Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Key words:  student, physical activity, hypokinesia, blood, erythrocyte, hemoglobin, leukocyte, platelet



Pdf көрінісі
бет591/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Key words: 
student, physical activity, hypokinesia, blood, erythrocyte, hemoglobin, leukocyte, platelet. 
 
Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы  Н.Ə.  Назарбаев  «Қазақстан  білім  қоғамы  жолында» 
тақырыбында Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзінде “ХХІ ғасырда қазақстандық-
тар ұзақ жасаушылар Ұлты болуы тиіс. Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек. 
Мен  сіздерді  және  барлық  студенттерді  зиянды  әдеттерден  бас  тартуға  шақырамын,  спортпен  айна-
лысыңыздар, саламатты өмір салтын ұстаныңыздар” ‒ деп студент жастарды жоғары білім алу барысында 
дене шынықтырумен және спортпен шұғылданып, дене белсенділігін арттыруға шақырған болатын [1]. 
Соңғы жылдары еліміздің оқу орындарында білім алушы жастардың денсаулығын нығайту және дене 
еңбегі  мен  ақыл-ой  жұмысына  қабілеттілігін  арттыру  аса  маңызды  әлеуметтік-медициналық  мәселеге 
айналып  отыр.  Себебі,  жоғары  білім  беру  саласында  жаңа  инновациялық  технологиялардың  енгізілуі, 
болашақ  маманның  игеруіне  қажетті  ғылым-білім  мәліметтерінің  күрделіленуі,  оқу-тәрбие  үрдістерінің 
жоғары қарқындылығы және психо-эмоционалдық жүктеменің артуы өскелең жас организмге теріс әсер 
етуде.  Сонымен  қатар,  қазіргі  студент  жастардың  басым  көпшілігінің  өмір  сүру  салтында  аз  қимыл 
белсенділігі кеңінен тарағандығы педагогтар мен дәрігер-мамандарды қатты алаңдатып отыр [2,3]. Дене 
белсенділігінің жеткіліксіздігі ағзада теріс функциональдық және морфологиялық өзгерістердің дамуына, 
адамның ақыл-ой және денелік жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соғады [4]. Осындай жағдайда 
студент жастардың денсаулығын сақтап,  нығайту  мен жоғары кәсіби білім  берудің тиімділігін арттыру 
үшін дене белсенділігінің деңгейін жоғарылату қажет. 
Осы тұрғыда ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасында 
«Дене  белсенділігі  ұлт  саламаттылығының  бастау  көзі  ретінде  қаралады.  Саламатты  ұлт  қалыптастыру 
түсінігіне қимыл-қозғалыс белсенділігі мен спортпен жүйелі шұғылдануды ынталандыру, сондай-ақ, ең 
маңыздысы қимыл-қозғалыс белсенділігі болып табылатын шаралар мен ауқымды кешендер кіреді», ‒ деп 
көрсетілген [5]. 
Жалпы,  жеткілікті  деңгейдегі  дене  белсенділігі  қаңқа  бұлшықеттерін,  жүрек  бұлшықетін,  қан 
тамырлары мен тыныс алу жүйесін және т.б. ағзадағы көптеген функцияларды жеңілдететін және жүйке 
жүйесіне жақсы әсер ететін мүшелерді дамытып қана қоймай, оларды берік етеді [6,7]. Сонымен бірге, дене 
жаттығуларының тағы бір маңыздылығы – сыртқы ортаның әр түрлі жағымсыз факторларының әсерлеріне 
ағзаның төзімділігін жоғарылатады.  
Ал, керісінше қозғалыс белсенділігі жеткіліксіздігінен гиподинамия дамып, бұлшықеттерде атрофия-
лық өзгерістер, жүрек-қантамырлары жүйесінің функционалды мүмкіндіктерінің азаюы, ортостатикалық 
тұрақтылықтың  төмендеуі,  су-тұз  балансының  өзгеруі,  сүйектің  минералдануы  және  т.б.  ауытқулар 
байқалады [8]. Гипокинезия жағдайында өткізілген эксперименттер қан айналымындағы плазманың көлемі 
азайып, қанда гемоглобиннің мөлшері төмендеп, эритроциттер санының азаятындығын, лимфоциттер мен 
нейтрофилдердің арақатынасы өзгеретіндігін көрсетті [9].
 
Алайда,  осы  уақытқа  дейін  күнделікті  дене  белсенділігі  төмен  білім  алушы  жастар  ағзасының  қан 
жүйесіндегі  өзгерістерді  зерттеуге  жеткіліксіз  көңіл  бөлінгендіктен,  біздің  жұмысымыздың  мақсаты  – 
педагогикалық жоғары оқу орнында білім алушы студенттердің гематологиялық көрсеткіштерін анықтап, 
дене белсенділігі деңгейіне байланысты талдау жасау болды. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
296 
Зерттеу  жұмысы  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінде  оқитын  115  ерікті 
студенттің  қатысуымен  жүргізілді.  Студент  жастардан  алынған  қан  сынамаларын  тереңірек  талдау 
мақсатында  қан  көрсеткіштері  кешенін  анықтау  үшін  жүргізілген  зерттеулер  «Sysmex  XT-2000i»  гема-
тологиялық  анализаторында  орындалды.  Бұл  құралда  қан  көрсеткіштерін  анықтау  гидродинамикалық, 
ағымдық цитометрия және SLS-гемоглобин әдістеріне негізделген.  
Біздің зерттеу жұмыстарымызбен қамтылған студенттерден  алынған қан сынамаларында төмендегі 
гематологиялық көрсеткіштер анықталды: 
1. RBC (red blood count) ‒ қызыл қан жасушалары,10^6/µL бойынша анықталады; 
2. HGB(hemoglobin) ‒ гемоглобин, g/dL бірлігімен өлшенеді; 
3. HCT (hematocrit) ‒ гематокрит, % бірлікте өлшенеді; 
4. RET – ретикулоциттер, % немесе 10^6/uL бойынша өлшенеді; 
5. WBC (white blood cells) – лейкоциттер,10^3/µL; 
6. NEUT ‒ нейтрофил жасушалары,10^3/uL немесе % бойынша өлшенеді; 
7. LYMPH – лимфоциттер, 10^3/uL немесе% бойынша өлшенеді; 
8. MONO ‒ моноциттер, 10^3/uL немесе% бойынша өлшенеді; 
9. ЕО ‒ эозинофильді жасушалар, 10^3/uL немесе% бойынша өлшенеді; 
10. BASO ‒ базофильді жасушалар, 10^3/uL немесе % бойынша өлшенеді; 
11. PLT (platelet) – тромбоциттер, 10^3/µL өлшенеді. 
Зерттеулер барысында жинақталған нәтижелерді статистикалық өңдеу Microsoft Excel бағдарламасын 
пайдалана  отырып  PC  Pentium  дербес  компьютерінде  орындалды.  Статистикалық  талдау  барысында 
орташа  арифметикалық  параметрлер,  орташа  квадраттық  ауытқу  және  орташа  арифметикалық  қателік 
көрсеткіштері  есептелді.  Салыстырмалы  көрсеткіштердің  арасындағы  айырмашылықтың  нақтылығы 
Стьюдент өлшемінің (t) көмегімен анықталды. 
Зерттеу жұмысымыздың мақсатына сай студенттердің гематологиялық көрсеткіштерін дене белсен-
ділігінің деңгейіне сәйкес талдадық. Ол үшін тексерілген студенттерді 2 топқа бөлдік:  
I топ – бұл топтағы студенттердің қимыл белсенділіктері шартты «төменгі» деңгейде, яғни күнделікті 
оқу және тұрмыс жағдайында орындалатын қимыл-қозғалыс түрлерімен шектеледі, студент дене тәрбиесі 
сабағына жүйелі түрде қатыспайды, өз бетімен дене шынықтырумен немесе спортпен айналыспайды. 
II  топ  –  қимыл  белсенділіктері  шартты  «жоғары»  деңгейде,  яғни  студент  белсенді  өмір  салтын 
ұстануымен сипатталады,  оқу және күнделікті  тұрмыс жағдайында қажетті қимыл-қозғалыс  түрлерінен 
басқа  дене  тәрбиесі  сабағына  жүйелі  түрде  қатысып,  дене  шынықтырумен  және  спорттың  бір  түрімен 
шұғылданады. 
Төмендегі 1-кестеде келтірілген мәліметтерден дене белсенділігі шартты жоғары студенттер тобында 
эритроциттердің  жас  түрлерінің  –  ретикулоциттердің  санының  үлесінің  аз  қозғалысты  өмір  салтын 
ұстанатын студенттер тобымен салыстырғанда көптеу екендігін көруге болады (сәйкес 0,86% және 0,70%).  
Екі  топ  арасында  эритроциттер  саны,  гемоглобиннің  мөлшері  және  гематокрит  көрсеткіштерінде 
статистикалық тұрғыдан нақты айырмашылық байқалмады (p>0,05). 
Жетілмеген ретикулоциттер (IRF) көрсеткіші бойынша дене белсенділігі жоғары студенттер бірінші 
топ студенттерінен 2,44 есеге артық нәтижелер көрсетті (p<0,01). 
Сонымен  біздің  салыстырмалы  талдауымыздың  нәтижелері  дене  белсенділігі  төмен  студенттердің 
қанында жас эритроциттер мен ретикулоциттердің азая бастағанын көрсетті. Бұл құбылысты организмдегі 
«эритропоэздің  бейімделген  тежелуі»  деп  атайды,  яғни  эритроциттердің  жасалу  үрдісі  қимыл 
белсенділігінің азаюына сәйкес деңгейде жүре бастайды.  
Студенттердің  дене  белсенділігі  деңгейіне  байланысты  өзгерістер  ақ  қан  жасушалары  – 
лейкоциттердің көрсеткіштерінде де анықталды (2-кесте).  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет