бұлшықет салмағын арттыру үшін 
дәлдіктен  алшақтау.  Мысалы  үшін,  максимальді,  изометриялық,  изокинетикалық  күш  салу  әдістері 
жаттығуды қайталай орындау
 әдісінің класына жатады [4].  
1.  Максимальді  күш  салу  әдісі. 
Бұл  субмаксимальді,  максимальді  және  супермаксимальді  ауыр-
лықтармен жаттығуларды орындау негізінде жүзеге асады. Əдістің практикалық қолданылуында бірнеше 
әдістемелік амалдар белгілі: 
а) «Максимальді» ‒ жаттығу максимальді мүмкіндігі жететін ауырлықпен орындалады, яғни ауырлық 
салмағы  100%-ке  тең.  Жаттығу  1  –  2  рет  қайталау  санымен.  Жақындаулар  (подходы)  саны  2  –  5  рет, 
олардың арасындағы демалыс орындалады. 
ә) «Субмаксимальді» ‒ жаттығу ауырлық салмағының максимальдіге жуық 90 ‒ 95%-мен орындалады, 
қайталау саны 2 – 3 рет. Жақындаулар саны 4 – 5 рет, олардың арасындағы демалыс 3 – 5 минут. Жаттығуды 
орындаудағы қозғалыс ырғағы (темп) еркін түрде орындалады. 
2. Изометриялық күш салу.
 XX ғасырдың басында атақты орыстың күш иегері, атлет А. Засс (Самсон) 
өзінің тәжірибесінің арқасында осы әдісті практика жүзінде қолданды. Бұл әдістің мағынасы бұлшықет 
қалпының тоникалық (статикалық күй) күйімен сипатталады, осы кезде денеде қозғалу болмайды. 
Циклдардағы  изометриялық  жаттығулар  буындардың  бұрыштарының  белгілі  бір  қалыптарында 
немесе мөлшерлерінде тиімді қолданылады. Изометриялық жаттығуларды максимальді күш жұмсаудың 
пайда болу сәттерінде келістіріп қолдану мақсатты болады. 
Сонымен  қатар,  изометриялық  жаттығулар  статистикалық  элементі  арнайы  жаттығуларда 
мазмұндалатын  спорт  түрлерінде  тиімді.  Мысалы,  күрестің  барлық  түрлерінде  көптеген  қозғалыстар 
статистикалық қуаттылықпен байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет