Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет412/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Зерттеу нәтижелері.
 Бастапқы кезеңдерде тар ерекшелікті әсерлерді қолдануға деген теріс қатынас 
себептерінің  бірі  бейімделудің  даму  заңдылықтарында  жатыр.  Біліктіліктің  өсуі  жаттыққандықтың  да 
артуын, яғни, анағұрлым маңызды әсерлерге бейімделуді білдіреді. Егер спортшы дайындықтың бастапқы 
кезеңдерінде жоғары спорттық шеберлікке тән әсер етулерге үйренсе, оған кейінгі кезеңдерде бейімделу 
деңгейін одан әрі арттыруға қол жеткізу қиын болады. Бастапқы кезеңдерде жұмыс қабілеттілігінің жалпы 
деңгейін көтеріп, тар ерекшелікті жарыс қызметінің де көрсеткіштер деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін 
арнайы емес жұмыстың үлкен көлемін қолданған ұтымдырақ болады (кем дегенде, адам ағзасының даму 
заңдылықтары  туралы  қазіргі  заманғы  түсініктер  тұрғысынан).  Жаттыққандықтың  өсуімен  жаттығу 
құралдарының  көптүрлілігі  жалпы  әсер  ететін  көптеген  құралдардан  біртіндеп  бас  тартудың  есебінен 
азаяды. 
Дене дайындығының міндеттерін шешу үшін қосымша ерекше емес әдістерді қолдану ұсынылады. 
Мысалы, дене және идеомоторлық жаттығудың оңтайлы үйлесімі бір дене жаттығуынан гөрі үлкен нәтиже 
береді.  Спорттық  жаттығулар  заңдылықтарының  негізінде  ұйымдастырылған  жаттығу  үдерісінде  жеке 
ерекшеліктерді қарастыру дайындықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, жас боксшыларда жеке 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
212 
мәнерді қалыптастыруға көмектеседі. Және керісінше, білікті боксшылардың боксты жүргізу мәнері дене 
дайындығының ерекшеліктерін анықтайды. 
Күш қабілеттерін дамыту адамның кез келген қозғалысы күштің көрініс табуымен байланысты, бірақ 
оның  көріну  тәсілдері  әр  түрлі  және  күш  қабілеттерінің  нақты  түріне  тәуелді.  Бокста  күш  әртүрлі 
қозғалыстар  мен  қалыптарда  жеке  бұлшықет  топтарының  динамикалық  және  статикалық  күштерін 
білдіреді.  Сонымен  қатар  күш  қуатпен  –  күш  салулардың  дамуының  бірдей  емес  режимімен  (мысалы, 
жарылыстық  сипаттағы),  сондай-ақ,  күштің  төзімділігімен  ‒  жүктеменің  күштік  компоненттерімен 
туындайтын  шаршауға  қарсы  тұру  қабілетімен  сипатталады.  Бәлкім,  күш  төзімділігін  дербес  күштік, 
статикалық, жылдамдықты-күштік, сондай-ақ күштің біріккен көріністеріне деген төзімділік деп бөлуге 
болады.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  мұндай  нақтылау  спорт  тәжірибесінде  ғылыми  әзірлемелерді 
пайдаланудың тиімділігін арттыруға көмектеседі. 
Күш  қасиеттерін  тәрбиелегенде  максималды  және  жылдам,  изометриялық  және  динамикалық 
күштерді  көрсете  алу  қабілеттері  өзара  өте  күрделі  байланысқан  екендігін  ескеру  қажет.  Бір  жағынан, 
олардың  арасында  олардың  салыстырмалы  тұтастығын  көрсететін  белгілі  бір  корреляция  байқалады, 
сонымен  қатар,  кейбір  басқа  жағдайларда  бұл  көрсеткіштердің  арасында  елеулі  айырмашылықтар 
болатындығы туралы фактілер де бар. Сондай-ақ, ерікті күш пен бұлшықеттердің жергілікті төзімділігінің 
көрсеткіштері  арасында  да  күрделі  байланыс  байқалады.  Бірдей  бұлшықет  топтарының  максималды 
өнімділік  күші  мен  статикалық  төзімділігі  тікелей  тәуелділікпен  байланысады:  бұлшықеттердің  күші 
неғұрлым  көп  болса,  таңдалған  күш  салуды  соғұрлым  ұзақ  ұстап  тұра  аласыз  (абсолютті  жергілікті 
статикалық төзімділік көбірек). Алайда, салыстырмалы түрде теңдей бұлшықет күш-жігерін ұстап тұрғанда 
(мысалы,  олардың  максималды  ерікті  күшінің  60%-ы)  орташа  жұмыс  уақыты  шамамен  бірдей  болады. 
Максималды  ерікті  күш  пен  динамикалық  төзімділіктің  көрсеткіштері  арасында  тікелей  байланыс 
анықталмады. 
Күш  қабілеттерін  тәрбиелеудің  негізгі  құралдары  ‒  күштік  жаттығулар.  Оларды  орындау  кезіндегі 
бұлшықет қысымдары жарыс талаптарға жиірек сай келеді немесе олардан біраз асады. Тым аз сыртқы 
қарсыласу  жүйке-бұлшықет  аппараты  қызметін  жеткілікті  деңгейде  шоғырландыра  алмайды.  Аз 
қысымдарды  пайдалану  кейбір  жеке  міндеттерді  шешуде,  сондай-ақ  жаңадан  бастаған  спортшылармен 
(әсіресе  жастармен)  жұмыс  істеуде  ақталған  (және  мақсатқа  сай)  болуы  мүмкін.  Жаттыққандық  өскен 
сайын бұлшықет күшінің одан әрі дамуы тітіркендіргіш шамасының біршама өсуін талап етеді. 
Егер  бастапқы  жаттығу  кезінде  күштік  дайындық  құралдарының  көпшілігі  күш  қабілеттері 
құрылымының  көптеген  құраушыларына  оң  әсер  етсе,  біліктіліктің  өсуімен  жағдай  өзгереді:  жарыс 
қызметінің  ерекшеліктеріне  бағытталу  қажет  болады.  Арнайы  күштік  дайындық  құралдарының  жарыс 
жаттығуларындағы күштің көрінуіне қойылатын талаптарға сәйкес келуін келесі критерийлер бойынша 
бағалайды: қозғалыс амплитудасы және бағыттылығы; динамикалық күш салудың шамасы; барынша күш 
салудың жылдамдығын дамыту; бұлшықет жұмысының режимі. 
Техникалық  шеберлікті  арттыруға  күш  дайындығы  көмектесуі  үшін,  ең  алдымен,  балуан  өз 
арсеналындағы әдістерді орындау үшін қажетті бұлшықет топтарын дамытуы керек. Сонымен қатар, әр 
түрлі  бұлшықет  топтарының  күштік  қатынасы  оңтайлы  шектерде  болуы  керек,  әйтпесе  техникалық 
әрекеттер құрылымы бұрмаланады. 
Білікті боксшыларды даярлау барысында серіктеспен жасалатын күштік жаттығуларға маңызды орын 
бөлінуі керек, бұл тек күшті тиімді дамытып қана қоймай, сонымен қатар жеке техникалық элементтерді 
жақсартуға  мүмкіндік  береді.  Күш  дайындығы  мәселелерін  шешудегі  жаттығу  әдістері  құрылымның 
белгіленген  компоненттерін  арттыру  міндетімен  анықталады.  Егер  төменгі  разряд  деңгейінде  күш  пен 
бұлшықет массасының қатар өсуіне, әдетте, теріс баға берілмесе, онда біліктілікті арттыру шамасына қарай 
бұлшықеттердің айтарлықтай өсуімен байланысты емес әдістерге артықшылық беріледі. Бұл бұлшықет пен 
бұлшықет  ішілік  үйлесімді  қамтамасыз  ететін  шартты-рефлекстік  байланыстардың  қалыптасуы  кезінде 
мүмкін болады. 
Абсолютті күштің айтарлықтай өсуіне азайту режимінде жаттығу арқылы қол жеткізуге болады. Үлкен 
жүктемелерден бастап (максимум 120-140% дейін), кейіннен оларды бірте-бірте азайтады. Изометриялық 
әдіс  бірқатар  артықшылықтарға  ие.  Мысалы,  спорттық  техниканың  негізгі  элементтерінің  ең  дәл 
кинестетикалық  сезімдерін  көрсететін  позициялардағы  жеке  және  іс  жүзінде  кез  келген  бұлшықет 
топтарына қажетті ұзақтықта жергілікті әсер ету күш қабілеттерін арттырумен қатар техниканың маңызды 
параметрлерін жетілдіріп, кемшіліктерді жоюға көмектеседі. Статикалық жаттығуларды қолдану арқылы 
жаттығу сонымен қатар назарды шоғырландыру қабілетін де дамытады. 
Жарылыс  күші  күш  пен  жылдамдық  компоненттерімен  анықталады.  Оны  нығайту  үшін  қысқа 
мерзімді максималды күш салу әдістері, қайталану саны 3-5 болатын шеңберлі және қайталанатын әдістер 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
213 
ұсынылады.  Қайталанатын  әдісті  пайдалану  кезіндегі  сыртқы  қарсыласудың  мәні  айтарлықтай  шекте 
өзгереді, мысалы, 20-40% және т.б. 
Абсолютті күшті дамыту кезіндегі сияқты, жарылыс күшін жетілдіру кезінде де бұлшықет ішілік және 
бұлшықет  аралық  үйлесімдер  өте  маңызды.  Білікті  боксшылардың  жарылыс  күшін  дамытуға  арналған 
құралдар  мен  әдістерді  іріктеудің  басты  критерийі  ‒  жаттығулардың  кеңістіктік  және  динамикалық 
құрылымдарының  жарыс  қызметінің  талаптарына  сәйкес  келуі.  «Екпінді»  типтегі  жаттығуларды 
пайдалану жоғары нәтиже береді, оларды орындау жүктелген бұлшықеттің алдын ала созылуымен және 
кейінгі  шоғырланған  жарылысымен  байланысты.  Бұлшықет  жұмыстарының  әртүрлі  режимдерінің 
комбинациясы күш көрсеткіштерінің өсу қарқынына оң әсер етеді. 
Күш  төзімділігі  кардиореспираторлық  жүйенің  функционалдық  мүмкіндіктерімен,  жұмысшы 
бұлшықеттердің оттегін тиімді пайдалану қабілетімен, ағзаның гликолиз арқылы энергия алу қабілетімен, 
шаршау  сезімдерін  жеңуге  деген  психологиялық  тұрақтылықпен  анықталады.  Күштік  жаттығулар  бұл 
компоненттерді  дамытып  қана  қоймай,  спортшының  тиісті  жұмысты  жүзеге  асыруға  деген  қабілетін 
арттырады. 
Соңғы  жылдарда  күшті  дамытудың  дәстүрлі  емес  әдістері  ретінде  электростимуляция,  немесе 
қосымша жасалған афференттік ықпалдар әдісі кеңінен таралған. Бұл әдісті қолдану дәстүрлі тәсілдерді 
қолдану  арқылы  жаттығу  кезіндегіге  қарағанда  орта  және  жоғары  білікті  боксшылардың  күшінің 
айтарлықтай  өсуіне  мүмкіндік  береді.  Қосымша  афференттік  ықпалдар  әдісі  әдеттегі  құралдардың 
тиімділігі  аз  болған  кезде  жоғары  білікті  боксшыларды  даярлауға  жарамды.  Арнайы  жаттығуларға 
артықшылық  беріледі.  Күштік  жаттығулар  міндетті  түрде  басқа  дене  қасиеттерінің  дамуымен  ‒ 
жылдамдық, икемділік, ептілік – үйлесім табуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет