Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет575/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   571   572   573   574   575   576   577   578   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
оксисайз
.  Бұл  жаттығулар  іш  бұлшық  еттерімен 
жүргізіледі. Тыныс алудағы оксисайз әдісін америкалық Джилл Р. Джонсон ойлап шығарған. Бастапқыда 
Джилл  Р.  Джонсон  арықтаудың  жолын  іздеп  осы  тыныс  алу  жаттығуларын  үзбей  күнделікті  орындау 
арқылы нәтижеге қол жеткізген. Уақыт өте бұл жаттығуларды түрлі ауру түрлерінде қолдануға болады 
деген  дәрігерлердің  шешімі  бар.  Біздің  жағдайда  бұл  тыныс  алу  жаттығуын  демікпе  сиаяқты  тыныс 
жолдарында болатын ентігу кездерінде қолдануға болады. Қалыпты жағдайда дені сау адамның өзі дұрыс 
тыныс алмайды. Біз өкпеміздің тек қана 20%-ын ғана тыныс алуда жұмыс жасатқызамыз, ал негізінде өкпе 
100%-ға жұмыс жасауы керек. Міне осы үшін де оксисайз әдісі науқасты емдеу үшін сау адамды сауықтыру 
үшін таптырмас жаттығулар әдісі. 
Оксисайз  жаттығулары  үшін  арнайы  құрал-жабдықтар  немесе  арнайы  орынның  қажеті  жоқ.  Бұл 
жаттығумен отырып та, тұрып та, жатып та, тіпті көшеде жүріп те айналысуға болады. Бұл жаттығулар жас 
немесе  жыныс  таңдамайды,  жасы  да,  қарты  да  жасай  берсе  болады.  Ең  бастысы  өкпені  жұмыс  істету. 
Орындалу күрделілігіне қарай жаттығулар екіге бөлінеді:  
  1. Стандартты (өз ағзасын ширықтыру үшін немесе артық салмақтан арылу үшін дені сау адамдарға 
тағайындалады); 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
289 
  2. Жеңіл (науқастарға жәні қарт адамдарға арналған). 
Бұл жаттығулар ғылыми тұрғыда толық зерттеліп біткен жоқ, ол дәрігерлермен қарастырылу үстінде. 
Алайда дәрігерлер дұрыс тыныс алу қан айналымын реттеп, қуат көзімен жұмысқа қабілеттілікті арттырып, 
зат алмасу қызметін жақсартып ағзаға йога немесе  пилатес секілді  тыныштандыру әсерін береді  [6, 7]. 
Оксисайз жаттығуларында тынысты тоқтатып ұстатып тұру деген түсінік жоқ, керісінше көкетпен тұрақты 
түрде дем алуды қарастырады. Оксисайз жаттығулары баяу қарқынмен жеңіл орындалуы тиіс. Оксисайз 
жаттығуларын нұсқаушының қадағалауынсыз орындауға болмайды. Егерде науқас тынысты дұрыс алмай 
немесе дұрыс сыртқа шығармаса, өкпеде ауа айналымы дұрыс болмай тыныстың тарылуы пайда болуы 
мүмкін.  
Жаттығулардың орындалу әдісі бодифлекстегідей күнделікті 20-30 минуттық жаттығуларды ұсынады. 
Алайда аптасына екі немесе үш сағаттық жаттығулар айтарлықтай нәтиже көрсете алады. Жаттығулар аш 
қарынға  жүргізілу  керек,  тамақ  ішкеннен  кейін  үш-төрт  сағат  өтпей  жаттығуды  бастауға  болмайды. 
Керісінше болған жағдайда, жаттығулар барысында іш бұлшық еттері тыныс алу жаттығуларын орындау 
кезінде асқазанмен ішектерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл өз кезегінде жүрек айнуға және тағы да басқа 
жайсыз сезімдерге алып келуі мүмкін. Жақсы нәтиже алу үшін тыныс алу жаттығуларымен қатар дене 
жаттығуларын да үйлестіру керек.  
Тыныс алу жаттығуларының ішіндегі келесі тиімді әдіс – Стрельникованың тыныс алу жаттығулары. 
Қолданыста  жүргеніне  30-40  жылдан  асты,  бастапқыда  дауысты  қайта  қалпына  келтіру  үшін  ойлап 
табылған. Ресми түрде 1972 жылы осы жаттығудың авторы А.Н. Стрельниковаға емдік әдіс ретінде арнайы 
куәлік беріліп патент алынған.  
Аталған жаттығуда тыныс алу мүшелері адамның 4 мүмкіндігіне жауап береді деп қарастырады. Олар 
тыныс  алу,  сөйлеу,  айқайлау  және  ән  айту.  Арасындағы  ең  күрделісі  ән  айту.  Яғни,  бұл  тыныс  алу 
жаттығулары  ән  айтуды  қалыпқа  келтіре  алса,  онда  басқа  мүмкіндіктерде  кездесетін  ауытқуларға 
жаттығулар  өте  жақсы  әсер  ете  алады  деген  сөз.  Бұл  ұйғарым  тәжірибе  жүзінде  сынақтан  өткен. 
Нәтижесінде Стрельникованың оқушысы әрі ілімді жалғастырушысы Михаил Щеткин өзін ұзақ жылдар 
бойы мазалап келген демікпеден айығып шыққаны туралы мәліметтер келтіріледі [8]. 
Бұл жаттығу орындалу техникасына қарай шын мәнінде керемет нәтижелер көрсетеді. 

 
Дем  алу  –  гимнастикалық  жаттығуларды  орындау  барысында  жаттығудың  кеуде  бұлшық  етіне 
әсерінің шарықтау шегіне жеткенде мұрынмен қысқа, жылдам, шулы дем алады (2 секунд ішінде 3 рет дем 
алу) 

 
Демді шығару – ауыз арқылы дұрыс тыныс шығару керек. Демді шығару баяу жүреді, дәлірек айтсақ 
демді шығаруды қадағаламау керек: яғни, ағза артық ауаны өзі шығарып тастайды деген түсінік бар.  
Жаттығулар барысында барлық дене бөліктері жұмыс істейді, бұл өз кезегінде ағзаның жалпы, айқын 
физиологиялық  реакциясын  оятып  оттегіге  деген  сұранысты  арттырады.  Төменде  орындалу  техникасы 
көрсетілген. 

 
Барлық  жаттығулар  тыныс  алумен  қатар  жүреді.  Бұл  тіндердегі  тыныс  алуды  күшейтеді  және 
ағзадағы барлық тіндердің оттегін сіңіруін жақсартады. Осы арқылы барлық зат алмасу процестерін іске 
қосады. 

 
Ерекше тыныс алу мұрында орналасқан шырышты қабаттың рецепторларының қозуын тудырады. 
Рецепторлы  алаң  мұрын  қуысымен  басқа  ағзалардың  арасында  рефлекторлық  байланысты  қамтамасыз 
етеді. Бұл өз кезегінде жаттығулардан барынша пайда алуға септігін тигізеді, осы арқылы түрлі ауруларда 
бұл  жаттығулар  кешенін  нәтижелі  түрде  қолдануға  болады.  Тыныс  алғанда  ауаны  бронхылардың  ең 
тереңіне  жинайды,  осы  арқылы  өкпе  ауаға  толады.  Өкпенің  тіршілік  сыйымдылығы  бірінші  жаттығу 
сабағынан кейін-ақ 0,1-0,3 л ұлғаяды. Қан құрамындағы газдың мөлшерін тұрақтандырады. Тыныс алумен 
қатар  орындалатын  жаттығулар  көкетті  толық  іске  қосады.  Көкет  тыныс  алуда  және  дыбыс  шығаруға 
атсалысатын ең күшті бұлшық ет болып табылады. Жаттығулар өз кезегінде ішкі мүшелерге көкет арқылы 
массаж  сияқты  әсер  береді.  Жаттығулар  барысында  ағзаның  қызметін  басқарып  отырушы  бас  миын 
оттегімен қамтамасыз етеді. Көп көлемді қайталау (60 минтта 1-5 мың тыныс алу қимылдары), тұрақты 
күнделікті жаттығу (тәулігіне екі рет: таңертең және кешке) 12-15 сабақтан кейін тыныс бұлшық еттерін 
қатайтуға,  тыныс  алу  қызметін  қалыптастыруға,  кеуде  бұлшық  еттерінің  жасушаларын  нығайтуға, 
омыртқаның деформациясының алдын алуға кепілдік береді [9, 10].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   571   572   573   574   575   576   577   578   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет