Зерттеудің өзектілігі. Төзімділік ‒ спорттың көп түрінде ең маңызды қабілет болып табылады.
Қазіргі футболда арнайы төзімділік – футболшының дайындығының құрамының ең негізгі бөлімі.
Себебі техникалық және тактикалық шебірліктері бірдей болған себептен спортшы төзімділігінің
нәтижесінде жеңіске жетуі мүмкін. Бірақ соңғы кезде футболда ең маңыздысы техника және
шапшаңдық деген көзқарас бар. Бұл көзқарастың қате екенін дәлелдеуге болады, футбол сияқты спорт
түрінде дене қабілеттің барлық түрін дамыту қажет, бірақ жақында футбол саласының мамандары
(және футболшылар): арнайы төзімділікке жоғары дене қабілеті ретінде қарау керек екенін анықтады
[1].
Қазіргі футбол футболшыдан жоғары деңгейдегі төзімділікті талап етеді. Жаттығу жүктемелерінің
көлемдері қазір өте жоғары деңгейге жетті, одан жоғары өсуі адамның адаптациялық мүмкіншілік-
терінен асып түседі және әлеуметтік факторлар арқылы лимиттенеді. Осыған байланысты жатты-
ғулардың бастапқы уақытында футболшылардың төзімділігінің даму мәселесі өседі [2].
Төзімділік мәселесі спортта ең маңызды болып табылады. Əдетте төзімділікті жұмысқа бейімділік,
шаршамай еңбек ету деп біледі. Төзімділік жұмыс барысындағы қажетті болатын күшпен белгіленген
уақытқа дейін шаршағанша еңбек етудің ұзақтығы ретінде анықталуы мүмкін. Ол шаршаған кездегі
жұмыс жылдамдығының азаюы арқылы белгіленеді. Төзімділіктің жалпы көрсеткіші шегіне жеткенше
орындайтын жұмыс уақытының мөлшері болуы мүмкін.
Ойыншы ойының барысында арнайы ойындық әрекеттер орындайды, оның сапасы спортшының
шаршау дәрежесіне байланысты. Футболшының төзімділігінің деңгейі жоғары болған сайын ол ойын
барысында қатені аз жібереді. Жаттығу кезеңінде әр футболшыға өзіне тән ерекше жаттығулар
беріледі.
Мақсаты: жылдық циклде футболшы студенттердің арнайы төзімділігінің даму деңгейін анықтау
болып табылады.