Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет62/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Қорытынды
Қорыта айтсақ, Отанды фашистерден азат етуге аттанған қазақстандық спортшылар 
зерттеуді қажет ететін тың тақырып. Қазақстандықтардың соғыс жылдары жеңіс үшін қосқан үлесі мен 
ерлігі  жан-жақты  ашылған  жоқ  деп  ойлаймын.  Халықтық  ерлікті  асқақтата  айтып,  соғыс 
ардагерлерінің  іс-әрекеттерін  ақиқат  тұрғысынан  талдап,  жастар  санасына  жеткізу  өз  алдына  жеке 
проблема.  Ешқашан  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің  ерен  ерліктері 
ұмытылмайды.
 
Бүгінгі  біздің  азаматтық  міндетіміз  ‒  болашақ  ұрпақты  Отанын  сүюге,  елінің,  жерінің  адал 
патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Үстіміздегі 2020 жыл  Қазақстанда ‒ Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, еске алу және даңқ жылы деп 
белгіленді. Құптарлық іс.  
Адам баласының тарихында ғасырлар бойы өшпейтін, ұмтылмайтын оқиғалар бар. Осындай мәңгі 
өшпес  оқиғалардың  қатарына  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңісі  жатады.  Жеңіс  күні  ‒  миллиондаған 
Кеңес адамдарының жүрегінен орын алған ең жарқын мереке. 
Қанша  жылдар  өтсе  де,  дүмпуі  дүниені  дүр  сілкіндірген  Ұлы  Отан  соғысының  қасіреті 
баршамыздың жүрегімізде. Өйткені, «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, 
ауыздықпен  су  ішкен»  ауыр  сын  кезеңде  біздің  миллиондаған  жерлестеріміз  кешегі  ортақ 
Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа 
тосты. Тіпті, хабар-ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйінде қалғандары да аз емес. Қанды 
қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет